Улаанбаатардан еліміздің батыс өңірінде орналасқан аймақтарға шағын ұшақпен қатынауға үш сағатқа жуық уақыт жұмсап отыр. Сондықтан үлкен ұшақтармен алмастыру керек. Ховда әуежайы үлкен ұшақтар қонуға арналғандықтан тікелей Ховдаға үлкен ұшақтар қондырып, одан Баян-Өлгий, Говь-Алтай аймақтарына шағын ұшақтармен қысқа рейстер жасау, және билет құнын арзантатуға болатынын Моңғолия Премьер-министрі Ч.Сайханбилэг бүгінгі «Шешуші сағат» -та айтты. Бұл жөнінде жуық арада бастама көтеріп, Үкіметке таныстыруды Азаматтық авиация басқармасының басшысы Г.Нямдаваа, МИАТ компаниясының атқарушы директоры Т.Тамирге тапсырды.
Бұл туризм дамуына үлес қосады деп отыр. Гонконг-Улаанбаатар-Ховд, Берлин-Улаанбаатар-Баян-Өлгий бір бағытына, бір авиакомпания қатынайтын болса шетелдік туристер, таушылар үшін өте маңызды болмақ. Және де Ресей, ҚХР-ның көрші қалаларын Улаанбаатармен жалғайтын транзит рейстерді ашуды көздеп отыр. Мұнда МИАТ ғана емес, өзге жеке меншік авиакомпанияларын тартып, тараптардың пайдалы жұмыстауына үкімет қолдау көрсетпек.
Үкіметтен берілген тапсырма бойынша МИАТ компаниясы АероМонголия компаниясымен ынтымақтаса жұмыстап, батыс өңірлерге жасайтын рейстерінің билет бағасын арзандату, тұтынушыларға ұсынатын қызметтерін жақсарту жөнінде мәмілеге келіп отырғанын айтады. Үстіміздегі жылдың 15 сәуірден бастап АероМонголия компаниясы Ховдаға шағын ұшақтарын орналастырады. Улаанбаатардан үлкен ұшақпен Ховдаға қонған жолаушылар шағын ұшақпен Баян-Өлгий, Завханға жетеді. Говь-Алтай мен Завханды бірге ұйымдастыруға болады. Есесіне, билет бағасы бүгінгі тарифтен 40 пайызға арзандайды деп жоспарлануда.