Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/class-wp-theme.php on line 1
Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/class-wp-theme.php on line 1
Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-pattern-directory-controller.php on line 1
Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-pattern-directory-controller.php on line 1
Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/widgets/class-wp-widget-media.php on line 1
Warning: Uninitialized string offset 0 in /home/kaznewm/public_html/wp-includes/widgets/class-wp-widget-media.php on line 1
Warning: Constant WP_MEMORY_LIMIT already defined in /home/kaznewm/public_html/wp-config.php on line 49
Warning: Constant WP_DEBUG already defined in /home/kaznewm/public_html/wp-config.php on line 50
Warning: Constant WP_DEBUG_DISPLAY already defined in /home/kaznewm/public_html/wp-config.php on line 51
Warning: Constant WP_DEBUG_LOG already defined in /home/kaznewm/public_html/wp-config.php on line 52 Жыл үздіктері кімдер? – “Алтан Бамбар – 2019” – Kaznews Agency
KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының спорт саласының үздіктерін анықтауға арналған «Алтан Бамбар – 2019» байқауы өтті. Байқау 31 желтоқсанда қорытындыланып, үздіктер анықталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауды аймақтық Спорт және Денешынықтыру басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы ашты.
«Үздік спортшы» – Бердімұратұлы Серік (Моңғол күресінен мемлекеттік начин, 2019 жылғы дзюдо және самбо күресінен ел чемпионы, Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері), Қалиұлы Бекнұр (Дүниежүзілік полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілері арасындағы жарыста карате мен бокс спортынан алтын және күміс жүлдегері), Қажетұлы Серік (Бодибилдингден 2019 жылғы халықаралық жарыста қола, Азия чемпионатында қола, Шығыс Азиялық чемпионатта күміс, Әлем чемпионатында 5 -орын)
«Үздік жас спортшы» – Асқарұлы Жандос (Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері), Болашақұлы Жандос (Дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында қола, ел чемпионатында күміс, Самбодан ел чемпионы )
«Үздік жасөспірім спортшы» – Рахымжанұлы Оралман (VI мемлекеттік балалар фестивалінде бокстан күміс жүлдегері), Асылбекқызы Әсемхан (VI мемлекеттік балалар фестивалінде таеквондодан қола және Ел біріншілігінде күміс жүлдегері)
«Үздік бапкер» – Шөленұлы Ерұлан (Шәкірттері VI мемлекеттік балалар фестивалінде 2 қола, Ел біріншілігінде 2 күміс медаль алған)
«Үздік спорт мұғалімі» – Мүшелбайұлы Мейрамбек (Жалпы білім беретін 3 мектеп мұғалімі)
«Ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Нұрланұлы Мустафа (2019 жылғы “Наадам” мерекесінде 4 жығып, начин атағын алу кезеңінде қарсыласына есе жіберіп алды. Қарсыласы кейін допинг дауына ілінді.), Нармандахын Алтантулга (Бурияд тәсілімен садақ атудан екі мәрте чемпион)
«Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жылдың үздік спортшысы» – Серікұлы Жеңісбек (Аударыспақтан Азия чемпионы, Көкпардан күміс, Теңге ілу сайысының қола жүлдегері)
«Үздік ардагер спортшы» – Қабденұлы Берболат (Коньки тебуден 2019 жылғы Ел чемпионы)
«Үздік спорт федерациясы» – Әуесханұлы Ром (Моңғолияның Көкпар, Аударыспақ, Теңге ілу федерациясы халықаралық жарыстарда 7 медаль иеленген)
«Үздік спорт клубы» – Қаламжанұлы Қуат (Өлгий теннис клубы)
«Үздік спорт құрамасы» – Оралұлы Ертай (Баян-Өлгий аймағының Футзалдан жастар құрамасы Моңғолия Президентінің “Ұлттық кубок – 2019” жарысының чемпионы атанған)
«Үздік спорт журналисі» – Рахатұлы Асылбек (Моңғол Заман газетінің әр санында спорт жаңалықтары жарияланады)
«Спортты қолдаушы үздік ұйым» – Мұратұлы Тілеуберді (ЭрчимБаян-Өлгий компаниясы спортшыларға үздіксіз демеушілік жасап келеді)
«Спортты насихаттаушы үздік ақпараттық агенттігі» – Қабайұлы Өмірбек (КазНьюс агенттігі үздіксіз 8 жыл бойы спорт саласындағы ақпараттарды таратып келеді)
62 елдің үздік спортшылары қатысқан Астанада өткен чемпионатта Mr.olimpia amateur qualifier Astana IFBB PRO 2023 сайысында (Mensphysique Novice категориясында) алтын медалды Моңғолия елінде тұратын Еркебұлан Байытұлы атты спортшы қандасымыз жеңіп алды.
Сонымен қатар осы спорттың Mensphysique Open Class D түрінен қола медалды тағы қанжығасына байлаған. Бұл туралы үздік спортшының Моңғолияда тұратын әкесі ақын Байыт Қабанұлы хабарлады.
Жазба авторы бұл Астана қаласында болып жатқан әлемдік деңгейдегі аса беделді спорттық шара екенін айтады.
Ақын Байыт Қабанұлы баласының Астанаға барғанда алдынан күтіп алып, үйіне жатқызып, барлық жағдайын жасаған Ұларбек Дәлейұлына және оның отбасына ризашылығын білдірген.
27 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы Бекнұр Қалиұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Моңғолия құрама сапында +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекнұр Қали командаластары арасынан алғашқы болып рингке Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19-шы Азия ойындарында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы қатысуда.
Сонымен қатар баскетболдан қыздар арасындағы сайыста Бұлбұл Мұратқызы бақ сынауда. Баскетбол командасы 27 қыркүйекте алғашқы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Екінші кездесуін 29 күні Үндістан, үшінші кездесуін 1 қазан күні Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ Моңғолия спортшылары 19-шы Азия ойындарында бүгінге дейін 6 медаль иеленуде. Ел қоржынында 2 күміс, 4 қола бар. Биылғы Азия ойындарына 410 спортшы бақ сынауда.
Моңғолия 1974 жылдан бері Азия ойындарынан барлығы 161 медаль жеңіп алса, олардың 24-і алтын, 46-сы күміс, 91-і қола медаль.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.