Жаңа есім
Аманкелді мен Мерей отбасылық бизнесті дамыту жайында
Published
3 years agoon
Компания атауы: “ЕВРО МОН АЗИЯ СТАНДАРТ” ЖШС, және “BES HALAL FOOD” желісі
Қызмет аясы: Құрылыс материалдарын сату, мейрамхана желісі
Негізі қаланған жыл: EMAC 2018 жылы, Bes Halal Food 2020 жылы (Өлгий қ,), 2021 жылы(Улаанбаатар қ,)
Қоланатын құралы: Samsung, Lenovo-Yoga– i7. iPhone 12 Pro Max
Өзі туралы
Аманкелді Шалабайұлы, @amankeld.shalabai 1987 жылы Баян-Өлгий аймағы, Өлгий сұмынында туып өстім. 6 ағайындымыз. Өлгий қалалық 5-аға мектебінің (2005ж) және Улаанбаатар қаласындағы «Орхон» жоғарғы мектебінің (2009 ж) түлегімін. Мамандығым «Заңгер». 2011 жылы аталмыш мектептен өз мамандығым бойынша магистратураны сәтті аяқтап HR – Адам ресурсы менеджменті, бизнес менеджменті, күзетшілік қорғау қауіпсіздігі, компьютерлік және табиғат қорғау саласының бағдарламалары сынды көптеген тренингілерге қамтылып, білім деңгейімді жетілдіріп отырамын.
Мерей Қабылетқызы, @Merei Khablet 1990 жылы Баян-Өлгий аймағы, Өлгий сұмынында туып өсім. 5 ағайындымын. Өлгий сұмынының 2-аға мектебінің (2008 ж) және Улаанбаатар қаласындағы «Орхон» жоғарғы мектебінің (2012 ж) түлегімін. Мамандығым Моңғол-Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Алғашқы еңбек жолымды Ағылшын тілін үйрету орталықтарында және Улаанбаатар қаласындағы «Оюуны Ундраа кешенді» 96-аға мектебінде Ағылшын пәнінің мұғалімі болып бастадым.
Барлығы қалай басталды?
Аманкелді. Алғашқы еңбек жолым құрылыс саласында қара жұмыспен басталды. Ол маған оңайға түскен жоқ. Университетті озат бітірсем де қызмет талғамайтын мінезім тәуекелге жиі байлап отырады. Күзетшілік қорғау қауіпсіздік бағытындағы компанияда адам ресурстарын жауаптанған маман, Автокөлік орталығында мұрағат қызметкері, Моңғолияның Табиғат қорғау азаматтық қозғалыс одағында заң кеңесшісі, Баян-Өлгий аймағының «Көшелік» компаниясының Улаанбаатар қаласындағы өкілі, директорының кеңесшісі қатарлы қызметтер атқарыппын.
2012 жылы қазақ тіліндегі «Тарлан тағзым» ғылыми, әдеби көркем журналының негізін қалаушыларының бірі, бас редакторы болып, мезгілдік басылымның 12 санын оқырмандарға сапалы түрде жеткізгенімді мақтанышпен еске аламын.
2018 жылдан бастап жарым Мерей екеуміз отбасылық жеке бизнесімізді ашып, «Евро Мон Ази стандарт» компаниясын орнаттық. Аталмыш компанияның негізгі бизнес бағыты құрылыс материалдарын сату, онымен қамтамасыз ету және халал стандартына сай қоғамдық тамақтандыру қызметі, катеринг бағытында жұмыстайды.
Біз 2012 жылы шаңырақ көтердік. Содан бері Улаанбаатар қаласында өмір сүріп келеміз. Алланың қалауымен 3 баламыз бар. Тұңғышымыз А.Тарлан 9 жаста, қызымыз А.Кәусар 8 жаста, кенже ұлымыз А.Мұстафа 1 жаста.
Тал бесіктен жер бесікке дейін пайдалы білім үйрену.
БІРІНШІ ҚАҒИДА
Аманкелді. Әрине, Ата дініміздің асыл ұстанымдары мен қасиетті қағидалары. Соның ішінде қоғамға байланыстыра ұстанатыным «Сөз арасы мен іс арасының ара қашықтығын неғұрлым жақын ұстауға тырысу». Ал, ата-ана, ағайын-туыс, отбасы, ұрпақ тәрбиесі сынды қарым-қатынасқа байланысты ұстанатын қағидаларым өз алдында бір төбе деуге болады.
Тал бесіктен жер бесікке дейін пайдалы білім үйрену.
Өзі мұқтаж бола тұра басқаларға жомарттық жасау.
Еліміз, ұлтымыздың келешегіне құр ауыз, бос сөзбен емес нағыз шынайы ықыласты түрде іс-әрекет арқылы үлес қосу.
Бүгін өлетіндей құлшылық жасап, мәңгі өлмейтіндей дүние жинау.
Ішім хақпен сыртым халықпен болу.
Әрекетте берекет бар – деп жалқаулықты жеңіп тоқтап қалмау.
Үміт пен үрей арасында өмір сүру.
Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайтындығын ұғынып тер төгіп адал еңбектену дегендей көптеген қағидаларды орындауға тырысамын.
Бұларды алыстан іздемей-ақ өз ұлттық құндылығымыз болған көркем әдебиетімізден және салт санамызбен біте қайнасқан ата дінімізден, пайғамбарымыздың салып кеткен сара жолынан табуға болады.
Әрекет жасамай жатып, қыбыр етпей жатып – «Алма піс, аузыма түс» деуден аулақпын.
ЕКІНШІ ҚАҒИДА
Заңгерлік және бизнес саласында, кәсіпкерлік қарым-қатынас барысында ұстанатын қағидаларымның саны да біразға барды. Атап айтсам:
Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет.
Бір адамның еркіндігі келесі бір адамның еркіндігімен шектеледі.
Жоспарламаған мақсат жай қиял ғана.
Үлкен, ұзақ мақсатсыздан жақын, кішкентай уайым-қайғы қалмайды.
Шығыссыз – кіріс жоқ.
Әрекетте берекет бар.
Жүргенге жөргем ілінер.
Дүние қуып жүре бермей сол тапқан, пайда болған дүниеңе аз болса да шүкір етіп, адал әрі халал, берекетті болуын, сосын оны «Жаратқанға қалтамнан алма, жүрекке салма» деуің, «Арамнан тапқан түйеден, Адалдан тапқан түйме артық» – деп адалға мән беруің, Бір құмалақ – бір қарын майды шірітеді» деген сияқты қағидаларды ұстанамын.
Әрекет жасамай жатып, қыбыр етпей жатып – «Алма піс, аузыма түс» деуден аулақпын. «Атыңды арқандап, тұсаулағаннан кейін ғана Жаратқанға тәуекел ет» – деп айтады ғой. Тәуекелді де дұрыс түсінуіміз керек. Батылдық пен тәуекелділіктің арасын ажырата білуіміз маңызды.
Мерей. Осы ЕМАС ЖШС-нің атқарушы директоры қызметін атқарамын. Аталмыш серіктестіктің атында жүріліп жатқан әр саладағы барлық бизнестің маркетингісін күнделікті жоспарларды ұйымдастырып, басқару мәселесімен айналысамын.
СІЗДІҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІҢІЗ ҚАНДАЙ?
Аманкелді. Жұмыс тәсілім тұрақты, бір қалыпты деуге келмейді, әртүрлі. Себебі дәл сол кезең, сол сәттегі процесске, жағдайға сай жұмыс тәсілі таңдалады. Әртүрлі ортада, әртүрлі клиенттермен, әртүрлі адам ресурстарымен жұмыстап, өзіндік ерекшеліктері бар жобалар жүріп жататындықтан солай.
Мерей. Мақсатымыз бен ұстанымымызға, бизнестегі қағидамызға бағынамыз.
Аманкелді. Өте қарбалас, адам ресурсы жетіспейтін, уақыт шектеулі, көптеген шаруалар қабаттасқан, мәселелер туындаған сынды күрделі кезеңдер мен күнделікті тұрақты жүріп жатқан қарапайым жұмыс процесс аралығындағы қолданатын тәсілдер айырмашылығы жер мен көктей.
Тәсілдер өте көп, солардың маңызды болған бастыларына қысқаша тоқтала кетейін.
Адам ресурсы – ұйым болып жұмыс жасағандықтан ең бастысы, әрине – топ, оның мүшелері яғни, қызметкерлеріміз. «Топтың күші – мүшелер. Мүшелердің күші – топ». Олардың үздіксіз білім алуына, үйренуіне, көңілді жүруіне, болашағы жарқын екеніне сенім туғызуына т.б тек жеке басына ғана қарасты емес отбасылық, өмірлік мәселесіне да көңіл бөлуіміз, әлеуметтік жағдайының да шешімін табуына қол ұшын беруіміз қажет. Бір қызметкердің өзі жұмыс орынына жақсы энергиямен, жақсы көңіл күймен аяқ басуы маңызды. Егер де ол адам, отбасындағы келеңсіз жағыдайына байланысты не басқадай факторларға байланысты көңіл күй жағынан үнемі дағдарысқа ұшырай берсе оның жұмыс орынында жетістік шығаруы, пайдасын тигізуі екіталай, керісінше болмақ.
Көбінде жұмысты адам жасап атқаратындықтан жұмысшы қосынымен адами қарым қатынасты ең жоғарыға қоямын.
Адам – пенде болғандықтан онда әртүрлі кемшіліктер кездесуі мүмкін. 100% кемел адам жоқ дегенді әсте естен шығармай, мойындап шыдасақ және қателікті ең әуелі өз басымыздан іздесек қандай бір қателік, кемшілік туындағанда субъективтік жағынан емес келесі жағынан талдап талқылайтын боламыз. Бұл «ең үздік» тәсіл бола алады және туындаған мәселенің себебі анықталып, түйіні шешіліп, ол мәселе қайтып еш туындамайтын, қайталанбайтын мүмкіндігіне қол жеткіземіз.
«Жауапкершілік» жетістіктің басым бөлігіне себеп екенін мойындаймыз. Алайда, қылт еткен қателік кетсе жауапкершілікке тартып, ұрысып, қателігін ғана айтып, бар жақсылығын, қосқан үлесіне дейін ұмытып, әуелі енді қайтып келме дегендей көрместей болу ол нағыз қатігездік. Оны қазақи тәрбиеміз де құптамайды. Егер біз үнемі ұрыса берсек қызметкерлеріміз өз бетімен міндетін атқара алмайтын, аттап басқанын бастығынан сұрайтын, жасық, сенімсіз, ісіңізді ары қарай дамытпайтын, жолын жабатын жағдайға дейін апарып тірейді. Сондықтан біз кешірімді болуымыз керек. Бұл да өмірлік және іскерлік тәсіл деп ойлаймын.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас дегендей сіздің, біздің жолымызбен жүріп өткен қаншама үлкен кісілер, ағалар, апайлар, бәлкім кішілер де бар солардан ақыл кеңес алу, егер мүмкіндік болса кеңесші қызметкерлер жұмыстатуға тәуекел етуіміз дұрыс таңдау болмақ.
Тағы да бір еске алар – аз уақытта ауқымды іс-шараларды сапалы түрде тындыру, сапалы нәтижелерге қол жеткізу.
Ол үшін қазіргі замандағы ақша қаржыдан да құнды болған «дұрыс ақпарат»-тан қалыспай, оған дер кезінде жетіп отыруымыз керек. Өйткені маңызды дұрыс ақпарат арқылы алдыңғы қоғамдағы 10 жыл ішінде әрең дегенде қол жеткізетін жетістікке 5 жыл бәлкім одан да аз жыл ішінде жететін мүмкіндіктерді табамыз.
Бұл келесі жағынан жүйелі бизнеске көңіл бөлгеннің нәтижесі. Бизнесті жүйелеудің берер артықшылықтары өте мол, ең бастысы өзіңізге тәуелді етпей, неғұрлым алшақ ұстау, сіз ауырып сырқап жатсаңыз да, шет елде демалып саяахаттап жүрсеңіз де бизнесіңіз сізсіз-ақ қалыпты түрде жүріп тұруы маңызды.
Біз өзімізді алып көрсек небәрі 4 жылдың ары жақ, бері жағында аз уақыт ішінде, аз қаржымен, аз адам ресурсымен осы деңгейге жеттік. Аллаға Шүкір дейміз. Бұл әрине жоғарыда айтқандай жүйелі бизнеске көңіл бөлу, жақындардың қолдауына, дұғасына ие болу, сеніміне ену, кеңес алу, шығыс шықпай, кіріс жоқ деген қағидаларға қатысты болған шығар.
Келесі ойда жүрер, ол күш қуатымыз сарпылып, қаржылық мәселелері туындап, стресске түсіп, іс насырға шапқай тұрса әрине қол қусырып шамам келмес деп артқа шегініп сенім үмітіңді селге салмай қолдағы бар шара-тәсілді қолданып, ақылмен, сабырмен мән беріп, ары қарайғысын Жаратқанға тапсыру, тәуекел ету.
Жаратылғанға емес Жаратқанға жалыну, ата-ананың, үлкендердің батасын, дұғасын алу, құрбан шалу, садақа, зекетін беру, отбасылық бизнес болғандықтан жолдасы мен жұбайы бір біріне ынта, жігер сыйлау, сабыр мен төзімділікке шақыру және жолдасы мен жұбайының қайсы бірі сырттағы адамдармен, клиенттермен, серіктестерімен, тіпті жолдас жорандарымен араздасып, жанжал, реніш туындағанда қайсы бірі татуластыру, береке бірлікке шақыруды әсте естен шығармау керек.
Мерей. Соңғы старт-апп бизнестердің кейбірі орнамай жатып қарқынды дамуда. Олар дижиталға тура байланысты. Біз де бизнесімізді бастабынан дижиталдандыруға қатты көңіл бөліп келдік. Ары қарай да солай болмақ.
ОРТАША ТӘУЛІКТІК ЖҰМЫС КҮНІҢІЗ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Аманкелді. Мен өз басым күнделікті жұмыс жоспарымды бес уақыт намазыма қарай жоспарлаймын. Неғұрлым намаздың қаза кетпеуін қадағалап, екі намаздың арасы ұзақ болған уақытта сырттағы шаруаларға, іскерлік кездесулерге, үкіметтік ұйымдарға қатысты шаруаларға арнаймын. Ал, Сосын Жұма күні, дәріс алатын күні Жұма намазы жүрілетін орын жайға жақын төңіректегі істерді реттеймін. Не сол маңайға жолығатын адамдарды шақырамын.
Кешкісін көбінде кеңседе қағаз құжаттарға байланысты шаруаларды реттеумен боламын. Кейде түннің бір уақытына дейін отырып қалатын кез болады. Мұнда шаршау деген жоқ, қайта қолдан шыққан жұмыстарды жұмыс тізімінен сызып отыру маған ең тамаша ләззат сыйлайды.
«BES HALAL FOOD» аймағымызға 2020 жылдың сәуір айында, Улаанбаатар қаласына 2021 жылдың қыркүйек айларында ашылып, даяшылығын бастады.
BES HALAL FOOD ДЕГЕНІМІЗ НЕ, АТАУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ
Аманкелді. Атаудан бұрын пайда болған бизнестік идея болды. Бұл идея өте қызық, суға түсіп жатып дегендей (күлді). 2020 жылғы пандемияның бастапқы кезі, ең алғашқы карантиннен бірнеше ай бұрын ғана. Бұл жылдары аймағымыздың «Көшелік» ЖШС-нің Улаанбаатар қаласындағы өкілі едім. Жұмыс бабымен аймаққа барған жолым. Компаниямыз аймақтық орталық алаңның сол жағындағы «Қошқар теке» деп атап кеткен жердің жанындағы «Кәсіподақ кеңсесі» деген объектіні пайдаға берді. Компания директоры Х.Мүпти ағамыздан сол құрылыстың 2-қабатының жарты алаңын ұзақ мерзімді ешбір пайызсыз халал түрдегі алыс беріспен алуға ұсыныс білдірдім. Ағамыз ұсынысымды қабыл алды (Алла разы болғай ағамызға).
Сосын бұл жерге не жаратсақ екен деген көптеген ой келді. Бір күні орта мектептегі бірге оқыған сыныптасым А.Хайратты ертіп бардым. Мақсатым фото студия жүргізетін орын жай жалдап ал деген ұсыныс білдіру болатын. Қалған алаңды маңайдағы қызметкерлердің жүрек жалғауы үшін шағын түрдегі буфет, кофе, шай, самса, пирошки т.б-лармен даяшылық ететін деңгейде ғана ойладық. Қалған жағының бір бөлігін балалардың киім-кешегі мен заттарын сату, автомашинаның әшекейлерін сату, ал, келесі бір бөлігіне «СМАРТ-орталығы» деген атаумен тіл үйрету кабинетін ашпақ болдық.
«Сөзден сөз шығып олай болса оған Орыста да болады, сен білесің Улаанбаатарда да бар – қара өңді, қара қолбақпен ұстап жейтін «black burger» дегенді жасап шығарсаң, аймағымызда жоқ қайталанбайды, алғашқысы боласың» дегенді А.Хайрат досым пікір етті.
Сол кезде барып ойыма …«пицца, бургер, тауық» жеңіл жедел тамақтың франчайз технологиясын сататын Улаанбаатардағы танысымның компаниясы ойыма түсе қалды. Осылайша жарайды онда буфет, ана мына ұсақ-түйекті қоямыз, жығылсаң түйеден жығыл демейме, «халал пицца бургер, тауық, т.б» орынын заманауи түрде, жастарға арнап ашайық деген шешімге тоқталдық та, тура кірісіп кеттік.
Осылайша «BES HALAL FOOD» аймағымызға 2020 жылдың сәуір айында, Улаанбаатар қаласына 2021 жылдың қыркүйек айларында ашылып, даяшылығын бастады.
Халалды бірге таратайық…
BES HALAL FOOD ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аманкелді. «BES» – атауы да сәтіне айналып, ию-қиюына келе кетті. Түркиядан келген бір ағамызбен әңгіме дүкен құрып, сөзден сөз шығып отырғанда, мен осылай аймағымызға халал пицца, бургер, т.б-лармен даяшылық жасайтын орынжай ашқалы жатыр едім, алып жатқан франчайзымның аты «Америкалық дәм тұз» анау-мынау деген – деп жатқанда, ағамыз, олай болса менде армандап жүрген, көп жыл бойы сақтап жүрген бір атау есім бар еді, сізге жарасады-ау деймін, сіз қаласаңыз қолдануға рұқсат етейін, берейін, мен әзір бұл атауды қолдана алмайтын сияқтымен деді. Жақсы онда сіз разылығыңызды берсеңіз, мен қолданудан бас тартпаймын, маған да ұнады деген қуанышты ілтипатымды білдірдім. Осылай атауды да, Алла тағалам ойламаған жерден нәсіп етті.
Бес ол, өте киелі «сан» деп ырымдаймын. Ең басты мағынасы «халал»-ға жақын, «халал» өзі 5 әріптен құралған, АЛЛАҺ есімі де 5 әріп, әрі, 5 парызымыз, 5 уақыт намазымыз, 5-ЖҰМА күні, адамның жаратылысына байланысты 5 саусақ, 5 мүше (өкпе, бүйрек, бауыр, жүрек, көк бауыр), 5 қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта), 5 жаратылыс (күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн) т.б.
«Халал» атауына сәл тоқтала кетсек. Бұл атау әрине Ислам дінімізге тиесілі, талас жоқ. Әуелі, қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде аят ретінде бекітілгенін білеміз. Кітабымызда араб тілінен алынғандықтан «халал» деп қолданғаны болмаса «адал» деген атауға саятыны мәлім.
Бірақ, кейбір адамдар бұл тек дінге байланысты атау деген көзқараспен бе намаз қылатын адам, не имамдар, ұстаздар, арабтар, түріктерге ғана қатысы бардай өзінің күнделікті өмір қолданысынан итеріп, алыстатқысы келеді. Бұл, әрине тек сылтау ғана.
Ал, олай болса дін жағынан емес салт дәстүріміз жағынан алып көрсек, ата-бабаларымыз не деді, әу бастан-ақ «біреудің ала жібін аттамауды өсиет етуі, бас амандығы мен ас адалдығын бірге қоюы, арамдық қылып ішкен ас, ішіңе барып болар тас деген ескертпесі» – халалға, адалға бей-жай қарамағанын дәлелдейді.
Міне біз осы тұрғыдан нағыз шариғатта бекітілген, ата дініміздегі, салт санамыздағы ғасырлар бойы қалыптасқан халал ұғымын одан әрі жандандырып, бір адам болсын, ол, мұсылман болсын болмасын тамағынан халал ас өтуіне тек себепкер болу. Жақсылыққа куә болу да, оған себепкер болу да, сол жақсылықты жасағанмен бірдей сауапқа ие болатынынан үміттеміз. Біз осы мақсатқа үйлестіріп «Халалды бірге таратайық» деген ұранды ойлап таптық, жарияладық.
BES HALAL FOOD-ТЫҢ АДАМ РЕСУРСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ ҚАНДАЙ?
Мерей. «BES HALAL FOOD» тек даяшылық орынына берілген атау, бренді деп ұғуға болады. Бұл бренді таңбаның астында аймағымыздағы бөлімше, астанамыздағы бөлімше, келешектегі жоспарлап отырған басқа да бөлімшелері және де әртүрлі шұжық дейміз бе, балкүлше, нан, тоқаш дегендей азық түлік түрлерін де осы атаумен нарыққа шығармақ жоспардамыз.
Ең басты мақсатымыз «бренд» деген атауға сай дәрежеге жеткізу. Оған бірнеше жылдық уақыт, еңбек, қаржы жұмсалатыны анық. Осы брендіміз «Евро Мон Ази стандарт» ЖШС-дің атына тиесілі, Еліміздің Зияткершілік ұйымына тіркеліп ресми заңды түрде құқығы қорғалған.
Аманкелді. Қазіргі компаниямыздағы жұмысшы қызметкерлердің басым бөлігі осы қоғамдық тамақтандыру саласында істейді. Компаниямызда барлығы 20-ға тарта жұмысшы қызметкерлер тұрақты жұмыс орынымен қамтамасыз етілген. Аймағымыздағы бөлімшеде 7 адам, астанамыздағы бөлімшеде 9 адам, қалғаны құрылыс саласында міндет атқаруда.
Аймағымыздағы бөлімшені Х.Дінмухаммед пен М.Бердігүлдер басқарып жүргізуде. Ал, Улаанбаатардағы бөлімшені жұбайым Х.Мерей жауаптанады.
Суретте Дінмухаммед, Бердігүл
МАРКЕТИНГ, БРЕНДИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС КІМНІҢ МОЙЫНЫНДА?
Аманкелді. Маркетингілік күнделікті жүргізіп отыру, дамыту жұмыстары Мерейдің мойынында. Ал, «бренд» дамыту, PR жағы өз мойынымда. Бірақ, әрине ақылдасып шешім шығарамыз. Міндетімізді қайсымыз жүргізу қолайлы, нәтижелі дегенге қарай бөлісіп отырамыз.
Қажет болса қоғамдық тамақтандыру жағынан компаниямыздың осы саласын жауаптанған директорымыз М.Төгөлдөр есімді арнайы маманды қызметкерімізден, ал, құрылыс саласы, құрылыс материалдары жағынан қажет болса осы саланы жауаптанған М.Мөнхбаатар, Ц.Гантуул есімді қызметкерлерімізден ақыл кеңес алу арқылы, келісіп шешеміз. Және сол жылғы компаниямыздың жоспарына бағынамыз.
Қазіргі кезде біз «бренд» дегенде «баға жетпес қымбат, әдемі әсем, жылтыраған, сапалы бір дүние» деген ұғыммен қараймыз. Бұл түсінік біраз шолақ түсінік. Брендіге қойылатын басты шарт, анықтамалардың дұрысы «бренд – көзге жылы, көңілге қонымды, таза, жинақы түрде ойластырылған, басқа бір ұқсас өнімдерден айыру үшін қолданылатын тану белгісі (таңба), екінші, осы таңбамен аталған әртүрлі заттар, өнімдер, оның сапасы мен бағасының сәйкес болған түйіскен жері, оған жұмсалған ұзақ жылдар бойғы уақыт, еңбек, қаржы, ең соңында тұтынушыға берілетін уәде сол уәдені бұзбай орындау сенімділігі».
Біз де осы анықтамаға сай бренд маркетингімізді жүргізіп, дамытуға тырысудамыз.
ЕҢ КӨП ҚОЛДАНАТЫН ЖҰМЫС ҚҰРАЛЫҢЫЗ, ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?
Аманкелді. Еліміздегі атақты групп компаниялардың директорлары, «шарк танк»-лердің қолданатын ең соңғы апп-тарды қолдануға тырысып жүрмін. Кейбірі тегін болса, кейбірі төлем ақы төленіп барып ашылады. Жақсылары әжептәуір бағалы. Атап айтсақ, Business suite, Mplus, ORI, TomYo, Hippocards, Odosury т.б.
Бизнестік ақпараттарды, кеңестерді Business.mn, Mongolian Economy, Barilga.mn баспалары арқылы, заңгерлік ақпараттары, кеңестерді Ақтаушы, Үкіметтік ақпарат арнайы ресми баспаларды тапсырып оқу арқылы алудамын. Ал, онлайн курстарды Моңғолия Ақтаушылар Одағынан, Моңғолия Заңгерлер Одағынан жүргізілетін курстардан, karakorum.digital академиясынан жүргізілетін «Бизнес цэнэг Вебинар»-дан.
Жұмыстайтын программаларым күнделікті қолданатын программаларды жеттік меңгергеннің сыртында Adobe Photoshop, Adobe InDesign т.б, ал қазір SketchUp программасын үйренудемін.
АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР ТІЗІМІН ҚАЙДА БЕЛГІЛЕП, ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗЕСІЗ?
Аманкелді. Белгілеу дәптеріне, қағазға түсіремін. Notes-ке біраз белгілеп, Reminders-ті де қолданып көрдім. Бірақта, әдетке айналдыра алмадым, қолайсыз болады да тұрады. Flash cards – деп атайды, жан қалтама сиып кететін, алақандай 10см*8см көлеміндегі белгілеуім бар, оны күнделікті бір жақ беті ақ, келесі жақ бетін қолданған А4 парақшаларынан жасап жаңалап отырамын, бір жағынан ысырапты үнемдейді, өте қолайлы, өте оңай, әрі ықшамды, соңғы 8 жыл болды сол қағазға белгілеп келемін. Тәулік сайынғы істердің тізімін тізіп, жасалғандары болса дереу сызып, өшіріп отырамын. Бір жағынан содан кайф аламын деуге болады. Біткен шаруаны тізімнен шығару қандай керемет десеңізші (күлді).
Мерей. Мен көбінде Reminders -ке белгілеймін. Сол маған өте қолайлы.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА БИЗНЕС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Аманкелді. Бизнес жүргізудің өзі бір жағынан түйсікті, тәжірибені, төзімділікті талап ететін өте күрделі іс. Бірде шарықтап көтерілсе, бірде құлдырап шаң қабады. Бірде көл, бірде шөл дегендей. Бұл кейде өзіндік заңдылығымен құлдыраса, бірде ішкі – құрушыларға тура байланысты себептермен, бірде сыртқы – үкіметтің қолдау шарасына, елдің экономиялық, саясаттық, заңнамалық, ереже, актілеріне, салықтық, импорттық, экспорттық саясат, шет елдік инвестициялық қаражат, кеден, шекараға, әлемді жаулаған түрлі вирус сияқты індеттерге байланысты әртүрлі факторлар әсерінен құлдырап жатады. Мысалға, қазірге дейін дүниежүзін жаулаған пандемия әсерінен және де басқадай себептерден болып шет елден келетін инвестициялық қаражат күрт төмендеген, шамамен 20-35% аралығында. Ал, елімізде тіркелген шет елдік инвестициялық компаниялар саны 2017 жылы 403, 2018 жылы 486 болса 2019 жылы 233, 2020 жылы 79-ға дейін азайған. Олай болса ұлттық компаниялар ішінде импорт, экспорт бағытында сауда саттық жасайтын, ішкі өнім, ұлттық өнім өндіретін, кез келген компанияларға Қытай мемлекетінің ЭРЭЭН жағының шекарасы жабылуы қатты соққы болғанын білеміз.
Келесі мәселе – біздің еліміз нарыққа аяқ басқалы 30 жылдың ішінде жекеменшік компаниялар көптеп құрылып, қарқынды дамыды. Қазір еліміздің даму жолындағы ауыр тауқыметін осылар арқалауда. Бірақ, мемлекет олармен бәсекелестікке түсіп, әртүрлі жағынан кедергі, соққы беріп, аяғынан шалуда. Ең бергі жағын айтқанда қызметкерлердің төлейтін әлеуметтік үлесінің мөлшері салығымен қосқанда 35%-ға жеткені. Міне осы сияқты шешімін күткен көптеген күрделі қиындықтар қазіргі нарықта белең алған. Сондықтан жеті рет өлшеп, бір рет кес дегендей жан жағын жақсылап зерттеп, талқыға салып, «А», «Б»… сияқты нұсқалармен бизнесімізді жоспарлауымыз керек.
ҚАЗІР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСҚА НАЗАР АУДАРЫП ЖАТЫРСЫЗ?
Мерей. Дәл қазір 2022 жылдың жоспарының үстіндеміз. Атап айтсақ, BES HALAL FOOD-дің келесі бөлімшелерінің және құрылыс материалдарының импорттық жобаларына назар аударудамыз.
КІТАП КӨП ОҚИСЫЗ БА? ДӘЛ ҚАЗІР ҚАНДАЙ КІТАП НЕМЕСЕ МАҚАЛА ОҚУДАСЫЗ?
Аманкелді. Орта мектептен бастап университетті аяқтағанша, сосын ақтаушылық рұқсатымды алғанша, ақтаушылық қызметтер белсенді жүріп жатқанда, «Тарлан Тағзым» журналын шығарған 3 жылдай уақытта жатпай тұрмай оқыдым. Әуелі университетті оқып жүрген кезде «Улаанбаатар қалалық Д.Нацагдорж» атындағы кітапханаға 24 сағаттық түнімен түнеп отырып оқитын жеке бөлімшесі ашылды оған да қонып оқып жүрдік, ұйқыдан парта үстінде кітап жастанып 20-30 минут мызғып алғанда 2-3 сағат ұйықтап тұрғандай болатынбыз. Соңғы жылдары отбасылық бизнес құрғаннан бері оқуым сәл-пәл азайды. Бірақ сонда да бизнеске қатысы бар сол тақырыптағы кітаптарды, құрылыс саласына байланысты басылымдарды оқуға мәжбүр болдым. Кәсіпкер жастардың қажетіне жарар деген тұрғыдан дәл қазір үстелімнің үстіндегі маңыздыларын ғана атап айтсам, жоғарыда атаған басылымдармен қоса «Компанийн тухай эрх зүйн баримт бичгийн эмхэтгэл-2021», «Компанийн эрх зүйн үндсэн ойлголт-2017», «Төгс компани бүтээх нууц-2020», «Бизнес өрөг-2022», «Харизм-2017», «Бизнес санааг турших нь», «Монголыг өөрчилсөн 30 компани-2020», «Монголын цуутай бизнесменүүд-2018», «Амжилтыг уургалахуй-2021» т.б.
СІЗДІҢ МІНЕЗІҢІЗ ТҰЙЫҚ ПА ӘЛДЕ АШЫҚ ПА?
Аманкелді. Орта мектеп бітіргенде мінезім өте тұйық, ұялшақ, көп алдына шығудан қатты жасқанатын жасқаншақ болатынмын. Бірақ ол кемшілігімді өзім байқадым, таныдым, дұрыстауға неғұрлым талпынып келдім, әуелі өзімді қатты жек көріп, басылып жүрдім. Студенттік өмірге аяқ басқаннан, заң мектебіне қабылдағандықтан ба аздап ашыла бастадым. Қазір бір ашылсам тоқтау біраз қиынырақ шығар (күлді). Десе де ауру қалса да, әдет қалмас дегендей біраз тұйықтық жағым да барын жасырмаймын. Адам өзін өзі тани білу өте маңызды, әсіресе кемшіліктерін, адамның ең бірінші бәсекелесі басқалар емес «өзі» екеніне көзім жетті. Сондықтан өзін өзі жеңу майдандағы бірнеше әскерді жеңуден де артығырақ және өте қиын.
ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ МУЗЫКА ТЫҢДАЙСЫЗ БА? ҚАНДАЙ ӘУЕНДЕРГЕ ӘУЕССІЗ?
Аманкелді. Әрине ән тыңдамайтын, әуенге әуес болмаған адам жоқтың қасы болар. Мен де ән, күй, әуенге құмармын. Бірақ, ән салу, домбыра шертуге шорқақпын. Орта мектепте домбыра үйірмесінен сабақ алдым, соңында бірнеше үйренген күйлерімді ұмытып қалдым. Соңғы кездері музыкалық аспаптарға қатты әуестеніп жүрмін. Жуықта қызымды пианино үйірмесіне, ұлымды гитара үйірмесіне бердім. Өзім де домбыра мен гитараны қайтсем де үйренем деген мақсат қоюдамын. Ән жанырынан қазақтың термелері мен қара өлеңдеріне әсіресі Пайғамбарымызға арнау сынды тақырыптағы әндерге құмармын. Негізі әуенінен гөрі сөзі құнды, терең мағыналы келетін, серпіліс беріп, шабыт сыйлайтын және терең ойға шомылдыратын, баяу ырғақты әндерді көп тыңдаймын. Ал, музыкаға келсек қазақтың қобызбен, домбырамен тартылған қоңыр күйлеріне, «морин хуур»-мен ойналған көшпенді халықтың әуендеріне әуеспін. Оның сыртында табиғатқа, махаббатқа байланысты Бетховен, Моцарттың, соңғы кездегі тренд болып жүрген Хаусер, Петер Бука т.б сазгерлердің классикалық музыкаларын естіп отырып кітап оқып, кофе ішіп, сәнді де ыңғайлы тыныш ортада отыру қандай ғажап (күлді).
СІЗДІ ЖҰМЫСТАН ТЫС УАҚЫТТА ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ?
Аманкелді. Мен ешқашан тоқтамаймын, жүгірмесем де жүріп отырамын. Қарбаластыққа салынам да жүремін. Менің өз басым бір тәулікті толық демалыспен өткізген кезім санаулы десем болады. Болса да олай жайбырақат жата алмаймын. Жақындарым денсаулықты ойлау керек, шаршадың дейді. Меніңше адам жақсы көретін мамандығынан, кәсібінен ешқашан шаршамайды екен. Керісінше жасанды бейне қалыптастыру үшін, ұнатпаған, күшпен амалсыздан жасап жүрген, қызықсыз болған істерінен өте тез шаршайды, әуелі, стресске түсіп, соңында кажып, құлайды.
Мен бір тәулікте тек бір шаруамен ғана айналыспаймын, әртүрлі шаруалармен айналысатындықтан шаршамайтын шығармын, керісінше өте қызықты, ынталы болатын шығар. Кейде үйретуші, кейде үйренуші, кейде сотта ақтаушы, кейде кәсіпкерлікте бастық болсам, кейде тіпті жүк артып-тартып көтерме жұмыстарды да жасап жүре берем. Адамдар бәлкім әртүрлі шығар, біреулер екі кеменің құйырығын ұстаған суға кетеді дейді. Бұл дәл кімнің сөзі екенін білмеймін менше кезінде қазақты ма, көшпелі халықты ма қарқынды дамыстан, көштен қалыс қалтыру үшін, әлсірету үшін тек бір іспен ғана айналыс деп шектемек болған ба деймін. Керісінше «жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» демейме қазақта. Ал, білім мамандық жағына келсек тек жалғыз маманды ұстанып қалудың да қаупі бар, жан жақты болу, бір жағынан «универсаль» деп те атап жатады, бірден бірге көше алатын ыспарлықты бұл қоғам бізден талап етуде. Әсіресе бір іспен ғана жетістікке жетіп соңына дейін тоқтап тұру қиынға соғып барады. Жасап жүрген бір саладағы бизнес қандай бір себеп салдармен дағдарысқа ұшырап, құлдырай бастаса дереу тоқтатып, келесі жағындағы ісіңді жүргізіп кетуге болады. Бір қызметтен босатылсаң, келесі бір іске көше аласың. Аллаға Шүкір өз басым негізгі маманым заңгер болса да әр түрлі салаға да жақындығым бары рас.
КІМНЕН, НЕДЕН КҮШ ҚУАТ АЛАСЫЗ?
Аманкелді. Ең бірінші қуат – ол, Алланың берген қуаты, 12 мүшеміз сау, денсаулығымыз. Оған себеп болған ата-анамыз, олардың бір ауыз ғана «тілеулеспіз, амандық болсын, жолың болсын, маңдайың ашық болсын балам» деген жүрегіңді ерітіп жіберетін, көңіліңнен оқтай өте шығатын шынайы ықыласты тілек, дұғасынан қуат алып келеміз. Олар тура жолды танытып, жақсы тәрбие беріп, шаңырақ көтертті.
Ары қарай осы шаңырақтың бір діңгегі, қабағыма қараған жұбайымнан, сүйкімді құлындарым ізімді жалғар тұяқтарымнан күш қуат алып, жігерленіп, шабыттанып, өмірге деген құлшынысым арта түседі. Басқаларға дұрыс адам қырынан танылып олардың қолдауына, қолпаштауына, демеуіне ие болдым. Жолымызды жасап жүрген, жақсылығын аямаған, сенім артқан барлық жақындарым, достарым, кәсіпкер үзеңгілестерім, ағаларым, кеңесшілерім, екі дүние ілімін берген ұстаздарым бәрі бәріне алғысымды білдіріп сіздердің қолдауларыңыздан күш қуат аламын дегенді айтқым келеді.
Мерей. Әрине отбасымнан күш қуат аламын.
ӨМІРДЕН АЛҒАН ЕҢ ЖАҚСЫ ҒИБРАТЫҢЫЗ…
Аманкелді. Ең бірінші ата-анаңа, аға-бауырыңа, әпеке-қарындасыңа, жақын ағайын-туыстарыңа, жұбайыңа, тіпті бала-шағаңа тек жақсы қырыңнан танылып, өзіңді мойындатып, бағалата алуың маңызды екен. Өйткені сені 5 саусағындай, басыңнан аяғыңа дейін, кем кетігің мен артықшылығыңды, жамандығың мен жақсылығыңды, шынайы келбетіңді, қаншама әділетті екеніңді білетін де солар. Олардың алдында ештемеңді жасыра алмайсың. Оларға жалған бейне, жасанды кейіпкерлікті бір күн шығарсаң да ұзақ мерзім жалғастыра алмайсың. Егер де оларға жақсы қырыңнан танылып, бағалана алсаң, ал, олар сені мойындаса ең күрделі сынақ бірінші баспалдақтан өткенің. Ары қарай еш қиналмайсың. Оларға бір, сыртқа бір жүз деп жүре берсең онсызда екіжүзділікті Құдай да сүймейді, ұзаққа да бармайсың.
Сосын өмір сүре келе бас амандығы мен ас адалдығына мән беру өте маңызды екенін түйіндедім. Әркім өз басы мен жанұя, бала-шағасының, жақындарының денсаулығына, бас амандығына аса назар салып, берген нығыметке шүкірлік етіп, аманатты орынымен қолдану керек екен. Нәпәқасын адалынан іздеп, адал еңбектенсе ниетіне сай жолы ашылады. Сұрасаң Жаратушының беретініне көзім жетті. Оның дәлелі міне қазіргі жетістігіміз. Біз жоқтан бастаған едік. Тек одан бұрын рухани жүрегімізді тазартып барып, орынымен, ретімен, жүйе жолымен дұға қылып сұрасақ болғаны.
Өзіңе тілеген жақсылықты, жетістікті, табысты да екінші, үшінші біреуге екі еселеп, он еселеп оларға да тілеуді еш естен шығармайық.
Тағы бір маңыздысы сұхбатымның басында айтқанымдай сөз арасы мен іс арасының ара қашықтығын неғұрлым жақын ұстау – ауыздан шыққан, айтылған болса жасау, істеу, уәдеге берік болу, қазіргі кәсіпкерлердің бастапқы қағидасына айналу керек. Біреу сізге сеніп, сенім артса оның сенімін ешқашан аяқ асты етпеу. Сенім – ол сені сенген адамың жоқ болса да басқарып әкететін тылсым күш иесі деп ұғын.
Өз мүддемнен бұрын басқалардың мүддесін бірге қою, басқаларды ойлау, онымен санасу мені асқақтатты, дәрежемді өсірді.
Артық білім бас жармайды, қашанда қажетке жарап, алдыңнан шығады, ешкім сенен ұрлап та, тартып та ала алмайды, құнды байлығың, қазынаң болып сені жоқшылықтан, кедейліктен, рухани жұттан сақтап тұрады, алдын алады. Сондықтан-да тоқтап қалмай тал бесіктен жер бесікке дейін үйренуді, білім ізденуді тоқтатпаудың дұрысын мойындадым.
Міне, осы жасқа дейін айта берсек таусылмастай, сан-алуан құнды да құдіретті болған ғибраттарды алып үлгердім.
ЖАС МАМАНДАРҒА ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕСІЗ?
Аманкелді. Ең бірінші берер кеңесім кітапты көп оқуға әуес болу, әдетке айналдыру. Күнделікті дағдыға айналдырудың көптеген жолдары бар. Соның ішінде ең таңдаулысы, кітапты көзге түсетін ең жақын жерлерге орналастыру. Үйіңізде, кеңсеңізде, басқа тұрақты баратын жұмыс орындарыңызда оқуға тиісті болған кітаптарыңыз тұру қажет. Әуелі болса smart phone-мыздың орынына бір кішкентай кітапты ұстап жүруді әдет қылсақ. Неге біз smart phone-мызды шұқи береміз, өйткені ол әркез бізбен бірге, мен мұндамын деп менмұндалап өте жақын тұратынында. Егер солай жасап шыдасақ әйтеу бір бетін ашуға мәжбүр боласыз да ол бара бара жақсы әдетке қалыптасатын болады. Бір тәулікте 5-ақ беттен оқып отырсақ 365 тәулікте 1825 бет оқыған боламыз, бұл шамамен орташа бетті кітаппен есептесек 7 дана кітапқа теңеспек. Тек оқып ғана қоя салмай жақсы жақтарын, қажеттілерін белгілеп, күнделікті кәсіпкерлік қарым қатынаста қолдана білу, жақындарыңызға айтып беруді тағы да әдетке айналдыру маңызды.
Келесі айтарым соңғы кездегі елімізде сошиал, онлайн тренингілер, апп-тар өте қарқынды дамуда соларға белсенді түрде қамтылу. Тек Моңғолия емес білетін өз ана тіліміздегі Қазақстанның тренингілерінің де кеңесін тыңдауымызға да болады.
Бизнес жасайтын жастар сол саланың, басқадай жас мамандар – мамандарына қатысты өз саласының бей ресми ұйымдарымен тығыз қарым қатынаста болып, белсенді түрде өз еріктерімен іс-шараларына қамтылу, сол маманға байланысты тек кітап емес басқа басылымдарды тапсырып оқуы керек.
Қосып айтарым ең жоқ дегенде компьютерге 10 саусақпен теруді, күнделікті қолданыстағы программалармен шектелмей соңғы программаларды да меңгеруді, бос уақытқа аса мән беруді, тек дүниелік іліммен шектелмей, ақыреттік ілімге де өте назар аударуды, қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді оқып үйренуді, оны басқаға үйретуді т.б-ларды пікір болдырар едім.
Егер де қандай да бір жаңа бизнес құрмақ болған жастар болса олар неғұрлым қоғамдағы туындаған тұтынушының мәселесін шешетін, елімізде бұрын соңды ашылмаған, ашылса да қоғам қажеттілігін атқарып шыдай алмай жатқан, жетіспей жатқан, жаңа, заманауи, дижитал, смарт жағымен ерекшеленген, соның ішінде халал стандарттарға сай бизнес идея ойлап табуға, келер пайдасы мен шығар шығысын ерінбей есептеп, зерттеуге уақыт шығару керек. Әйтпесе, жай бір басқалардың жасап жүрген бизнесін «мынау қомақты пайда батып, күреп жатыр» деген сырттан тон пішу арқылы «copy-paste» жасау емес, ең алғашқылары болуға талпынуды қалыптастыруды ескерткім келеді.
Соңында айтарым өзін басқаларға дұрыс жағынан түсіндіре білу, сөзін жеткізе білу, кәсіпкерлікте болсын, күнделікті ағайын-туыс арасында болсын, қандай бір қарым-қатынаста мәдениетке, моральға мән беру, тіл үйрену сияқты қажеті мол пайдалы істерде «әдетті» бірінші болып қалыптастыру, біреуді оның жанында бір күн де болмай жатып ғайбаттамау, дастарқан басында жеке адам туралы емес басқа ғибраты мол әңгіме қозғауды қалыптастыру, қандай бір реніш туындағанда кешіріммен қарау, адамды ренжітпеу, көңіліне қаяу түсірмеу, ең бірінші болып кешірім сұрау, сабырлы болу, сабырға шақыру, жұмыс қызмет таңдауда оны кемсітпей төзімді түрде тәжірибе алуды, үйренуді бастапқыға, жалақыны екіншіге қойып таңдау жасау, ашу келгенде, реніш пайда болғанда ең алғашқы минуттарын сабырмен сол мәселені еш ойламай өткізуге тырысу керек деп ойлаймын.
ЖҰБАЙЫҢЫЗҒА ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕРДІ ЖҮКТЕЙСІЗ?
Әйел адамға дініміз жағынан да салт дәстүріміз жағынан да қоғаммен етене жақын араласуға, іскерлікпен, кәсіпкерлікпен айналысуға, карьер қууға еркек адаммен салыстырғанда мүмкіндіктер біраз шектеулі десек қателеспейміз. Ол жеке үлкен бір тақырып. Балалар туралы да солай.
Жұбайым балаларға қарау, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу сынды аналық міндетімен қоса отбасындағы ас тағам әзірлеу, үй шаруаларын реттеу, өз өзіне қарау, ғибадат құлшылықтарын орындау, қонақ күту, өзін өзі дамыту дегендей қыруар міндеттер жүктеп, сан-алуан шаруларға арпалысып жататындықтан сол шаруаларға сай міндеттерін жүктеп, бөліп беріп отырамын. Әрине ананың, әйел адамның табиғи өз міндеттерін атқарып уақытының басым бөлігін отбасында өткізуіне мүмкіндік жасауға тырысудамыз. Бәлкім, бизнесіміз бір қалыпты деңгейге жетіп, тұрақтанып, толық түрде жүйеге енген соң бұл мақсатымызға да жететін шығармыз деп үміттеніп жүрміз. Ниет бар әйтеуір.
Жұбайым – Алла қаласа, кішкентайларымыз ер жетіп, өз-өздерін алып жүретін қалге келсе қазіргіден де жоғарғы, ауқымды жобаларды басқарып, нәтижелі түрде табысқа, жетістікке жеткізіп шыдай алады дегенге нық сенемін. Себебі, оның бойынан білім мен білікті, ақыл мен парасатты, іскерлік қатынасты, сезімді, күш қуатты, төзімділікті, батылдылық пен тәуекелділікті, мораль мен мәдениетті, сыпайы тәрбиелі мінезді, инабат пен иманды, маған және балаларға деген шынайы махаббатты байқай аламын. Ол әр істі дұрысымен ұйымдастырып, туындаған қандай бір мәселе болса оны ыңғайлы жолымен шешіп жібереді. Мақтап, асыра сілтегенім емес.
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Ерғұлан Озатұлы Малайзиядағы қызметі туралы айтып берді
Published
1 year agoon
November 3, 2023Бұған дейін Бруней Даруссаламда көпір салған Ерғұлан Озатұлы естеріңізде ма? Олай болса жас қазақ инженері қазіргі таңда Малайзияда қызмет атқарып жүр.
1993 жылы Баян-Өлгийде туған ол 2015 жылы ҚХР-дың Шан Донг өлкесі, Шинг Дао қаласының Шан Донг техникалық университетін геодезиялық инженер мамандығымен бітірген.
Улаанбаатар қаласында халықаралық әуежәй құрылысынан инженерлік жүйе бағытында геодезиялық инженер болып алғашқы жұмысын бастаған. Кейін кореялық инженерлердің ұсынысы бойынша Бруней Даруссалам еліндегі “Tambouring bridge” жобасында, Филиппинде “Skyway” жобасында жұмыстаған. Ол өзіні тәжірибесі мен қытай тілін білуінің нәтижесінде Қытайлық “China state construction” компаниясына жұмысқа тұрған.
Малайзиядағы қызметі
Малайзияда “East Cost Rail Link” деп аталатын жобада жұмыстап келемін. Бұл Малакка бұғазындағы Порт-Кланг пен Малайзия түбегінің солтүстік-шығысындағы Кота Бхару мен Шығыс жағалаудағы экономикалық аймақ мемлекеттерін байланыстыратын стандартты екі жолды теміржол байланысы инфрақұрылымының жобасы.
Теміржол инфрақұрылымының жобасы жолаушыларды да, жүктерді де Малайзия түбегінің батыс жағалауынан шығыс жағалауына және керісінше тасымалдайтын болады. Құрылыс 2017 жылдың тамыз айында басталған.
2018 жылдан Malaysia Rail Link компаниясы China State Construction Company компаниясына ECRL жобасының инжиниринг, сатып алу, құрылыс және пайдалануға беру келісімшарты орнатылған.
Бұл жобада Site manager болып қызмет атқарамын.
Малайзия туралы
Малайзия – Азия құрлығындағы ең көп ұлтты мемлекет. 28 миллион халқы бар бұл елде жергілікті малай халқынан бөлек қытай, үнді және тағы басқа этникалық топ өкілдері өмір сүреді.
Сондықтан, мұнда барлық туристі жатырқамай, құшақ жая қарсы алады. Малайзияда туризмнің дамығаны соншалық 2015 жылы бұл елге келген туристер саны 25 миллионнан асып, жергілікті халықтың санына жетуге жақындаған.
Туристер Малайзияны, соның ішінде астанасы Куала- Лумпурды Азия құрлығындағы Тайланд, Камбоджа, Сингапур, Филлипин аралдары мен Индонезияға өтер транзиттік қала санайды.
Ал, кейбіреулері Куала – Лумпурды Дубайға ұқсатып, бұл жерге тек шоппинг жасау үшін екі үш күнге ғана келеді. Малай елінде жылдың төрт мезгілінде де жаз маусымы. Ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіші +25-28°C градустан төмен түспейді.
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Райса Ерланбекқызы 24 жасында “Relax trip” компаниясының негізін қалаған
Published
1 year agoon
June 30, 202330 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының тумасы Райса Ерланбекқызы Халықаралық Қырғыз-Түрк “Манас” Университетін сәтті тәмамдап, алғаш рет “Manas award’s” жеңімпазы атанған. Бұл туралы Казньюс.мн тілшісіне айтып берді.
Райса Ерланбекқызы 1998 жылы Баян-Өлгий аймағы Булган сумынында дүниеге келген. Баян-Өлгийде жалпы білім беретін 2-ші мектепте және де Булган сумыны Ж.Какей атындағы мектебінде білім алып, оқу үздігі болып мектепті тәмәмдаған.
Мектеп қабырғасын аяқтаған соң сонау алыстағы Қырғыз еліне білім алуға сапар шегіп халықаралық Қырғыз-Түрік “Манас” Университетіне оқуға түсіп 2022-жылы “Халықаралық Синхрондық аудармашы” мамандығы бойынша білім алды.
Білім алу барысында білімге деген құштарлығы мен қатар қоғам белсендісі болып университет ішінде жүрілген “Халықаралық студенттік парламентінің” басшысы болып 5 жыл жұмыс атқарады.
Райса Ерланбекқызы университет үздігі деп танылып “Manas award’s” жеңімпазы атанады.
Университетте әр оқу жылы сайын ұйымдастырылатын “Manas award’s”атты университет үздіктерін анықтау сәтінде Райса Ерланбекқызы университет үздігі деп танылып “Manas award’s” жеңімпазы атанады.
Сондай-ақ, Райса 2022 жылы ТМД елдерінің (Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия, Украйн) ең үздік 100 студентінің бірі болып абыроймен жоғарғы оқуын аяқтағанын айта кеткен жөн болар.
Қазіргі таңда Түркияның ірі “Touristalia” туркомпаниясының серіктесі атанып, Монғолиядағы бөлімшесінің меңгерушісі болумен қатар, 24 жасында өзінің жолдасы Ерғабыл Берікболмен бірге “Relax trip” компаниясының негізін қалаған.
“Relax trip” компаниясы Түркия, Дубай, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Монғолия елдері арасында саяхатшыларға туристік қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, оқушыларға Монғолия, Қазақстан мемлекеттерінен Швецария, Түркия университеттеріне және Қырғыз мемлекетіндегі халықаралық Қырғыз-Түрк “Манас” Университетіне грант арқылы тегін оқуға мүмкіндік алуына себепші болуда.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Райса қарындасымыздың елге деген жанашырлығы мен жастардың жанашыры болып жүргендігіне алғыс айтып, сәттілік тілейміз!
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Ерлан Асқарұлы – Рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз
Published
1 year agoon
June 27, 202327 маусым, KAZNEWS. Шетелде білім алған, дарынды қазақ жастарының технологиялық компания құрып, көшбасшы атанып жүргені жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Бүгін біз Казньюс ақпарат агенттігінің “Жаңа есім” жобасында Моңғолияда ақпараттық технология саласында топ жарып 2022 жылы «Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» ретінде марапалған eClinic платформасының авторы “И Клиник” компаниясының негізін қалаушысы Ерлан Асқарұлы туралы қызықты ақпараттарды ұсынатын боламыз.
Ерлан Асқарұлы 2003 жылы Баян-Өлгий аймағындағы Бастама мектебін, 2007 жылы Ғылым, технология университетін програмист және электроник инженері қос мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы Жапонияда магистр дәрежесін қорғаған.
Мекенжайы: Моңғолия, Улаанбаатар қаласы
Қызметі: «И Клиник» компаниясының негізін қалаушы, Технология директоры CTO
Әлеуметтік парақшалары: @Erka Askhar
Програмист болуды бала күннен армандадыңыз ба?
Әке жолын қудым. Менің әкем Баян-Өлгий аймағында маңдай алды, бетке ұстар мықты, саңлақ инженерлердің бірі болды. Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының сәнін келтіріп тұрған 360 метрлік радио антенасы тікелей әкемнің еңбектерінің бірі. Әкем көзі ашық, болашақты болжай алатын адам болғандықтан заманауи саланың яғни ақпараттық технология, цифрлық саланың инженері болуға бел будым. 2003 жылы Бастама мектебінен 10 – сыныпты тәмамдап конкурске түсіп математика пәнінен Баян-Өлгий аймағы бойынша 1-ші орынды иелендім. Әкем менің мықты инженер бола алатындай барлық мүмкіндікті жасап Програмист және Электроник инженер деген қос мамандық иесі болып Монғолияның Ғылым, технология университетін 2007 жылы тәмамдадым.
Университет бітірген соң шетелге шығу мүмкіндігі қалай болды?
2007 жылы университет бітірген соң Монголбанк (Ұлттық банк)-ның Ақпараттық қауіпсіздік департментінде алғаш мамандығым бойынша еңбек жолымды бастадым. Сонда жұмыстап жүрген кезде Индия [2009], Ұлы Британия [2010], АҚШ [2012] елдеріне барып мамандығым бойынша 1-3 aйлық курстарға қатысып білімімді жетілдіріп жүрдім. Дәл сол кезде міндетті түрде шетелде оқимын деп шешім шығарған болатынмын.
2011 жылдан бастап көптеген шәкірт ақылы бағдарлама, гранттарға материал тапсырып жүрдім. Алланың қалауымен 2012 жылы JICA -ның шәкірт ақысын ұтып алып, 2012-2014 жылдары аралығында Жапонияда магистратурада оқып білім алдым. Бұл кездері шетелдегі мүмкіндіктер мен Моңғолиядағы мүмкіндіктерді салыстырып, жеке кәсіппен айналысуға болатынын байқадым.
Кәсіпке алғашқы қадам қалай басталды? Eclinic платформасын құру идеясы қалай келді?
Eclinic платформасын құру идеясы жапонияда жүрген кезімде туындаған болатынмын. Содан бері жоспарлы түрде іске асырып келемін. Бірақ ешкімге жариялы түрде айтқан емеспін. Әр нәрсенің уақыты бар сияқты.
Міне платформамыз өз тұтынушылары бар үлкен платформаға, компаниямыз ойлаған межеден асып, қуатты компанияға айналды. 2022 жылдың сәуір айында “Eclinic” қосымшаның тұсаукесері өтті. Оған дейін “Eclinic health platform”-ны фундаментiне көп уақыт жұмсадық.
2022 жылы ұйымдастырылған «Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» марапатын жеңіп алдық. Бұл марапат – тұтынушылардың уақытын үнемдегені, жұмысын жеңілдеткені, ақылды шешімдер ұсынғаны, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттырғаны және мүлдем жаңа келбет қосқаны үшін берілген.
Жуықта ғана ақпараттық қауіпсіздікі басқару жүйесі бойынша халықаралық ISO 27001 стандартын еңгіздік.
Eclinic платформасының тұтынушылары кімдер?
Аты айтып тұрғандай бұл платформа медицина саласына арналған. Жалпы Моңғолия бойынша 400+ астам аурухана біздің платформаны қолданады. Улаанбаатардағы барлық клиника, лаборатория біздің тұтынушымыз. Әрине тұтынушыларымыздың арасында Баян-Өлгийдегі ауруханаларда бар.
Жуықта ғана ақпараттық қауіпсіздікі басқару жүйесі бойынша халықаралық ISO 27001 стандартын еңгіздік.
Компаниямызға ISO 27001 халықаралық стандартына сәйкестігікті анықтау, сертификаттау жұмыстарын Аустралиялық компания жүзеге асырды.
Eclinic платформасын азаматтар да қолдана алады. Қандай бір ауруханаға диагоз тапсырған болсаңыз тікелей біздің платформадан жауабын алуға болады.
Eclinic компаниясында қанша қызметкер жұмыс жасайды?
Біздің компанияда 40+ астам қызметкер жұмыс жасайды. Компаниямыздың ерекшелігі IT және медицина саласындағы қызметкерлер жұмыстайды. Компанияның “Call Center” орталығында 10 шақты операторлар таңертеңнен кешке дейн тұтынушылардың сұрағына жауап беріп, техникалық қолдау көрсетеді.
Жасанды интелект бағытында жаңалық ашу үшін рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз.
“Eclinic” медицина саласынан өзге қандай бағытта бақ сынап жатыр?
Клоуд компютинг (cloud computing), жасанды интелект (Artificial intelligence), блокчейн (Blockchain) қатарлы жаңа технология саласында да бақ сынап, жобалар жасаудамыз.
Моңғолияда науқас жайындағы медициналық ақпарат құпия сақталады. Сондықтан біз платформамызды Америкадағы серверге орната алмаймыз. Сондықтан елімізде біраз инвестиция жасап өзіміздің «private cloud» инфрастрактурамызды тұрғыздық.
Жасанды интелект бағытында жаңалық ашу үшін рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз.
Елімізде Fintech, Edutech бағыттары қарқынды даму үсінде. Біз MedTech саласын мықтап дамытатын боламыз!
Блокчейн технологиясын қандай мақсатта пайдаланасыздар?
Кейбір азаматтар базадағы даталарымызда пайдаланып койн шығармақ деп ойлап қалуы мүмкін. Блокчейн өте үлкен сала. Біз блокчейнге тек дата сақтаймыз. Блокчейнге сақталған датаны ешкім, ешқашан өзгерте алмайды. Біздің өзге технологиялық компаниялардан артықшылығымыз да осы болар.
Бұған дейін компанияның қандай жетістіктерге жеттіңіздер?
Голомт банкден, ICT групптан және аппликейш жөніндегі қауымдастықтан әр түрлі марапаттар алыппыз.
«Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан Eclinic платформасы «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» ретінде марапалғаны бізді жігерлендірді.
Жұмысты қалай жоспарлайсыз?
Office 365 платформасының «Planner» деген қосымшасын көп керектенемін. Сонда жұмыстарымды жоспарлап, қандай проект қалай істелініп жатқанын бақылап отырамын.
Ең көп қолданатын жұмыс құралыңыз, қолданбалы бағдарламаларыңыз қандай?
Көбінде жұмысыма «MS Teams», «Planner» керектенем. Үйден қашықтықтан жұмыстаған сәтте «Google Meet», «Zoom» ыңғайлы. Сосын «source code» менеджментін жасау үшін GitLab керектенемін.
Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі не?
Уақытты тек бір нәрсені жүзеге асыруға тырысыңыз, себебі адамның сана-сезімі бір нәрсеге ғана шоғырландырылған жағдайда оның миы өнімдірек жұмыс жасайды деп ойлаймын. Уакытты үнемдеудің тағы бір жолы жоспарлаған жұмысты дәл уақытында істеу керек. Кейінге қалтыра берсең табысқа жетпейсің. Жұмыс сағатында жұмысты тиянақты істеп, үйге барып семияңа көңіл бөлу керек.
Кітап көп оқисыз ба? Дәл қазір қандай кітап немесе мақала оқудасыз?
Иа ағылшын, орыс, қазақ, монгол тілдерінде көп кітаптар оқимын. Дал қәзір жұмысыма қатысты әpі қызықты болған соң Peter Thiel-дің “Zero to One” [2014] оқып жатырмын.
Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз?
Менің бала кезімде қазіргідей интернет дамымаған заман ғой. Интернет атауы жаңадан келіп қосылып жатқан кез. Сол кезде әкем өз бетімен ағылшынша, сосын компьютер мамандығы туралы ақпараттарды интернеттен қарап, көп ізденіс жасап оқитын. Менде әкеммен қатарласып отырып кітап оқып ағылшынша оқып үйреніп отыратынмын. Маған әкем өмірде еш нәрсе дайын емес, адам өз еңбегімен жету керек дегенді өз іс әрекетімен, ғибратты үлгілерімен көрсетіп, өмірге деген көз қарасымды дұрыс қалыптастырды.
Жастарға қандай ақыл кеңес бересіз?
Шетелден оқу керек. Білім алу керек. Бірақ шетелде қалып жұмыстамай, өз еліне келіп, туған жердің дамуына үлесіңді қосып, еңбек ету керек деп ойлаймын. Мүмкіндік қай жерде де бар.
КАЗНЬЮС АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Бегарыс Алданышұлы – Жас кәсіпкер құрылыс саласындағы озық технологияларды алып келуді қалайды
Published
1 year agoon
June 14, 202314 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында құрылыс инженеринг саласының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олардың бірі және бірегейі Happy Town деп аталатын тұрғын үй құрылысын салып ел арасында танымал болған жас кәсіпкер Бегарыс Алданышұлы екені белгілі.
Бегарыс Алданышұлы туған жерге ту тігіп, Өлгий қаласының өркендеуіне қалай үлес қосуға болатыны жайлы айтып берді.
Бегарыс инженер болуды бала кезінен армандаған. Улаанбаатар қаласындағы Ғылым технология мемлекеттік университетін құрылыс инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы қаласында мамандығын жетілдіріп Құрылыс материалдарының инженері магистратурасын қорғаған. Алматы қаласында өмір сүрген уақытында бизнесті жүйелі түрде алып жүруге тәжірибе жинақтап, білімін жетілдіреді.
Оның құрылыс саласына қызығуға себепкер болуы Суруга компаниясымен тікелей байланысты. Аталмыш компаниядан жапониялық кайзен әдісін үйреніп өз компаниясына еңгізген.
Мекенжайы: Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы
Қызметі: «Мөстийн ундарга» компаниясының директоры
Әлеуметтік парақшаcы: Begaris Aldanish (FB)
Кәсіптегі алғашқы қадамыңыз қалай басталды?
Туған жерге ту тігу, аймақтың дамуына үлес қосу, халыққа қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында кәсіп ашып жұмыстап келеміз.
Көптеген бизнестермен айналысып келдім. Құрылыс саласына келуіме себепкер болған фактор ол жапонияның Суруга компаниясында жұмыстап жүргенде келген еді. Олардың көзқарасы, жұмысты атқару менежменті қатты ұнады. Кайзен әдісін компаниямызға еңгізіп жұмыстаудамыз.
Кайзен әдісі 5 негізгі элементтен тұрады: топтық жұмыс, жеке тәртіп, моральды жақсарту, сапа шеңберлері, жақсарту бойынша ұсыныстар.
Кәсіптегі серіктесіңіз кім?
Кәсіптегі серіктесім бала күнгі досым Заңғарұлы Жансері. Мамандығы экономист. Бұрыннан бірлесіп кәсіп бастайық деп жоспарлап жүретінбіз. 2021 жылдан бері бизнесте жолымыз бірікті деп айтуға болады.
Жұмыста серіктеспіз, жұмыстан тыс доспыз.
Қазір қандай жобамен айналысып жатырсыздар?
Мөстийн ундарга компаниясы өткен жылы бизнес класс бағытындағы Happy Town – 1 тұрғын үй жобасын 9 ай мерзімінде толық пайдаға бердік. Биыл яғни 2023 жылғы 20 наурыздан бастап жастарға арналған Happy Town – 2 тұрғын үй жобасын бастаған болатынбыз. 5 маусымда бетон жұмыстары толық аяқталды.
Шілде айының аяғында клиенттерімізге қолжетімді шағын тұрғын үй кешендері туралы жақсы жаңалықпен бөлісетін боламыз. Бұл біздің Happy Town – 3 жобасы екенін айта кеткенім жөн болар.
Сапалы әрі жылдам уақытта адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету басты мақсатымыз болып табылады.
Happy Town идеясының қалай келгені туралы айтып берсеңіз…
Әкемнің жолдасы Мүшелбай деген азамат Өлгий қаласына тұрғын үй құрылыстарын салған алғашқы адамдардың бірі. Маған құрылыс инженері болуыма бірден бір себепкер болған кісі – осы ағамыз еді. Өкініштісі 2011 жылы өмірден өтті. Ер азамат тұрғысынан ол кісі әкемнің жолдасы болса да, әкеммен бірдей. Құрылыспен айналысу сол кісінің маған артып кеткен аманаты шығар деп қарадым.
Екіншіден осы жобаларға бақ сынайық, құрылыс жұмыстарына тәуекел етіп бастайық деген Жансері досым болатын.
Happy Town – Бақыт мекені.
Атына заты сай орта қалыптастыру идеясы, басты ұстанымыз болды.
Жастар үшін Баян-Өлгийдегі басты мәселенің бірі – ол жұмыссыздық. Осының салдарынан жастар елімізден жырақ кетіп, Қазақстанда, Кореяда, АҚШ-та, Австралияда, Жапонияда нәпақасын тауып жүр. Осы мәселеге көзқарасыңыз қандай?
Қазір еліміздің экономикасы, аймақ экономикасы статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары көрсетеді. Бірақ ол тек қағаз бетінде ғана. Шынайы өмірде бөлек. Халық саны 100 мыңнан асқан аймақта жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Жұмыс орындарының тапшылығы себепкер. Бірақ та, қандай бір жұмыс жасаймын деген ниеті бар, ынтасы бар адамдарға мүмкіндік бар деп өз басым ойлаймын.
Ал, шетелге шығып жатқан азаматтарды теріске шығармаймын. Бірақ та, белгілі бір мақсаттармен барса. Сол жақтан қандай ноу-хау алып, туған жерге не істей аламын дегенді ойласа жақсы.
Қол сілтеп кетіп қалсақ, қара орман халыққа кім жұмыс орнын ашып, кім қаланы дамытады. Елге белгілі уақыттан кейін оралып, бизнесін ашып, өндірістерін салса нұр үстіне нұр болар еді.
Технологияның жетістіктерін алып келсе. Мысалы құрылыс саласында 10 сағаттық жұмысқа 10 адам жұмылдырылатын болса, оны қалай технологияны пайдалана отырып аз уақытта қалай нәтижелі аяқтауға болатынын еңгізу керек.
Баян-Өлгийді дамытушы күш не деп ойлайсыз?
Біріншіден, Ауыл шаруашылық саласы деп ойлаймын. Ет, сүт бағытында асыл тұқымды мал өсіруге болады.
Екіншіден, географикалық орналасуымыз. Ложистика арқылы туризм саласы дамиды. Қазір біздің ішкі туризмде оған керекті мәдениеті дұрыс қалыптаспаған. Қазақи паст-пут бар ма біз де? Жылдам дайындалатын тағам түрлерін таныстыру керек. Қазы қартадан басқа қандай тағам бар, заманауи бағытқа бейімделуіміз керек деп ойлаймын.
Даян бекеті ашылатын болса, жолы салынатын болса тараптар туризмге назар аударатыны белгілі. Цагааннуур еркін зонасына көрші мемлекеттің азаматтарын арнап казино ашып қоюға неге болмасқа.
Тұрғын үйге деген сұраныс қаншалықты?
Тұрғын үйде тұратын азаматтардың саны аймақ халқының 10 пайызына жетпей тұр. Өз деңгейіміз ше зерттеп көрсек, Өлгийде 1500-1600 отбасы пәтер үйде тұрса, социализм заманынан бері қарай 51 пәтер үй бой көтеріпті. Ал, қала орталығында 1400 хаус яғни 2 қабат үй бар екен. Бұл басқа аймақтармен салыстырғанда 10 есе көп деген сөз. Тұрғын үйге деген сұраныс көп. Адам өмір сүріп жатқан жерде сұраныс бар. Қалауына сай пәтер үйлер қаншалықты. Тұрғын үй құрылысын салған соң оның ауласы, тазалығы, балалар ойнайтын ойыншығы, автотұрағы болуы керек. Бұл талаптардан қаншасы мүдірмей өте алады? – деген сұрақтар туындайды.
Бізде де қателіктер болды. Келесі, келесі жобаларымызда жасыл ортаны қалыптастырып, қателіктерді ескеріп жұмыстап жатырмыз.
Орташа жұмыс күніңіз қалай?
Таңғы 8 де жұмысым басталады. Компанияның басқарма инженерлерімен жұмысты таңертең ақылдаспаймыз. Кешкі жұмыс аяқталған соң 10 минут ғана сөйлесеміз. Бір-бірімізге байланысты шұғыл шаруалар болса арнайы тақталарға жазып кетеміз. Мысалға Бекарысқа байланысты шаруаларды маған телефон соғып, мазалап, іздеудің қажеті жоқ. Тақталарға жазып қалдырса болды.
Ең көп қолданатын қолданбаңыз, бағдарламаңыз қандай?
MS Project бағдарламасымен жақсы жұмыстап жатырмыз. Өткенде барлық инженерлер сабағына қатысты.
Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі не?
Құрылыс саласы көп ақша салынады да нәтижесін көп уақыттан кейін көретін болғандықтан уақытпен жарысып жұмыс істейміз. Кейбір азаматтар пайда көп көру үшін арзан материалдарды қолданып жатады. Біз сапалы, қымбат материалдарға жүгінеміз. Сондықтан біз ақшаны уақыт деп көреміз. 10 күн істейтін жұмысты 8 күнде істейтін болсақ, 8 күнде істейтін жұмысты 5 күнде істеп шыдасақ уақытты үнемдеу арқылы табысымыз артып жатыр деп түсінеміз. Техникаларымыз жақсы болу керек. 40 жұмысшы алып 2 күн жұмыстатқан қандай? Текника жұмыстатып, 20 жұмысшымен 1 күн жұмыстаған қандай?!
Атқарылатын істер тізімін қайда белгілеп, қалай жүргізесіз?
Тақтаға жазып қалдырамыз. Екі оффис жұмыстайды. Басшылық кеңсе, және инженерлердің кеңсесі. Инженердің кеңсесінде қандай материалдар қажет, қандай қызметтер қажет дегенді бір күн бұрын жазып қояды. Бізде диктатура жоқ, жауапкершілік жоғары.
Сіз нені істеуге шеберсіз?
Бізде көптеген компаниялар адамның энергиясын құртатын жұмыстарды механикалық әдіспен атқарып келеді. Мен осы адам күшімен атқарылатын жұмысты қалай жеңілдетуге болатыны тұралы көп ойланамын. Біраз тәжірибелер қалыптастырдым.
Сізге идея қалай келеді?
Жалғыз өзім отырғанда идея келеді. Көбінде Өлгий қаласының сыртына шығып, жаңа салынған жолмен бір айналып, Өлгий үшін не істеуге болады дегендерді ойлағанда жаңа идеялар келіп жатады. Компания құрамындағы бригадалардың жұмысын қалай жеңілдетемін деген сияқты.
Happy Town 2 – жобасының клиенттері кімдер?
Дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер. 30 үйдің 90 пайызына тапсырыс қабылданды.
Бізде көршілер қауымдастығы деген бар. Көршілермен қарым-қатынастың жақсы болуына үндеп, сол бағытта да жұмыстар атқарып келеміз.
Жиі қойылатын сұрақтар?
Әрине көптеген сұрақтар қояды. Бетпе-бет сөйлесіп, істеліп жатқан жұмыстарды көрсетеміз. Ең бастысы пәтер үй жылы болуы керек. Қазір жылу кетсе де ең жылы пәтер үй біздікі.
Кімнен, неден күш қуат аласыз?
Табиғаттан жақсы күш қуат аламын. Көк аспан, асқар таулар рух береді.
Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз?
Әкем 12 жасымда өмірден қайтты. Әкем мені кәсіпке ерте тәрбиеледі. Түн болсын, күн болсын кәсіпке баулитын. Бұл кейін түсінгенімдей әкемнің берген тәрбиесі, маған осы күндері азық болуда.
Болашақта қандай істер атқаруды жоспарлап отырсыздар?
12 сұмынға пәтер үй салу. 50 эко хаус салуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс саласындағы көшбасшы компанияға айналу.
Ең басты ұстанымыз тендерге араласпаймыз.
Жастарға қандай кеңес бересіз?
Мамандық таңдауда қателеспеу керек. Адам өз өзін тану керек. Мен не істей алам дегенге қарай мамандық таңдаса болашақ жарқын болады деп ойлаймын.
Өлгийдің болашағы жастардың қолында.
Сұхбатыңызға рахмет!
Казньюс ақпараттық агенттігі
БӨЛІСУ:
Басты назарда
-
Моңғолияда4 days ago
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
-
Орта Азия және әлемде5 days ago
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
-
Орта Азия және әлемде12 hours ago
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты