Connect with us

Жаңа есім

eBay компаниясының инженері Ақжол Серікханұлы

Published

on

14 желтоқсан. KAZNEWS. Оқыған, дарынды қазақ жастарының шетел асып, әлемнің алпауыт компанияларында табысты қызмет ететіні жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Бүгін әйгілі eBay компаниясында ақпараттық технология инженері болып қызмет атқарып жүрген Ақжол Серікханұлы туралы қызықты ақпараттарды ұсынамыз.

Серікханұлы Ақжол 1993 жылы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында дүниеге келген. Атасының жағдайына байланысты Моңғолияға көшіп келіп, сонда балабақшада тәрбиеленіп, орта мектеп мен университетті Улаанбаатар қаласында бітірген. Моңғол мемлекеттік университетінен Электроника мамандығы бойынша жоғары білім алған. Университетте оқып жүргенде алгоритм, бағдарламалау сабақтарына деген қызығушылығы программист болуға итермелеген. 

Алғашқы қызметін 2018 жылы E-Barimt жобасынан бастаған. Бір жылдан кейін АҚШ-қа Computer Science бағытында білімін жетілдіру үшін аттанған. Қазір онлайн жүйеде білім алумен қатар онлайн сауда саласындағы АҚШ-тың екінші орынындағы eBay компаниясында қызмет атқарады. 

Мекенжайы: Остин, Техас, АҚШ

Қазіргі атқаратын қызметі, лауазымы: Ақпараттық технология инженері

Қолданатын ұялы телефоны: Samsung Galaxy S10+

Пайдаланатын компьютері: Macbook Pro

Әлеуметтік желіде: FB: Akjol Ace

eBay сізді қалай тапты?

АҚШ-та ақпараттық технология саласындағы бәсекелестік өте күшті. Жалпы Америкада қандай компанияда жұмысқа орналасқыңыз келсе, сол компанияның сайтына кіріп, өзіңіз apply жасайсыз. Осы дәстүр бойынша алдымен өтініш жасау, әңгімелесуден өту (behavioral questions), технологиялық сауалдарға жауап беру (technical questions), мәселені шешу біліктілігіне қатысты есептер шығару (problem solving skills) қатарлы 5 сатыдан тұратын іс-тәжірибеден өтіп барып, жұмысқа қабылдандым.

eBay –да еңбек етудің ерекшелігі неде?

20-дай елде қызмет көрсететін бөлімшелері бар. Айында орта есеппен 746,5 млн адам қатынайтын Американың топ 2-ші онлайн сауда порталы болғандықтан оның жауапкершілігі де жоғары әрі үйренетін дүниелер де жеткілікті. Distributed, Scalable, Reliable system-інің жетілдірілген үлгісі бойынша жұмыстаумен қатар оқып үйренудемін.

Ақпараттық технология саласында көшбасшы болған АҚШ-тағы алғашқы еңбек жолымды eBay компаниясында бастағандықтан әр кез мақтанышпен еске аламын. 

eBay деп аталғанда еске түсетін үш нәрсені атасаңыз?

Тек үлкен компаниялар ғана емес, әрбір жеке адам, тұтынушы өзі сатқысы келетін затын онлайн жүйеде сата алады.

eBay шақыру саудасы мен ескі-құсқы зат сату бойынша АҚШ-та алдыңғы орын иеленеді.

Ақпараттық технология саласында көшбасшы болған АҚШ-тағы алғашқы еңбек жолымды eBay компаниясында бастағандықтан әр кез мақтанышпен еске аламын.

Ақпараттық технология саласында болып жатқан орасан өзгерістер мен болашақтағы даму бағыты қандай?

Cloud technology (бұлт технологиясы), Machine Learning, Artificial Intelligence, Data Science салалары бұл бағытта қазір көшбасшылыққа ие. Телефон арқылы-ақ әлемдегі неше миллиард ақпараттық дерекке қосылып, ақпараттық технологиялар көмегімен күрделі дүниелерді жеңіл түрде атқара алатын болдық. Тек ақылды смарт телефондармен үйдің жарығы, ауа алмастыру мен жылу жүйелерін басқару жеңілдетіліп, уақытымыз үнемделе бастады. Бұл ғажап емес пе?!

Әрине, ал өзіңіз ең көп пайдаланатын, қолдануға қолайлы бағдарлама, қосымшаларды атап өтсеңіз?
Youtube, Sublime, Spotify, Monday.

Жұмыс кестесін қайда қозғалтасыз?

Monday мен Trello –ны пайдалануға құмармын.

Жұмыс тәсіліңізді қысқа да нұсқа түсіндіріп берсеңіз?

Таңғы 5 сағатта оянып, гимнастика жасап, жұмысқа келген соң түске дейін шаруаның біразын тындырып тастауға тырысамын. Басқа нәрсеге көңіл бөлмей, қолға алған жобаға бар назарымды аударып, бір жағына шығаруға күш саламын.

Үйден де еңбек ете беруге мүмкіндік бар болғандықтан уақытқа көп бағынбаймын. Қалаған уақытта 20-30 минут мызғып алуды теріс көрмеймін (күліп).

Дәл қазір қандай жоба бойынша жұмыс жасап жатырсыз?

Қазір 300 миллиондай тұтынушы тіркелген жобаны қолға алдық. Компания құпиясына қатысты мәлімет болғандықтан одан әрі баяндауға болмайды (күліп).

Сіз есте сақтау қабілеті спорты бойынша әлемдік чемпионсыз. Осы бағытта балаларға қандай кеңес бересіз?

Есте сақтау қабілеті, логикалық спортпен айналысу арқылы барлық нәрсені бір қарап-ақ немесе ести сала жаттап алу басты мақсат емес. Қысқа мерзімде жадыда сақтау мүмкін болғанымен ұзақ мерзімде жадыға сақтау оңай емес. Есте сақтау қабілетін арттыру үшін әркім өз ерекшелігіне сай келетін тәсілді тапса, сол көп көмек болады деп сеніммен айта аламын.

Бір нәрсеге ойыңыз толық шоғырланбаған жағдайда 1 сағат жұмсайтын дүниені түйсігіңіз түйіскен кезде 15-ақ минутыңызды арнайтын боласыз. Бұл тек жаттығу сәтінде ғана емес, кәсіптік оқулық, журнал, сайттағы жаңалықтарды оқып түсіну, өнімді еңбек ету, мәселенің шешімін қысқа уақытта табу кезіне де қатысты. Сондықтан жасап жатқан жұмысыңызға бар күшіңізді жұмылдырып, ой түйсігіңізбен баса назар аудару қажет.

Есте сақтау қабілеті, логикалық спортпен айналысу арқылы менің тапқан ең үлкен жетістігім осы қасиет деп ойлаймын.

Маңызды сынақтар мен емтихан алдында қазақ әндерін тыңдап, ләззат алып, рухтанып қаламын.

Сіз қандай әуенді тыңдайсыз? Қай аспапты ұнатасыз?

Дәл жұмыс уақытында бар назарым жұмысқа ауатындықтан қандай ән айтылып, музыка қойылса да тыңдамаймын (күліп). Бірақ маңызды сынақтар мен емтихан алдында қазақ әндерін тыңдап, ләззат алып, рухтанып қаламын.

Ана жанр, мына жанр демей, көңілге жағымды әндердің барлығын тыңдаймын. Классикалық, хип-хоп, софт рок деген сияқты.

Қандай кітап/мақала оқып жатырсыз?

Кәсібіме қатысты 2 кітап оқудамын. Одан басқа Paulo Coelho –ның «Алхимик» пен Mario Puzo –ның «Өкіл әке» кітаптарын қараудамын.

Сіздің илеалыңыз кім?

Менің идеалым – LeBron James. АҚШ-тағы ең таңдаулы баскетболшы ғана емес, әлемдегі ең керемет ойыншы деп ойлаймын. Тек баскетбол алаңында ғана емес, алаңнан тысқары тірлікте болашағымыз болған тұрмысы қиын балаларға қол ұшын беріп, жігерлендіріп, үміт сыйлауы, балалардың үлгі тұтар нағыз қаһарманы, жақсы отағасы, дүниежүзіндегі миллиондаған көрермен мен жанкүйерлері үшін үлгілі ойыншы болуынан үлгі алғым келеді. Жасаған істері мені жігерлендіреді.

Өмірден алған сабағыңыз?

Мен қадір тұтатын анамнан кем емес, Елемес пен Күлжәміш деген екі апайым бар. Олар маған ең маңызды нәрсе, ол- отбасың деп үйретті. Өмірде барлық нәрсе дайын болмайды. Жақсы тұрмысқа жету үшін үнемі ізденісте болып, денің сау болу арқылы ғана жетесің деп кеңес беретін. Мен үнемі отбасыма қол ұшын бергенді жақсы көремін.

Сонымен қатар тағы бір ақылшым бар. Ол – мен құрметтейтін Сәбит ағам. Маған тәжірибе жинақтау мен жетістікке жету жолын нұсқады. Кірпішпен құрылыс тұрғыздық деп ойлайық. Құрылысқа қажетті әр кірпіштің өз міндеті бар. Құрылысқа қаланатын бір кірпіш қанамын деп ойламай, өзіңнің қабілетің мен тәжірибеңді арттыруың керек. «Өзіңді жақсартуға қатысты бір қырыңа тәулігіне кең кем дегенде бір сағатыңды жұмса»,- деп кеңес беретін. Осы жұмсалған бір сағат өнімділігі құрылысты тұрғызуға қажет бір кірпіш саналатын. Егер әр кірпіштің сапалы болуына бір сағат уақытыңызды бөлсеңіз, 5 жылдан кейін қандай сапалы, керемет ғимарат тұрғызғанызға куә боласыз.

Жетістікке жетуге сізге не әсер етті? Жастарға берер кеңесіңіз?

Отбасым бен жақсы көретін адамдардың сенімінен шығуға тырысамын. Егер қандай бір істі дұрыс деп тапсаңыз, үрейленіп именбей, жасап көр деп кеңес беремін.

Қателесудің өзі сабақ. Сондықтан өзіңе-өзің өте сенімді бол. Сенің қолыңнан келмей қалса да, саған сүйеу мен тіреу болар отбасың бар екенін ұмытпа.

 

KAZNEWS ақпараттық агенттігі

Тағы оқыңыз:

«Есте сақтау» бойынша «грандмастер» атанған жалғыз қазақ Моңғолияда 

Advertisement


Жаңа есім

Берікбол Әкебайұлы: Басты мақсатымыз – әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу

Published

on

29 қараша, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігінің «Іскер азамат» жобасының кезекті қонағы Берікбол Әкебайұлы.

Берікбол Әкебайұлы, туған жылы 1987, туған жері Баян-Өлгий аймағының Ногооннуур сұмыны. Баян-Өлгий аймағының Ногооннуур сұмынындағы жалпы білім беретін мектептің түлегі. 2009 жылы Қобда университетін орыс-ағылшын тілінің мұғалімі мамандығымен тәмамдаған. Ресей Федерациясының Барнаул қаласында орналасқан Алтай мемлекеттік университетіне магистратураға жолдама алған. 2010 жылы Қобда университетінде магистратурасын сәтті аяқтап, Прогресс аға мектебінде алғашқы еңбек жолын бастаған. 2012 жылы арман қуып Түркияға докторантура оқуға аттанады. 8 жыл білімін жетілдірумен қатар, мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда Баян-Өлгий аймағында орналасқан «Дарын» кешенді мектебінде ағылшын тілі пәнінің ұстазы, «Алтай академиясының» директоры болып қызмет атқарып, шәкірт тәрбиелеп жүр.

Мекенжайы: Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы
Қызметі: «Алтай академиясының» директоры
Әлеуметтік парақшаcы: Berik Akebai (FB)

ТІЛ ҮЙРЕТУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ ИДЕЯ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?

Еңбек жолымды Қобда аймағынан бастап, Түркияда жалғастырып жүргенде өзімнің жұмыс істеген ортамдағы жастардың білімге құштарлығын оятып, білім жолында жетістікке жетулеріне көмектесіп отырдым. Сол сәтте неге өзім туған қара мекенге барып, жеткіншек іні-қарындастарымның халықаралық беделді жоғарғы оқу орындарына жолдама алуға жол көрсетіп, қолдан келген көмегімді беруге болмасқа? – деген сауал туындады.

Атақты Хенри Фордтың «Мың жылдың қамын ойласаң адам қорын дамыту керек»-деген нақыл сөзі бар. Біз болашақта дамыған елдердің қатарынан көрінуді армандасақ бірінші саналы да сауатты ұрпақ, әлемдік бәсекелістікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеуміз қажет. Алтай академиясын орнатуға түрткі болған себепте осы. Бұл өзімнің қоғам алдындағы жауапкершілігімді терең түсініп, аймағымыздың оқу сапасын арттыруға хал-қадірімше үлес қоссам деген шын көңілден туған идея еді. Міне, жүзеге асырып отырғаныма қуаныштымын.

«Әр нәрсе өз уақытында жасалады» деген қағиданы қатаң ұстанамын.

СІЗДІҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІҢІЗ ҚАНДАЙ? ОРТАША ТӘУЛІКТІК ЖҰМЫС КҮНІҢІЗ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Менің күнделікті жұмысым әр апта, тұрақты түрде таңертеңгі 8 сағаттан кешкі 20 сағатқа дейін жалғасады. Яғни аптаның 7 күнінде де жұмыс жасаймын. Жұмыс жоспарым айлық, апталық және күндік ретімен жоспарланады. Бүгінгі істі ертеңге қалдыруды қаламайым. Сондықтан «Әр нәрсе өз уақытында жасалады» деген қағиданы қатаң ұстанамын. Өйткені уақыт алтын. Алла Тағала алдында да сұралатын дүниеміздің ең маңыздысы уақытымызды қалай өткізгеніміз жайылы екенін жақсы білесіздер. Сондықтан әр күнімді, әр сағат, әр минутімді тиімді пайдаланып, қолымнан келгенше сауапты жақсы істерге жұмсауға тырысамын.

ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ? ОҢ ЖӘНЕ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ?

Ниеті таза, жүрегі мен ой санасы таза, оқуға құштар, білсем, үйренсем деген ниетті оқушылармен жұмыстаудан күш, қуат аламын. Мұғалім мамандығының бір ерекшелігі ол «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Істеген ісіңнен ләззәт алудың сыртында, оқушылардан позитив энергия алу арқылы өмірге деген құштарлығыңыз еселеп артып отырады.

«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға» – деп Абай атамыз айтқандай, бізден білім алған жастарымыз қоғамға пайдасы тиетін, салиқалы азамат болып қалыптасса еңбегіміздің өтеуі осы деп білеміз.

 

УАҚЫТ ҮНЕМДЕУДІҢ ҰТЫМДЫ ТӘСІЛІ НЕ?

Барлық нәрсе ретімен, жоспармен болуы қажет. Уақыттың ағымымен емес, уақытты өз ықпалыңа сәйкестіріп өмір сүру.

ЕҢ КӨП ҚОЛДАНАТЫН, ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰШТАР ЖҰМЫС ҚҰРАЛЫҢЫЗ, ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Бүгінгі ғылым-техника дамыған XXI ғасырда, көптеген ақылды техникалық құралдарды дұрыс қолдану арқылы жұмысыңызды жеңілдете аласыз. Қолданатын құралдарым ұялы телефон, компьютер және киндл (kindle). Мысалы компьютерді іс-қағаздар жазуға, ұялы телефонды алыс-жуықтағы жұмыстарымды жүргізуге, киндлді кітап оқуға қолданамын. Қолданбалы қондырғылар дейтін болсақ көбінесе тіл үйрену және үйрету қондырғыларын көп қолданамын.

АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР ТІЗІМІН ҚАЙДА БЕЛГІЛЕП, ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗЕСІЗ?

Телефонның Notes яғни белгілеу програмы арқылы белгілеймін.

СІЗ НЕНІ ІСТЕУГЕ ШЕБЕРСІЗ?

Мен жаңа нәрсе үйренуге, жаңашылдықты қабылдауға шебермін. Уақытым болса шетел тілдерін зерттеп, үйренуге құштармын. Сондай-ақ спортпен шұғылданып, ән салуды да ұнатамын.

ҚАЗІР ҚАНДАЙ ЖҰМЫСҚА НАЗАР АУДАРЫП ЖАТЫРСЫЗ?

Халықаралық және мемлекеттік әр түрлі емтихандарға оқушылар дайындау үстіндемін. Бұл емтихандардың нәтижесі олардың жарқын болашағына оң ықпал ететін болғандықтан, осы іске бар ынта жігерімді жұмсаудамын.

КІТАП КӨП ОҚИСЫЗ БА? ДӘЛ ҚАЗІР ҚАНДАЙ КІТАП НЕМЕСЕ МАҚАЛА ОҚУДАСЫЗ?

Иә, көп оқимын. Дәл қазір жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінде жазылған Stephen R.Covey-дің «The 7 habits of highly effective people» немесе «Жоғарғы табысқа жеткен адамдардың жеті дағдысы» атты кітабын оқудамын. Өзімнің мамандығым және оқушылардың тәлім-тәрбиесіне байланысты кітап және мақала, зерттеулерді көп оқимын.

СІЗДІҢ МІНЕЗІҢІЗ ТҰЙЫҚ ПА ӘЛДЕ АШЫҚ ПА?

Әр адамның мінезі, астындағы тұлпары. Бүгінге дейін мінезіңіз тұйық деп айтқан адамды кездестірмедім (күлді). «Жақсыда жаттық келеді, жаман аптық келеді» дейді қазағымыз. Адамдармен мейілінше сыпайы қарым-қатынас жасап, жаттық болуға тырысамын.

СІЗ ҚАНША УАҚЫТ ҰЙЫҚТАЙСЫЗ?

Үш арсыздың бірі ұйқы болғандықтан мен ұйқымды жеңуді бала кезімнен қолға алған адаммын. Кейбір сәтте қарбалас жұмысқа байланысты өте аз сағат ұйықтауға тура келеді. Әйтседе, 5-6 сағат ұйықтауды әдетке айналдырдым.

ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ МУЗЫКА ТЫҢДАЙСЫЗ БА? ҚАНДАЙ ӘУЕНДЕРГЕ ӘУЕССІЗ?

Өнер мен білім құстың қос қанатындай дүние деп ойлаймын. Жұмыс кезінде көбінесе классикалық музыкалар мен қазақтың домбырада шерткен күйлері мен әндерін тыңдауды ұнатамын. Әрине мамандығымыз шетел тілі пәнінің ұстазы болғандықтан шет тілді әндерді де тыңдауды ұмытпаймын.

СІЗДІ ЖҰМЫСТАН ТЫС УАҚЫТТА ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ?

Кітапхана мен спорт залдардан, демалыс күндері кофе шоптардан… (Күлді).

КІМДІ ҮЛГІ ТҰТАСЫЗ? КІМНЕН, НЕДЕН КҮШ ҚУАТ АЛАСЫЗ?

Абайды үлгі тұтамын. Өйткені қазақы болмыс, биік қасиет Абай атамыздың сөздерінен табылады. Қазіргі жастар әртүрлі шетелдік талант иелеріне тамсанып, таңдай қағып еліктеп жатады. Бірақ, талант бір басқа, ұлттық болмыс ол бөлек әңгіме. Қытайдың Күнзісі, Немістің Гетесі, Ресейдің Толстойы, Ағылшынның Шекспирінен Абайдың бірді-бір кем түсетін жері жоқ. Керісінше кейбір тұстарда ой салмағы басым түсіп жатады. Сондықтан, Абайды оқу арқылы ұлттық құндылықтарымызды танып, біліп, болашақ қазақ жастарын Абайдың тағылымы мен тәрбиелеуге болады.

Адал еңбек арыңды кірлетпей, алысқа жетелейді. 

ӨМІРДЕН АЛҒАН ЕҢ ЖАҚСЫ ҒИБРАТЫҢЫЗ…

Адал еңбек арыңды кірлетпей, алысқа жетелейді. Өзіңді басқаларға мойындату үшін сөз емес, іс маңызды, дегенді жан-тәніммен түсіндім. Табысқа жету үшін тынбас талап, қажырлы еңбек, мұқалмас жігер керек. Менің өмірден алған ғибараттарым осы.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ?

Қазіргі жаһандану заманында барлық халықтың ортақ байланыс құралына айналған ағылшын тілін үйрену әр адамға жаңа мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Заманауи ғылым мен техниканы жеттік меңгеру үшін де ағылшын тілі ауадай қажет болып отыр. Өкініштісі біздің жастардың көбісі не үшін ағылшын тілін үйренгісі келетінін білмейді.
Сондықтан ең бірінші мақсат айқын болу қажет. Өзінің ағылшын тілі білімінің деңгейін білу арқылы арықарай білімін жетілдіруге арнайы уақыт жұмсаған жөн. Өзіне уақыт шығарып, оқу, жазу, тыңдау, сөйлесу қатарлы дағдыларды тең дәрежеде меңгеру арқылы қысқа уақыт ішінде ағылшын тілін үйренуге толық мүмкіндік бар.
Әрине, ағылшын тілін үйренгісі келетін жастарға біз көмектесе аламыз.

Алтай академиясына байланыс жасау: 9587-4848

ӘҢГІМЕҢІЗГЕ РАХМЕТ!

КАЗНЬЮС АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІ

Continue Reading

Жаңа есім

Жалғас Әділбаев: Екі елдің ынтымақтастығын дамыту – біздің негізгі мақсатымыз

Published

on

08 қараша, KAZNEWS. Улаанбаатар. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Жұмаұлы Казньюс ақпараттық агенттігіне сұхбат берді. 

Сұхбаттан Елші мырзаның жұмыс тәсілі мен Қазақстан-Моңғолия арасындағы қарым-қатынастардың келешегі туралы қысқаша ақпараттар алатын боласыздар.

Мәртебелі елші мырза! Бізге сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Бүгінге дейінгі жұмыс карьераңыз қандай болды?

Сұрағыңызға рахмет! Мен осы Сыртқы істер Министрлігінің жүйесінде 23 жыл қызмет етудемін. Министрлікте алдымен Кеңесші болып жұмысымды бастағанмын. Кейіннен Орталықта Басқарма басшысы, Департамент директоры, Комитет Төрағасының орынбасары, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші қызметтерінде, ал Қазақстан Республикасының шет елдердегі Елшіліктерінде, соның ішінде Литва Республикасында, Австрия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Арменияда Кеңесші, Кеңесші-Уәкіл, Бас консул лауазымдарында қызмет атқардым.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Мңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалдым.

Орташа тәуліктік жұмыс күніңіз қалай өтеді?

Жұмысқа таңертеңгі сағат 8:30-да келемін, содан кешкі 19:30-ға дейін жұмыс істейміз. Сенбі күндері де сағат 13:00-ге дейін жұмыста болып, сосын үй шарушылығымен айналысып, жексенбі күндері демалуға тырысамыз.

Кейде жанұмызбен қала сыртына шығамыз, түрлі демалыс орындарына барамыз. Қазіргі әлемді, елді жайлаған пандемияға байланысты көбіне үйде боламыз.

Сіздің жұмыс тәсіліңіз қандай?

Жұмыстарымды алдын-ала жоспарлаймын. Барлық шараларды алдын-ала пысықтап, жан-жақты дайындап, тиянақты жұмыс істеуге тырысамын. Біздің жұмысымызда барлық мәселе өте маңызды болғандықтан, әрбір нәрсені егжей-тегжейлі пысықтауға тырысамыз.

Жұмысыңыздың ерекшелігі неде? Оң және кері әсерлері?

Жұмысымыздың ерекшелігі көп, екі елдің арасындағы маңызды жұмыстар мен шаралар болғандықтан, ең бастысы, жұмысымыз адам өміріне де қатысты болғандықтан қате жібермеуіміз керек. Әрбір айтқан сөзің ел атынан айтылатын болғандықтан, күні бұрын дайындалалып, айтар сөзіңді саралап, әрбір айтылған сөзге жауаптысың. Оң әсері де өте көп, оның себебі, сенің еліңнің абыройы көтерілген сайын, біздің де жұмысымыздың қорытындысы көрінеді.

Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі не?

Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі – оны жоспарлау, сонымен қатар тек өз уақытыңды емес, өзгенің де уақытын қадірлей білу деп ойлаймын.

Атқарылатын істер тізімін қайда белгілеп, қалай жүргізесіз?

Өзімнің жұмыс үстелімде күнделігім бар, соған барлық кездесулерімді, болатын шараларды күні бұрын жазып қоямын. Алдын-ала кіммен телефон арқылы, қандай мәселелермен сөйлесу керектігін дайындап алуға тырысамын.

Кімнен, неден күш қуат аласыз?

Жүргізген ісімізден, мағыналы өткен шаралардан қуат аламыз. Бұған қоса, балаларымның жеңістері, бауырларымның амандығы мен өзара бірлігі де қосымша қуат береді.

Сіз кәсіби қызметіңізден бөлек нені істеуге шеберсіз?

Кітап оқығанды жақсы көремін, кітап таңдауға шебермін деп ойлаймын. Жаяу жүргенді жақсы көремін.

Қазір қандай жұмысқа назар аударып жатырсыз? Қазақстан-Моңғолия арасындағы қарым-қатынастардың келешегін Сіз қалай болжамдайсыз? Қойылған мақсаттарға жету үшін екі тарап не істеуі керек?

Екі елдің ынтымақтастығын дамыту – біздің негізгі мақсатымыз. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы өзара ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілді деп айта аламын.

Оның басты себебі – 2019 жылы 10-12 қазанда Моңғолияның сол кездегі Премьер-министрі У.Хүрэлсүхтің Қазақстанға ресми сапары көлемі жағынан зор, мәні жағынан терең де мағыналы сапар болды.

Осы сапардың барысында Моңғолия Премьер-министрінің ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевпен кездесуі және ҚР Премьер-министрі А.Маминмен өткізген келіссөздерінде көп жылдардан бері қордаланып келген екіжақты қатынастардағы өзекті мәселелер шешіліп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтыған көптеген салаларды бірлесіп алға жылжыту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазіргі таңда Моңғолия-Қазақстан Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия өз жұмысын жемісті атқарып жатыр.

Мәдени-гуманитарлы салада ҚР мен Моңғолия арасында 8 келісім-шартқа қол қойылды.

Бұған қоса, 2021 жылдың 10-13 қазанында Моңғолияның Сыртқы қатынастар Министрі Б.Батцэцэгтің Қазақстанға тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан бергі алғашқы ресми сапары болып өтті. Осы сапар барысында Б.Бацэцэг ханым Қазақстан Республикасының Президентімен, Үкімет басшысымен және Сыртқы істер, Сауда Министрлерімен кездесіп, екі ел арасындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз…

Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу. Қолдан келгенше көмек көрсету.

Жас мамандарға қандай кеңес бересіз?

Өз мамандығын қадірлеп, жақсы маман болуға тырысу. Үнемі ізденіп, өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіру. Көп оқып, көп білу. Жұмысына беріліп, ұқыпты, тиянақты маман болуға тырысу.

ӘҢГІМЕҢІЗГЕ РАХМЕТ!

КАЗНЬЮС АҚПАРАТТЫҚ АГЕНТТІГІ 

Continue Reading

Жаңа есім

М.Ибрай: Жаңа тұрғын үйлердің зерттеу, санағын жасадық

Published

on

Құрылысты дамыту орталығы директорының орынбасары М.Ибрай: Жаңа тұрғын үйлердің зерттеу, санағын жасадық.

-Құрылысты дамыту орталығы, “Барилга.мн” сайтымен бірлесіп жаңадан пайдаға берілген тұрғын үйлердің санағы мен зерттеуін жасады. Осы зерттеудің маңызы мен мақсаты туралы ақпарат берсеңіз?

-Улаанбаатар қаласындағы ғана емес еліміз көлеміндегі тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үйлерге сұраныс пен ұсынысты анықтау, тұрғын үйлердің бағасын зерттеу, сондай-ақ, пандемия құрылыс саласына және шаруашылық бірліктерге қалай әсер етіп жатқандығын айқындау, кәсіпкерлерге кездесіп отырған мәселелерді шешу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында зерттеу жасадық. Жаңадан пайдаға берілген тұрғын үйлер санағын 2021 жылдың үшінші мезгілінде аяқтап, “Тұрғын үйлер ақпарат қорын” әзірлеудеміз.

-Биыл Улаанбаатар қаласында қанша тұрғын үй пайдаға берілді?

-Улаанбаатар қаласы көлемінде салынып жатқан жаңа тұрғын үйдің 240 жобасы, жеке тұрғын үйдің 118 жобасы, яғни, барлығы 358 жоба атқарылуда. Бүгінгі жағдаймен осы жылы 13560 ауылдық тұрғын үй, 1997 жеке тұрғын үй пайдаға берілді.

-Зерттеуге қамтылған тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы қандай?

-Біз жаңа тұрғын үйлердің баға санаттарын салыстыра отырып сауалнама жүргіздік. Улаанбаатар қаласында стандарт тұрғын үйлердің шаршы метрінің орташа бағасы 2.1 млн төгрөг, орта деңгейдегі тұрғын үй 2.6 млн төгрөг, бизнес санаттағы тұрғын үй 4,2 млн төгрөг, сәнді тұрғын үйлердің орташа бағасының шаршы метрі 5.5 млн төгрөгке дейін жетеді. Орналасқан өңірі, құрылыс сапасы, сыртқы безендіруіне байланысты жаңа тұрғын үйлердің бағасы әр-түрлі.

-Жұқпалы індеттің әсеріне байланысты құрылыс компанияларына қандай мәселелер кездесуде? Сонымен қатар, құрылыс компанияларын қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарудасыздар?

-Жұқпалы індет Моңғол еліне ғана емес дүниежүзіне әр түрлі әсерін тигізуде. Елімізде құрылыс материалдарының бағасы 10-90% өсті, жұмысшылар азайды, компаниялардың айналым қаражаты таусылды, құрылыс материалдарының тапшылығы, шекара, кеден мәселелері, транспорттың бағасы қосылғаны сынды көптеген мәселелер кездесіп жатыр. Моңғол елі Үкіметінің іске асырып жатқан Экономиканы құтқару 10 трлн төгрөг кешендік жоспар аясында 3 трлн төгрөгтік қаржыландыру құрылыс саласын қолдауға жұмсалуда. Бұл тұрғыда құрылыс компанияларының сатылымын қолдау мақсатында ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетіліп, ипотекалық қаржыландыру көлемі ұлғайтылды. Қазіргі уақытта сатылған барлық пәтерлердің 70% ипотекалық несие арқылы сатылған. Жаңа тұрғын үйлердің зерттеуін жасаудағы тағы бір мақсатымыз жылында қанша қаржы ипотекалық несиеге қажет екендігі, жылында қанша тұрғын үй жаңадан пайдаға беріліп жатқандығы, және ол үйлердің қаншасы ипотекалық несие арқылы сатылып жатқандығын зерттеу болып табылады.

-Тұрғын үйлердің салынуы мен сыртқы безендірулері туралы зерттеу жасалды ма?

-Құрылыстың қасбеті (фасад), сыртқы безендіруі бойынша зерттеулер де жасалды. Пайдаға берілген барлық жобаның 55% толығымен бетоннан жасалған, 40% темірбетон қаңқасымен құрастырылып жасалған болса қалған 4% кірпішпен қаланып салынған.

Қасбетке келетін болсақ, 54% полистирол көбік фасад, 25% темір метал, 10% тас, 3% әйнекті фасадпен салынған. Жобалардың 93% сыртқы алаңына мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жол салған.

Құрылыс туралы заңда барлық алаңның 30 пайызына сыртқы безендіру жұмыстары жасалады деп көрстеліген. Олай болса зерттеуге қамтылған барлық жобаның 91 пайызы 30 пайызға дейінгі алаңына безендіру жасаған болса, 30 пайыздан көп алаңға безендіру, көгалдандыру жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз еткен тұрғын үй қалашықтары барлық жобаның 9 пайызын ғана құрайды.

Қорыта айтар болсам, соңғы жылдары құрылыс саласы озық технологияларды енгізіп, әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы ғимараттар мен тұрғын үйлер салып қарқынды дамып келе жатқаны мақтауға тұрарлық.

Continue Reading

Жаңа есім

Ризабек Жазидолдаұлы: ҚарЛаг қасіреті

Published

on

31 мамыр, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасында өтетін онлайн-байқауға суретші Ризабек Жазидолдаұлы қатысып жатыр.

Ризабек Жазидолдаұлы @rizabek.jazidolda, суретші, 1979 жылы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген. Көптеген халықаралық көрмелерге қатысқан.


Суретші туындысын «ҚарЛаг қасіреті» деп атаған. Суретті сызу үшін тарихты зерттеп көрген. ҚарЛаг тарихы жетпіс жыл билік құрған кеңестік биліктің зор­лықшыл саясатының қасіретті куәсі және қуғын-сүргін саясаты жүрілген кезде олардың арасында балалар да жапа шеккенін көруге болатынын айтады.

ҚарЛаг қасіреті

Қабырғадағы күннің жарығы түбінде бір қазаққа жарық күннің нұры келеді дегенді білдіреді. Әппақ көгершіндер осында болған адамдарды еске алуға келгендерді, қуыршақтар қамауда балалардың болғанын, олардың «бізді де ала кет» деп тұрғанын байқауға болады. Қағаздан жасалған құстар қамауда болған адамдарды бейнелейді. Ал сол құстардың көлеңкесі арқылы қамаудағы адамдардың тағдыры құс болып ұшқанын көрсеткен.

Туындыдан Сталиннің жоғарыдағы суреті қылышынан қан тамған заманындағы бейнесі мен жерге қарай құлап жатқан Ленинмен Сталиннің суретін байқауға болады. Олардың өздері де, заманы да құрдымға кеткенін көрсетуге тырысқан.

Суреттің жоғыры жағынан «Бізді ұмытпа» деп қанмен жазылған жазуды көруге болады.

Ал, орындық пен гүлдер қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне арналады.

Continue Reading

Басты назарда