Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп тануына байланысты Моңғолия аумағында тұрақты тұратын, болу еліне еңбек шарты негізінде жұмыс істеуге (халықаралық ұйымдар мен компаниялардың қызметкерлері, инвесторлар, жеке кәсіпкерлер), ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен және жеке шаруаларыменкелген (туған-туысқандарына, достарына және қонаққа келген азаматтар)Қазақстан Республикасының азаматтарынмүмкіндігінше қысқа мерзімдеЕлшілікке хабарласуды және консулдық есепке тұруды сұраймыз. Бұл іс-шара Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының санын анықтау үшін маңызды екенін атап өтеміз.
Консулдық есепке тұру үшін төмендегі мәліметтерді s.zhumatayeva@mfa.kz, ulaanbaatar@mfa.kz және zhasmin14@gmail.com электрондық пошталарға жіберуді сұраймыз:
– аты-жөні;
– туған жылы;
– ЖСН (ИИН);
– жұмыс орны;
– жұмыс визасының мерзімі;
– Моңғолия аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы;
– телефон нөмірі.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында консулдық есепке тұру, миграциялық тіркеуді созу, моңғол-ресей шекарасының 2020 жылғы 1 мамырға дейін жабылуына байланысты Қазақстанға қайту және басқа да консулдық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды Елшіліктің Консулы Шынар Жұматаеваға
+ 976 9595 0750 және +976-11 345408 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы шешуді ұсынамыз. Көрсетілген байланыс телефондары 24 сағат жұмыс істейді.
Моңғолияда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қазақстандық дипломатиялық миссиямен байланыста болуды және коронавирус инфекциясын жұқтыру күдігі туындаған кезде Елшіліктің Консулына дереу хабарласу керек екенін назар аударамыз.
Құрметті азамттар, өз денсаулықтарыңызға мұқият болуды және COVID-19инфекциясын жұқтырмау үшін қажетті профилактикалық шараларды (жиі қолды жуу, маска кию, көпшілік жиналған жерлерге бармау және т.б.) ұстануды өтінеміз.
ҚР Моңғолиядағы Елшілігі