2015 жылы аймағымыздың Жергілікті даму қорына 4,5 миллиард төгрөгтің қаражаты бөлініп, құрылыс нысандарын салу жұмыстарына 35,3 миллиард төгрөгтің күрделі қаржысы енгізілді.
Нәтижесінде Улаанхус сұмынының Соғақ, Көкмойнақ бақтарына, Баяннуур сұмыны орталығына әр қайсысы 150 балалық жатақхана құрылысы салынды.
Сонымен қатар Өлгий қаласының 4, 9, 12, 13-бақтарына 50, Цэнгэл сұмыны орталығына 75 балалық балабақша құрылысы, Баяннуур сұмыны Ақ-арал бағына аурухана құрылыстары салынып пайдаға берілді.
Өлгий қаласының орталық алаңын жаңалау, перзентхана құрылысына жөндеу жүргізу жұмыстары қарқынды жүріліп жатыр.
Естеріңізге салсақ, 2014 жылы Өлгий қаласында 4 ауылжай аурухана құрылысы пайдаға берілген болатын.
Ең басты мәселе халықтың денсаулығын сақтау, балаларының оқып білім алуына жағдай жасалынып жатыр. Ел осыған қуанады.