Коронавирус инфекциясы басталған уақыттан бері дамушы елдердің экспорттық кірісі төмендеп, 100 миллиард долларлық капиталды шетелге шығарып, көптеген мемлекеттің ұлттық валюталары 10-30 пайызға құнсызданды.
Жыл басынан бері ұлттық валютамыз төгрөг бір долларға шаққанда 2,7 пайызға құнсызданды.
Бұл жөнінде Монголбанк президенті Б.Лхагвасүрэн: “Жыл басынан бері ұлттық валютамыз төгрөг бір долларға шаққанда 2,7 пайызға құнсызданды. Біз экономиканың өсімі қалпына келген өткен жылдардағы ақша саясатын ұтымды сақтадық. 4,3 млрд доллардың валюта қорын жинауымыз дағдарыс кезінде сеп болып отыр. Алайда валюта қоры шектеулі болғандықтан экспортты ұлғайту және валюта ағымдарын жақсарту қажет. Өткен сәуір, мамыр айларында Қытай экономикасы, өнеркәсібі қайта жақсаруы біздің көмір тасымалына оң әсерін береді. Орталық банк алтын сатып алу арқылы қорын ұлғайту, экспорттаушы компаниялармен ынтымақтастық орнатып, халықаралық ұйымдармен және донор елдермен келіссөз жүргізу арқылы валюта енгізу жолдарын ашу үшін жұмыстап жатырмыз. ” –деді.