2020 жылғы Моңғолия Парламенті сайлауының нәтижелері жарияланып, жақын арада парламенттің жаңа мүшелері ант береді.
Парламент туралы заңда көрсетілгендей бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгий аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады.
Ол 1954 жылы туылған және жаңа парламенттің ең қарт мүшесі атанып отыр.
2020 жылғы Парламент сайлауында Баян-Өлгий аймағынан Бәделхан Қабдісіләмұлы, Әубәкір Тілеуханұлы, Бейсен Бұланұлы сайланған.