09 ақпан, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралы /мәслихат/-ның кезекті XII отырысы өтіп, аймақ депутаттары бірауыздан аймақтың жаңа әкіміне Арман Қуанғанұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынды.
Аймақ әкіміне тағайындау туралы өкім Моңғолия Премьер-министрі тарапынан шығатын болады.
Арман Қуанғанұлының қысқаша өмірбаяны
Арман Қуанғанұлы 1983 жылы туған.
1989 – 1999 жылдары Өлгий қалалық 1 – толық орта мектебі
1999 – 2003 жылдары Гуманитарлық университетін Бизнес экономист мамандығы бойынша
2007 жылы Бизнес басқару саласының магистрі бойынша тәмамдаған.
Арман Қуанғанұлы еңбек жолын ХААН, Капитрон банкісінде экономист болып бастаған. Аймақтық Ақпараттық Коммуникациялық желісі мемлекеттік кәсіпорында директор, 2021 жылдан Баян-Өлгий аймағы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2008-2012, 2016-2020, 2020-2024 жылдары аралығында аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралы (мәслихат) депутатына сайланған болатын.