Моңғолияда
Бәделхан Қабдісіләмұлы: Баян-Өлгий аймағының Парламенттегі 3 мандаты сақталуы керек
Published
5 years agoon
Улаанбаатар – /KAZNEWS/. 2019 жылдың 14 қарашасында Моңғолия Парламенті 1992 жылы бекітілген Моңғолия Конституциясына қосымша өзгертулер еңгізу туралы заң қабылдады. Осы сәтте Моңғолия Парламентінің депутаты, Құрылыс, қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы Баян-Өлгий аймағының азаматтарының сайлау, сайлану жөнінде сауал қойып, жауап беруін өтінді.
МҰХ-ның мүшесі Қ. Бәделхан:
-Қазіргі Конституция бойынша «МҰХ-ның мүшесі – халық елшісі болып табылады. Ол халықтың дауыс тікелей беруі арқылы сайланады» делінген. Ата заңдағы бұл бап сол қалпында қалтырылады. Біздің аймақтан сайлау сайын 3 депутат сайланып келеді. 1924 жылғы алғашқы Негізгі заңды қабылдаған 72 депутаттың үшеуі біздің аймақтан болды. Тек 2012 жылы аралас жүйемен өткен сайлауда ғана 2 өкіл сайланды. Біз бұл кезде аймақ азаматтары мен ұлт азшылығы құқығы бұзылды деп көреміз. Азаматтар да солай айтып жүр. Сондықтан да азаматтар бізге осы ойларын жеткізіп беруді айтып отыр. Егер аралас жүйеде өткізілсе, біздің құқығымыз бұзылады. Парламенттегі 3 өкіл де мұны қолдамайды. Енді қабылданатын заң және тәртіппен немесе жаңа заңмен мұны ретке келтіріп, тұрақты 3 өкілді болатындай етіп, заңдастырып беруге болмай ма?
МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар: Д. Лүндээжанцанға сөз берейін.
МҰХ-ның мүшесі, Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан:
-Біз Ата заңды қабылдаған кезден бастап, 1990 жылы жаңа негізгі заңды қабылдау үшін құрылған Халық Ұлы Хуралы кезінде және әрқашан Баян-Өлгий аймағы өкілдерін қалыс қалдырған емеспіз. Сол үшін сайлау заңдарында да бұл жағдай көрсетілген. Егер пропорцианаль және мажоритар жүйе араласқан, көп дауыс алған партия өкілдерін пайыздық мөлшерімен анықтау жанама және тікелей сайлау жүйесі конституцияға енгізілсе де, Баян-Өлгий аймағы, сондай-ақ қазақ азаматтар өкілдері мандаты азаймайды. Жаңа ғана мен МҰХ-ның мүшесі Д. Мұратпен осы мәселе төңірегінде көп әңгімелестім. МҰХ-ның мүшесі Қ. Бәделханға пікірін айтатын болып жатқандықтан кезіге алмадым. Мұны мен емес, келісім жұмыс тобы ұсыныс етіп отыр. Егер бұл бап енгізілсе, 2024 жылы Баян-Өлгий аймағына тікелей өкілін сайлау үшін 2 мандат беріледі. Одан тыс мемлекеттік деңгейдегі аумаққа атын ұсыныушылар партиялар тарапынан ұсынылады. Мұндай жағдайда мемлекет бойынша қазақ азаматтар өкілдері парламенттен ең кем дегенде 3-4 орын алуына мүмкіндік бар деп есептеліп шығарылған. Еліміз Конституциясында «дүние мүлкі, жасы, жынысы, шыққан тегіне қарай азаматтарды алалауға, шеттетуге болмайтындығы» көрсетілген. Сайлау заңында да бұл ұстаным ескерілген. Сіздің айтып отырған аралас сайлау жүйесіне қатысты мәселе «62-нің тобы /Конституцияға қосымша өзгерту енгізу қажет деп заң жобасына қол қойған парламент депутаттары/» жобасына енген жоқ. Алайда, сайлаушылардың берген дауысы есептелмей қалатын жағдай жоқ. Адамдардың жалғыз наразы болатыны, бұл – партияның атын жамылып, жабық тізім арқылы көптің қолдауына ие бола алмайтын, қаламаған адамдардың парламентте отыруы. Біз мұны ескеріп, ашық тізім жасап, аумақ пен тізімге енген атын ұсынушы үшін дауыс беретін етіп жасадық.
МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар: Қ. Бәделхан депутатқа қосымша 1 минут беріледі:
-МҰХ-ның мүшесі Қ. Бәделхан:
-Лүндэжанцан мырза, мемлекет бойынша атын ұсынушы «сайлануы мүмкін» деп отыр. Мен нақты жағдайды анықтамақпын. Неге десеңіздер, біз конституцияға қосымша өзгертулер енгізбекпіз. Сондықтан да «Баян-Өлгий аймағына 3 мандат беруді заңдастырып берсеңіздер» дегенді айтып отырмын. Неге десеңіз, біздің орынымызды кейін жастар басады. Олар сол кездегі депутаттар не айтты, неге бұл мәселені қозғамады деп айтпай ма?! Сол үшін де оны кепілдендіріп алғанды жөн санаймыз. Бұл менің емес, осында отырған үш өкілдің сауалы деп есептеңіздер.
МҰХ-ның мүшесі, Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан:
-Сайлаудан бір жыл бұрын «Сайлау туралы заңды өзгертуге тыйым салынады» деп Негізгі заңға енгелі отырған қосымша өзгерту енгізу жобасында көрсетілген. Не болса да, 2022-2023 жылдары Сайлау туралы заңды жаңалап, бекітуге тиіс. Осы кезде Баян-Өлгий аймағы үш мандатын қысқарпайтыны туралы арнайы баппен бекітіп беру қажет. Бұл осы мәжіліс хаттамасына жазылуы қажет. Біз Сайлау туралы заңды үнемі өзгертіп, оған қайта-қайта түзету жасап, жамап-жасқап келеміз. Осы кездері Баян-Өлгий аймағы өкілі үштен төмен болмауы керек деген принцип ұстанып келдік. Бұл қай кезде де осылай болғаны жөн.
Аралас жүйе бойынша сайлау өткізу бабы көпшілік тарапынан қолдау таппай, конституцияға қосымша өзгерту енгізу жобасынан алынып тасталды.
Естеріңізге салсақ, Моңғолия Конституциясына қосымша өзгерту енгізу мәселесі соңғы үш парламентте белсенді талқыланатын тақырыпқа айналып, қазіргі МҰХ 5 ай, 158 тәулік талқыға салып бекітті.
Осылайша 1992 жылы қабылданған Ата заңға 2000 жылы жасалған жеті қосымша өзгертуден кейін екінші рет қосымша өзгерту енгізілді. Бұл жолы 35 бап, тармаққа қосымша өзгерту жасалды. Конституция өзгертуін мәжіліске қатысқан 63 депутаттың 100 пайызы қолдауымен бекітті. Дауыс беруге парламенттегі Демократиялық партия кеңесі мен МҰХ-ның мүшесі О. Басанхүү қатысудан бас тартты. Қосымша өзгерту енгізілген Конституция 2020 жылы 25 мамыр күні 12:00 сағатта күшіне енеді.
БӨЛІСУ:
You may like
-
Қазақстан-Моңғолия парламентаралық достық тобының онлайн кездесуі өтті
-
Елші Моңғолия – Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасымен кездесті
-
Парламенттің бірінші сессиясын 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады
-
Парламент сайлауының жеңімпаздары: Бәделхан, Әубәкір, Бейсен
-
Баян-Өлгий: Парламентке кімдер атын ұсынуы мүмкін?
-
IKON: Елге де, халыққа да пайдалы іс жасау Бәделхан Қабдысіләмұлының қолынан келеді
Моңғолияда
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Published
2 days agoon
November 16, 2024Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Published
3 weeks agoon
October 29, 2024 Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Published
3 weeks agoon
October 29, 2024Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Published
3 weeks agoon
October 28, 2024Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...