Аймақтық статистика бөлімі сәуір айындағы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысын жариялады.
2015 жылғы қантар – сәуірде өнеркәсіп кәсіпорындарымен 3481.4 млн төгрөгтің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі өткен жылғы сәйкес кезеңнен 2 пайызға кеміп, экспорт 19.8 пайызбен өскен. Өнеркәсіп өндірісінің кемуі осы айда жүн жуу фабрикасында өнім өндірмеген, тек экспорт жасағанына байланысты болып отыр. Вольфрам кенішін игеруші кәсіпорындар 125.2 тн өнім өндіріп, 2448.9 млн төгрөгтің өнімін экспортқа шығарған.
Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы сәуірде наурыздағымен салыстырғанда 100.2 пайызды құрады.
Жүк тасымалы 0.3 пайызбен, киім-кешек, үй жиһаздары, және өзге тауар, қызметтер 0.4 пайызбен, азық-түлік тауарлары 0.6 пайызбен өсіп, тұрғын үй, су, электр, газ және өзге отынның бағасы 0.9 пайызбен арзандаған.
2015 жылғы қаңтар-сәуірде мемлекет және жергілікті қазынаға 2455.1 миллион төгрөгтің кірісін еңгізу жоспарланып, 2981.9 миллион төгрөгтің кірісін еңгізіп, жоспарды 121.5 пайыз яғни әр түрлі салық және алымдардан артығымен орындалу сомасы 526.8 миллион төгрөгті құрады.