Моңғолияда
Әділдік және тәуелсіз баспасөз
Published
6 years agoon
Өткен 30 жыл ішінде қоғамдық құндылықтар түбірімен өзгеріп, әділдік туралы азаматтар мен қоғамдық пікір жаңарды. Бүгіндері елімізде 500-дей бұқаралық ақпарат құралы іс қызмет атқарып, 3 миллион халық өкілдері олар арқылы көзқарастарын білдіріп, пікірін жеткізуде. Бұлардың 300 шамасы жергілікті жерде хабар тарататын болса, тек қана Улаанбаатарда 70-тей телеарна жұмысын жүргізуде. Бұл біздің ой санамыз бен өмірімізде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
Жаңадан пайда болған ақпараттық технологиялар нәтижесінде адамдар қалалық және далалық деп бөлінбей, қайда болса да уақытқа бағынышты емес кеңістікте жаңа қарым-қатынас жасау үлгісіне ауысты. Еркін ойлау, пікір алуандығы мен жариялылықты қамтамасыз еткен осы тарихи үдерістер көптеген кедергілерді еңсеріп, 4 сатылай даму арқылы бүгінге жетті деген қорытынды жасауға болады.
Бірінші кезең- мемлекет қармағындағы дәуір. Бұл уақыт 1990-1998 жылдарды қамтиды. Мемлекет төңірегіне шоғырланған саяси жүйе қалыптасқанына байланысты биліктің орталық баспасөз саласындағы саясаты осы кезде үстемдік құрып, құқықтық мемлекетке қатыстының барлығы әділдікпен салыстыра насихатталды. Қоғам үшін, ұжым үшін деген дәстүрлі ұғым «не ексең, соны орасың» деген либералдық көзқарасқа ауысты.
Екінші кезең – сары басылымдар дәуірі. Оған 1998-2008 жылдары жатқызылады. Баспасөз бостандығы туралы заң күшіне енгеннен бастап, оған қойылатын цензура жойылып, мемлекет қармағындағы бұқаралық ақпарат құралдары таратылды. Жеке меншік және қоғамдық статустағы ақпарат құралдары көптеп құрылып, бей-берекетсіздік орын алып, ақпарат кеңістігінде бейпіл сөздер мен берекесіз әрекеттерді насихаттайтын «сары басылым» артықшылыққа ие болды. Бұл кезде баспасөз бостандығы дегенді азаматтар нені болса да жариялап тарататын бостандықтың бір түрі деп түсінді. Әлеумет психологиясы жақсы мен жаманның шегіне жетіп, көңіл қалауына орын беріле бастады.
Үшінші кезең-электрондық ақпарат дәуірі. 2008-2017 жылдар аралығын қамтитын тәуелсіз баспасөзді қалыптастыру кезеңі қарқынды дамумен қатар сандық технологиялар дамып, адамдардың назары электрондық ақпарат құралдарына ауысып, байланыстың жаңа сапалық дәуірі келді. Соңғы 6 жылда ғаламторлық баспасөз ақпарат құралдардың саны 2-3 есеге артты. Қоғамда азаматтардың сөзін жеткізу құқығы, пікір алуандығы, жариялылық дамумен қатар қоғамдық наразылық электрондық ақпарат ағымы арқылы ақтарыла бастады. Ғаламтор кеңістігінде пікір жазу арқылы біреулерді қаралау, ашу ызасын тудыру, барлығын жоққа шығару қатарлылар басымдыққа ие болып, әділдікті жоққа шығару осы кездің ерекше бір белгісіне айналды.
Төртінші кезең – дербес тәуелсіз баспасөз ақпарат құралдарының қалыптасу дәуірі. Бұл құбылыс 2017 жылдан бастап қарқын алып, ақпарат құралдары кәсіптік әдепті ұстанып, жауапкершілікті журналистиканы қалыптастыру ынтасы артып, ақпараттық кеңістікте өз орнын алды. Қоғамды демократияландырып жаңарту кезеңінде жалған ақпарат азаматтарды адастырып, қоғамға нұқсан келтіретін шегіне жетіп, біртіндеп табиғи заңдылық бойынша адамдар әділдікті іздей бастады. Соңғы кездері әлеуметтік желідегі қысым көрсету, кепілдікке алу, алдап соғу, алаяқтық қатарлы қылмыстар құрықталып, ұсталып жатқандықтан ондай қылмыстар азайды. Журналистер, ақпарат құралдары, кәсіптік ұйымдар әдепті журналистиканы дамыту бағытында нақты қадамдар жасап, нәтижеге жете бастады. Елімізде баспасөз кеңесі, әдеп комитеті құрылып, олар ұйымдасқан түрде қадамдар жасай бастады. Жауапкершілікті этикалық журналистика пәрмен алып, жеке дара даму жолына түсті.
Құқықтық орта және оның әсері
Әділетті қоғам құру бұл мемлекеттің ең басты міндеті. Оны мемлекет заң арқылы жүзеге асыра алады. Ал, көпшілікті ағарту мен қоғамда әділдіктің қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары ерекше әсер етеді. Бұл бағытта мемлекет пен ақпарат құралдарының мүддесі бір арнаға тоғысады. Баспасөз бостандығы туралы заңдағы «мемлекеттік мекеме өз қарамағында бұқаралық ақпарат құралын ұстауға тыйым салынады», сондай-ақ «мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнына бақылау цензура қоймайды» деп көрсетілуі ақпарат құралдарының дербес, тәуелсіз болу жағдайын қамтамасыз еткені болмаса, мұнда бірлесіп жұмыстауға тыйым салынған бап жоқ. Бұл «Төртінші билік» деп аталатын ақпарат құралдары қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруда билікпен бірлесе жұмыстаудың мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.
Саяси орта және оның әсері
Саясаткерлер әділдікті өз көзқарастарына сәйкес бағалап келеді. Адамдар да біркелкі емес, әркім өзінің дарыны, қабілеті, сыртқы бейнесі, қызықтайтын дүниесі сияқты белгілерімен бір-бірінен айырмашылықта болады. Олардың барлығына бірдей мүмкіндік жасалғанда ғана әділдік үстемдік құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың мазмұнына қарағанда әдеп мәселесін қозғаған барлық материалдың 90 пайызында саясаткерлердің этикасының жоқтығы мен мүдде қайшылығы сөз етілген. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған лауазым иесі туралы теріс пікірдегі ақпарат жоққа шығарылмайды, түсінік берілмейді. Тек санаулы жағдайда ғана мәселесінің мәнісі жайлы ақпарат таратылып жатады. Мемлекеттік саяси қызметкерлер немесе мемлекеттік Ұлы Құрыл мүшелері, барлық сатылы әкімдер, АӨХ-ның шығарған қайшылықтары мен кемшіліктері жайлы мақалалар көптеп шықса да, мемлекеттік мекеме мен саяси партиялар жұмған аузын ашпайды. Мәселеге назар аударып, баға беру, оны жоққа шығарып, қайшылықты арылтқаны жөнінде мәлімет беру мәдениеті біздің елімізде әлі қалыптасқан жоқ. Ықпалды ақпарат құралдарын саясаткерлер жанама түрде ықпалына кіргізіп, меншіктену күшейіп барады. Ақпарат құралының компанияға немесе жеке адамға қатыстылығы жайында мемлекеттік тіркеуден таба алмағандықтан бұлардың иелері есімі ашық емес. Олардың меншік иесі құпия болып, бір қол астына шоғырлануы редакциялық цензураны өршітіп, баспасөз бостандығын жоққа шығарып, ақпараттың сапасына кері әсер етуде. Сондықтан қандай бір қайшылыққа жауапкершілік жүктетіп, оны көпшілікке жария етіп, ашыққа шығаруды қалыптастырған жөн. Халықтың үміт отын үнемі жандандыратын әділдік туралы түсінікте кішкентай мәселе деген болмайды. Азаматтардың нанымы мен сенімін құрметтей алмайтын мемлекет пен саяси күш жайлы қанша жақсы сөздер айтсаң да қажеті шамалы. Ондай институт ұзаққа бармайды. Халықтың әділдікке деген сенімін оятып, оған ие болу саяси партиялардың басты құралы болуға тиіс. Халықтың сенімін тек ғана әділдік оята алады.
Журналистер этикасы және өзін өзі реттеу
Журналистер кәсіптік әдеп ұстанымына бағынатын болса да, оларға деген қысым күшті екені зерттеулерден анықталды. Глоб Интернэшнл орталығы жасаған зерттеулерге қарағанда өткен бір жылда 140 журналист, бұқаралық ақпарат құралына қатысты 182 оқиға тіркелген. Олардың кейбіреулері ақпарат жинау кезінде таяқ жеп, техникалық құралдары бүлінген. 2017-2018 жылы шыққан қайшылықтың 14.7 пайызын бопсалау, 5 пайызын жұмыс құралына нұқсан келтіру, 60 пайызын «сотқа шағымданамын» деп қысым жасау оқиғалары иеленген. «Сіздің редакцияларыңызда жазуға тыйым салынған тақырыптар қара тізімі бар ма?» деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 40 пайызы «солай» деп жауап берген. Сондықтан да тапсырыспен жазылатын ақылы мақалалар мен хабарлар көбейіп, әдептілік құндылықтарына нұқсан келуде. Осының барлығын реттейтін заң өте қажет. «Барлығына да бірдей мүмкіндік берілген жағдайда ғана әділдік салтанат құрады» деген ұстаным анда-санда болса да айтылып келеді. Бұл дегеніміз ақпаратты ешбір қоспасыз, нақты оқиғаны сол күйінде уақытын ұттырмай жедел жеткізу, сол оқиға жайлы азаматтар өздері қорытындысын жасайтындай көпшілікке мүмкіндік тудыру деген сөз. Еркін, дербес ақпарат құралдарының дамуына экономикалық, құқықтық орта жасалмаса да, біздің журналистер өздері ұсыныс көтеріп, оны қолға ала бастауы ең үлкен жетістік.
МҰХ-ның төрағасы кеңесшісі, Ғылым Академиясының философия институты, заң бөлімі меңгерушісі , профессор Д.Батмөнх
БӨЛІСУ:
You may like
-
Тест: Наурыз туралы не білесіз?
-
Сіз қандай кітап оқисыз? #1
-
Chengdu China 2019 World Police & Fire Games: Қалиұлы Бекнұр жеңімпазы атанды
-
Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)
-
Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!
-
Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады
Моңғолияда
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Published
51 minutes agoon
November 16, 2024Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.
Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Published
3 weeks agoon
October 29, 2024 Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Published
3 weeks agoon
October 29, 2024Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
БӨЛІСУ:
Моңғолияда
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Published
3 weeks agoon
October 28, 2024Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...