24 желтоқсан, KAZNEWS. Ғұн империясына 2230 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 815 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 110 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 100 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады.
Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің жарлығы бойынша Моңғолияның Ұлттық онкологиялық орталығының кеңесші дәрігері, Еңбек сіңірген дәрігер, доктор профессор Асай Рәмішұлына «Халық дәрігері» атағы берілді.