Connect with us

Орта Азия және әлемде

Жалиев Нұрхан: Ауғанстан қазақтары жайында

Published

on

Ауғанстан қазақтарын көшіруге байланысты қазақстандық пікірталас кеңістігінде бірі біріне қарама-қайшы екі ұстаным қалыптасуда.

Біріншісі. Ауғанстандағы барлық қазақты дәл қазір, бүгіннен қалдырмай дереу Қазақстанға көшіріп алу қажеттігі.
Екіншісі. Ауғанстандағы қазақтар кезінде туған жерін тастап, тарихи отанын сатып кеткендер, сондықтан оларды елімізге мүлдем жолатпау керектігі.

Бірінші ұстаным бойынша.
Әрине, Мемлекет басшысы өзі тапсырма беріп, қолдау көрсетіп отырғанда, ондай мүмкіндік болып жатса қанеки…

Алайда, қазақтар Ауғанстанда бізді қашан алып кетеді деп бір үйде, бір көшеде, немесе бір қалада шоғырланып күтіп отырған жоқ. Олар Ауғанстан астанасы Кабул қаласынан бірнеше жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан бірнеше елді мекендерде тұрады. Оларды Кабулдағы Қазақстан Республикасының елшілігі маңайына жинаудың өзі үлкен мәселе. Олардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді?

Бұған қоса, кейбір жеңілтек саясатшы сымақтар Қазақстанға көшуге көмек сұрағандарды жаппай, яғни қазақ немесе қазақ емес екенін анықтамай-ақ, көшіру керектігін айтуда. Қайықта отырғандар жан-жағыңдағы суға кетіп бара жатқандардың бәрін құтқару керек дейді.

Жауап ретінде мынадай мысал келтіргім келеді:
– қайықтың сыйымдылығы 10 орын;
– суға кетіп бара жатқандардың саны 200 адам;
– олардың ішінде сіздің әке-шешеңіз, бауырларыңыз, әйеліңіз, балаларыңыз бар.

Қойылатын сұрақ. Кімге бірінші қол үшын созасыз?
Сондықтан, қазіргі таңда Ауғанстандағы Қазақстан Республикасының елшілігінде құрылып, Елшінің төрағалығымен жұмыс жасап жатқан этникалық сәйкестігін анықтайтын және басқа да сұрақтарға жауап алатын арнайы комиссияның жұмысына сәттілік тілейік. Ол оңай жұмыс емес. Уақытты, мұқияттылықты, жауапкершілкті талап етеді.

Ұлтын анықтауда бірінші басымдық қазақ тіліне беріледі. Қазақ тілін біліп тұрған адамға сұрақ аздау болары сөзсіз.
Сосын, шығу тегіне, яғни руы, жеті атасы, ата-бабаларының тарихы деген сұрақтар.
Үшіншіден антропологиялық, яғни сыртқы пішінінің, сәйкестігі маңызды. Мысалы, осыдан 90-100 жыл бұрын Ауғанстанға қоныс аударған қазақтардың антрополиялық пішіні осындай уақытта қатты өзгеруі мүмкін емес. Антропологиялық тип өзгеру үшін бірнеше ғасыр керек. Бірақ, көмек сұрағандардың ішінде келбеті қазаққа мүлдем келмейтін типаждар жиі кездесуде. Оларды да, қазақтарды ысырып тастап, шектеулі орындарға қарамастан қайыққа мінгізе берейік пе?
Тілін білмейтіндерді, шығу тегін білмейтіндерді, оның үстіне сыртқы келбеті, пішіні келмейтіндерді қандай негізде қазақ деп мойындау керек? Қазаққа бес қайнаса сорпасы қосылмайды.

Екінші ұстаным бойынша.
Шетелдегі қазақтар мекендеген елдеріне сәйкес екі топқа бөлінеді – автохтонды тұрғындарға және диаспораға.
Шетелде тұратын қазақтардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас орналасқан Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия сынды мемлекеттердің тарихи тұрғыда байырғы, яғни ата-бабаларының ертеден мекендеген жерлерінде тұрып жатқан автохтонды тұрғындары болып табылады.

Ал саяси (соғыстар, көтерілістер, репрессиялар, ұлттық-азаттық қозғалыстар), діни (діни негізде қудалау, мешіттерді бұзу), экономикалық (ұжымдастыру, малды тәркілеу, аштық) себептермен сипатталатын күштеп немесе мәжбүрлі қоныс аудару нәтижесінде қалыптасқан шетелдегі бауырлар қазақ диаспорасын құрайды.

Солардың бірі Ауғанстанды кезінде паналап барған қазақтар. Оларда еріккеннен қоныс аударған жоқ. Олардың басым көпшілігі коммунистік жүйенің қысымына көнбей, ұлтын, тілін, болмысын сақтау, балаларын аман алып қалу және өздері тірі қалу амалдары ретінде туған жерінен айырылып, қоныс аударуға мәжбүр болғандар. Ауған қазақтарының басым көпшілігі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға қоныс аударды (13 мың адамның үстінде). Бірақ, бес саусақ бірдей емес қой. Жағдайы болмай, әртүрлі себептермен қалып қойғандар жоқ емес, бар. Олар көп емес.

Осы орайда ауған қазақтары да тарихи тағдыры ортақ біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бөлігі екенін ұмытпауымыз абзал. Әлемнің қай жерінде болса да, әр-бір қазақтың тарихи Отаны бар. Тарихи Отанынан кез-келген қандас бауырымыз өзіне пана және қорған таба алады. Ол отбасындағы әкенің міндеті іспеттес, Отанның міндеті.
Осындайда елдігімізді, бірлігімізді, мықтылығымызды көрсетпегенде қашан және кімге көрсетеміз?

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Ақпараттық талдау департаментінің директоры – Жалиев Нұрхан Бұхарбайұлы.

Advertisement

Орта Азия және әлемде

Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты

Published

on

Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.

Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады

Published

on

Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.

Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.

Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді

Published

on

Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.

Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

Published

on

Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version