Connect with us

Орта Азия және әлемде

Air Astana әуе компаниясы 2016 жылы Улаанбаатарға жаңа рейс ашады

Published

on

Air Astana әуе компаниясы 2016 жылы Улаанбаатар мен Тегеран қалаларына жаңа рейс ашуды жоспарлауда.

Бұл туралы компанияның бас менеджері Гүлнәр Сәтбаева хабарлады.

Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын еліміздің басты әуе компаниясының басшылығы алдағы жылдары Астанадан әлемнің негізгі бизнес қалаларына қатынайтын рейстер ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Жоспарға сәйкес, 2015 жылы Астанадан Дубайға, 2016 жылы Гонконгқа, 2017-2018 жылдары Токио, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына әуе бағыттары ашылады деп күтілуде.

Air Astana біріккен қазақ-британ әуе компаниясы болып табылатынын, оның 51 пайыз үлесі «Самұрық-Қазына» қорының бақылауында екенін атап өткеніміз орынды. Бүгінде компания 60-тан аса ішкі және халықаралық бағыттағы рейсті жүзеге асыруда.

Орта Азия және әлемде

Ұлт ұстазы ұлықталды

Published

on

Ахмет Байтұрсынұлы халқының азаттығы үшін отаршыл империямен алысып, саяси күрес майданына араласты. Басын бәйгеге тігіп, ұлтының қамын жеді. «Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» деп «Қазақ» газетін шығарды. Ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуға тырысты. Бір сөзбен айтқанда, «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім» деген Ұлт ұстазының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Осы жолда қуғын-сүргінге ұшырап, солақай саясаттың құрбаны болды. Ал, оның «Асықпаңдар, артымызда қазы бар!» деген сөзі ақиқатқа айналды…

АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІНЕ
АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Осыған орай жұма күні Алматыдағы Достық үйінде «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының ар-ожданына айналған біртуар тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын насихаттау болды.

Расында, түркі әлемінің ойшылдары санатына қосылған қазақ ағартушысының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысын модернизациялаудағы шеберлігі мен реформаторлық өнегелі істерін бағалаудың маңызы өте зор. Жұма күнгі басқосуда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын жан-жақты ғылыми талдау, Ахметтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау, соны көзқарастар мен жаңа тұжырымдарға жол ашу да ортақ әңгіменің өзегіне айналды.

Халықаралық конференцияға отандық және алыс-жақын шет елдерден 100-ден астам ғалым-зерттеуші қатысты. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мәмбет Қойгелдиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, профессор Нергиз Бирай (Түркия), профессор Гүлжанат Эрджиласун (Түркия), PhD доктор Өзгежан Кисижи (Германия), профессор Ким Сан Чоль (Оңтүстік Корея), профессор Бекир Түмен Сомунджуоглу (Түркия), PhD доктор Бахром Ирзаев (Өзбекстан) секілді ғалымдар баяндама жасады.

«Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік жолы бүкіл түркі жұртына ортақ, оның өлшеусіз еңбегін жұмыла зерттеп, саяси тұлғалық бейнесін танытатын уақыт жетті», – деді жиынға қатысушылар.

Басқосу барысында Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағы және Түркиядағы Памуккале университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Нергиз Бирайдың Ахмет Байтұрсынұлы туралы зерттеу кітабының тұсауы кесілді. Жинаққа қайраткердің бұрын-соңды жарияланбаған «Шаруашылық өзгеріс» мақаласы және орыс тіліндегі еңбектері енген.

АХМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері әлі жинақталып біткен жоқ. Сондықтан Ахаңның шығармаларына толық текстологиялық зерттеу жүргізу және әлі табылмаған, әлі жарияланбаған еңбектерін іздестіру жұмыстары бар.

«Мәселен, осы соңғы кездің өзінде Ахаңның Ленинге жазған үш хаты табылды. Осы үш хаттың өзінде Ахаңның ұлттық ұстанымы, саяси көзқарасы айқын көрінеді. Мұны тәуелсіз сананың тұрғысынан қайтадан зерттеу керек», – деді Кенжехан Ісләмжанұлы.

«Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, алаштанушы ғалым, журналист Сұлтан Хан Аққұлұлы Ахаңның айдауда жүрген кезінде «Мәдениет тарихы» деген қолжазба еңбегі болғаны, оның әзірге табылмай жатқаны туралы айтты.

«1934 жылы қуғында жүрген Ахаңды Әлихан Бөкейхан босатып алғанда, алдымен ол Мәскеуге Әлиханның үйіне барып, бір-екі күн түнеп, сол еңбегін қолжазба күйінде Әлекеңе тапсырып кеткені жөнінде әңгіме бар. Болашақта Ахаңның біз білмейтін әлі талай еңбегі табылатынына ешқандай күмән жоқ», – деп санайды Сұлтан Хан Аққұлұлы.

Мәні мен маңызы зор басқосуда Ұлт ұстазы туралы аз әңгіме айтылған жоқ. Салиқалы ой, салмақты пікір де молынан ұшырасты. Оның бәрі көңіл түкпіріне жылы қонақтап қалды. Бұл бағыттағы ізденістер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ғалым мұрасы ел игілігіне айналары сөзсіз.

Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында танымал суретші Алмас Сырғабайдың «Ахмет әлемі» көрмесі де өтті.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлының осылайша ұлықталып жатқаны қуантады. Бұл да азаттықтың арқасы. Өйткені, қазақты аяусыз қырған «қызыл империя» тұсында Алаш арыстарының атын атаудың өзі қылмыс саналды. Ендеше, туған халқының бостандығы жолында құрбан болған қайраткерлердің барлығы да елдік пен ерліктің өшпес өнегесі ретінде әспеттеле беруі керек.

Qazaq1913.com, Индира БІРЖАНСАЛ

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

«Біріккен Алаш» қорының жасөспірімдер арасындағы І Халықаралық байқауы жарияланды

Published

on

НЬЮ-ЙОРК. KAZNEWS – АҚШ-та құрылған «Біріккен Алаш» қоры дүние жүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдерін анықтап, оларды жігерлендіру мақсатында І халықаралық байқауын жариялайды. Бұл туралы АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы Kazunite.com хабарлады.

Байқауға Қазастандағы және дүние жүзіндегі қазақ диаспораларындағы 10 және 18 жас аралығындағы өрендер қатыса алады.

Тұңғыш рет өтетін байқаудың тақырыбы – “Менің тұлғам”.

Байқау шарттары:

⁃ Байқауға қатысушының жасы 10-18 аралығында болуы тиіс;

⁃ Байқауға қатысушы өзі құрмет тұтатын тарихтағы немесе бүгінгі заманғы тұлғалардың бірі жайлы эссе жазуы тиіс. Эсседе: «сіздің үлгі тұтатын тұлғаңыз кім, ол тұлға несімен ерекше, тұлғаның нақты қандай қасиеті, мінезі немесе еңбегі үлгі боларлық, тұлғаның ерекше қасиеті, мінезі немесе болмысы ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына үлгі болуға жарай ма, қазақ жастарының дамуына, жақсы өмір сүруіне көмектесе ала ма, сіз ол тұлғаны өз замандастарыңыз арасында қалай насихаттап, қалай дәріптер едіңіз?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Яғни “Менің тұлғам” атты шығармада шығармашыл жас үлгі тұтатын тұлғасы жайлы жалпылама мақтамай, нақты детальдармен, белгілі бір қырын аша отырып жазуы тиіс. Жазу формасы, стилі еркін, шығармашыл жастың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілетін айшықтайтындай болуы құпталады.

Байқау ережесі:

⁃ Шығарма Times New Roman 14-пен 2 – 2.5 беттен аспауы тиіс. Шығарманың (вордтағы) ең соңына қатысушының толық аты-жөні, мемлекет, қала (аудан, ауыл) атауы, байланыс нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.

⁃ Жазылған шығарма қатысушының суреті мен бірге info@kazunite.com электронды поштасына жолдануы қажет.

⁃ Материалдар 30 қараша күні Нью-Йорк уақытымен сағат 23.00-ге дейін қабылданады. Бұл уақыттан кеш жіберілген шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

Қосымша ақпарат:

⁃ Іріктеуден өткен шығармалар АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы kazunite.com халықаралық порталында жарияланады.

Байқау жеңімпаздарын Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Түркиядағы белгілі тұлғалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жүлде қоры:

⁃ I орын – 200 мың теңге (бір);

⁃ ІІ орын – 100 мың теңге (екі);

⁃ ІІІ орын 50 мың теңге (үш);

⁃ Ынталандыру сыйлығы 20 мың теңге (бес).

Қосымша АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының Халықаралық байқауының жүлдесін растайтын мақтау қағазы мен шағын сый-қоржын тапсырылады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by KazUnite (@kazunitecom)

 

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Г.Занданшатарға Измир Катип Челеби университетінің Құрметті докторы атағы берілді

Published

on

17 қазан, KAZNEWS. Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожавын Занданшатардың Түркияға іссапары аясында Измир Катип Челеби университетінің жұмысымен танысты.

Аталмыш университеттің Ғылыми кеңесі Парламент төрағасына «Құрметті доктор» атағын беру туралы шешім қабылдап, табыстауға арналған салтанатты шара Измир Катип Челеби университетінде өтті. 

«Құрметті доктор» атағын алуына байланысты Парламент спикері сөз сөйледі. Ол, “Измир Катип Челеби университетінен «Құрметті доктор» атағын алған үшінші адам және алғашқы шетел азаматы болғанына қуанышты екенін және бұл құрметті атақ екі ел арасындағы білім, мәдениет, тарих және археология саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелерін нығайтып, екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге септігін тигізетініне сенімдімін.” – деді.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Моңғолия Президенті жарлығымен Ақеділ Тойшанұлы мен Орман Нурбаев марапатталды

Published

on

13 қазан, KAZNEWS. Моңғолияның Қазақстандағы Елшілігінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада бірқатар Қазақстан азаматтарын марапаттау рәсімі өтті.

Шара аясында Моңғолия Президентінің Жарлығымен Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, ғалым Ақеділ Тойшанұлы «Достық» орденімен, “Qazaq Geographic” қауымдастығының директоры, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі қызметін атқарған Орман Нурбаев “Алтынжұлдыз” орденімен марапатталды.

Аталған марапатты Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуянгийн Амарсайхан табыстады.

Марапаттау салтанатына Моңғолиядан арнайы келген Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және екі елдің тиісті мекеме қызметкерлі қатысты.

Ақеділ Тойшанұлы – этнограф, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени өкілі болса, Орман Нурбаев 2007-2012 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 weeks ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек2 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек3 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек3 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек3 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Дерек3 months ago

Құтлық Елтеріс қағанға арналған көне түркі дәуіріне тиесілі ғұрыптық кешені табылды

KAZNEWS. Улаанбаатар. 2022 жылғы 25 тамыз – Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия академиясының Тарих және археология институты бірлесіп жүргізген «Номгон-2022»...

Дерек4 months ago

Шахматтың жаңа жұлдызы Б.Мөнгөнзул туралы 10 дерек

12 тамыз, KAZNEWS. Үндістанның Ченнай қаласында шахмат олимпиадасы деп аталатын 44-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жүріліп өтті. Моңғолиядан Э.Гурванбаатар бастаған ұлттық...

Басты назарда