Жаңа есім
«Қалтаңда ақшаң болғанша…»
Published
10 years agoon
Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана ақшаның астында қалған еліміз бүгіндері қаржы таппай дал болуда. Өткен күн тарих десек, одан сабақ алу адамзат баласына жүктелген міндет. Осы тұрғыдан сіздердің назарларыңызға көсемсөз шебері Баабардың 2012 жылы жарық көрген «Қалтаңда ақшаң болғанша…» атты мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Кімнің қалай ой түюуі өз құзырында…
Еліміз қоржынына тарихта болмаған қомақты қаржы құйылды. Соңғы 8 жылда ішкі жалпы өнім 10 есеге өсті. Шыңғысхан дәуірінде қандай болғанын кім білсін?! Ол кезде жан-жақтан тонап әкелінген байлық көп жылғы асқа жарамаған көрінеді. Одан бізге бірде бір пышақ та, қылыш та жетпеді. Байлықты жинақтамайтын, тапқанын шашатын – бұл көшпенділердің тума қасиеті.
1911 жылы ел тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан кезде жағдай өте ауыр болды. Ресейден 5 млн рубль сұрап, 3 млн-ын алғанымен байлар көңілінің қалауынша жұмсайтын болғандықтан, оған бақылау жасаушы ретінде Козин дегенді жіберіп, қаржы министрлігінің кеңесшісі немесе мүлік жауаптанушы етіп тағайындады. Ағаш кесу рұқсатын бүгінгі «қожың» деген атауы осы орыстың атының өзгеруінен қалыптасты.
1921 жылғы төңкерістің шығындарын коминтерн өз мойнына алды. Ренчино арқылы 3 млн рубль беріп, оның да керекке жарағанын қадағалау үшін буриад азаматына басқартты. Социлизм де несие арқылы құрылды. 1934жылы мемлекеттің жалпы бюджеті 17 млн төгрөг болатын. Сталин Гэндэнмен кездесуінде: «Қарызға ақша қосып алам десеңдер, ламалалардың көзін құртыңдар»,- деген талап қояды.
1956 жылы Микоян Бежіңнен қайтар жолында Ұланбатырға аялдайды. Әуежайда оны күтіп алған екі көлікке біздің басшылар қонағымен бірге сығылысып отырады. Микоян оған қатты қобалжиды. Махур толгойға көтеріліп, Ұланбатыр үстінен қараса, барлығы киіз үйлер екен. «Кеңестер одағының етегін 40 жыл ұстаса да мұндай қайыршылық жағдайда өмір сүруге болмайды» дегенді басшыларына жеткізіп, сол жылы 200 млн рубьлдің несиесін бергізеді. Бұл ақшамен көптеген істер атқаруға мүмкіндік болғанымен социализм құру, бірлестіктендіру атымен ол да дуалдар соғуға арналды. Бірақ Қытай басшысы Чжоу Енлай берген 190 млн рубльдің қайтарымсыз көмегімен Бейбітшілік көпірі, Үлкен әмбебап дүкен, Ұланбатыр қонақ үйі, Налайх жолы, Әйнек өндірісі, 50 мыңдық тұрғын үй, Қарақорым электр станциясы қатарлы біршама нысандар тұрғызылды.
1950-1965жылдар аралығында Моңғолия Кеңестер Одағынан 750 млн рубль, Қытайдан 115 млн рубльдің несиесін алып, қажетіне жаратты. Бұған қосылмаған көптеген қайтарымсыз көмек қаржысы тағы бар. Кейін Кеңес Одағы пен Қытайдың қарым-қатынасы нашарлап, қырғиқабақ соғыс деңгейіне жетіп, оның көлеңкесі Моңғолияға түсті. Кеңестер одағының 100 мың әскері елімізге тұрақты орналастырылып, қарымтасына Кеңес Одағы 1971 жылдан бастап 5 жыл сайын 3 млрд рубльдің несиесін беретін болды. Ол 1990 жылға дейін жалғасып, барлығы 10 млрд рубльге жетті. Осы ақшамен қазіргі Моңғолияның аяғынан тік тұрғаны да шындық.
Соның нәтижесінде мәдени ұлан-асыр төңкеріс жасалып, білім, ғылым, медицина саласы күрт көтеріліп, қазіргі жағдайға жетті. Алайда, жалпы есеп бойынша бұл қаржының тағы да көп мөлшері ысырап болған. Эрдэнэт, Монросцветмет қатарлы алып өндірістерге несиенің 7 пайызы ғана жұмсалды. Ал 60 пайызы көшпелі малшаруашылығын жақсартуға рәсуа етілді. Өзі көбейіп, өзі жайылатын жартылай жабайы малшаруашылығына дуалдар, қоралар, құдық, мал дәрігерлік бөлімшелер, бригада орталықтары, жем-шөп өндірістері қатарлы дүниелер салынды. Бірақ мал саны 24 млн-нан аспады. 5 жыл сайын мал санын 25 млн-ға жеткізу үшін 9 млн төл алу қажет деген ұрандар айтылса да, бірде-бір рет нәтижеге қол жеткізбеді. Мысалға алсақ, 2012 жылы еліміз 15 млн мал төлдетіп, мал санын 50 млн-нан асырды. 1970-1990 жылдар аралығында елімізге қаржы енгізу мен мемлекеттік бюджеттің 70 пайызы несие арқылы толықтырылды. Оның белгісі 1990 жылы комммунизм құлағанда білінді. Тек жалғыз ғана елмен қарым-қатынас жасап, одан несие алу арқылы өмір сүретін ел өзінің жемдеушісінен айырылғаннан кейін қандай болатынына барлығымыз да куә болдық. Сол жылдары Моңғолия өзінің жалған бетпердесін сыпырып, нақты кейпіне енді. Күнделікті тұтыну тауарлары сөрелерден бұлбұлдай ұшып, жемдеу арқылы жұмыстайтын өнеркәсіп саласы құлап, экспорт тоқтағандықтан импортпен тауар енгізетін ақша таба алмай қиналдық. Кеңестер Одағы күйреп, жүйесі бұзылғандықтан Моңғолия асыраушысынан айырылды. Осы бір қиын шақты тек ғана малдың арқасында ғана жеңіп шықтық. Мал жоқ болса аштықтың келетіні де ақиқат еді. Бірақ соңын ала тағы да қамқоршы деген жаңа асыраушылы болдық.
1990-2000 жылдар аралығында тек Жапония ғана 1 млрд АҚШ долларының көмегін көрсетті. Халықаралық валюта қорының араласуымен Әлемдік банкі және Азия даму банкінен мол мөлшерде ұзақ мерзімдік несиелер алынудың сыртында қайтарымсыз көмек те берілді. Негізінде ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын шетелдік несилер мен қайтарымсыз көмектер арқылы жинақтадық. Бұл жағдай 15 жылға жалғасты. Елімізде өндіріп, сыртқа сатуға жарайтын өнім Эрдэнэттің мыс концентраты, ешкі түбіті, шпат, алтын сияқты аз ғана түрлі пайдалы қазбалар еді. Апаттың үстіне апат болып, сол жылдары мыс бағасы 1300 АҚШ долларына дейін арзандап, өз құнын өтей алмады. Ал қазіргі жағдайда мыстың бағасы тоннасы 6-дан 10 мың АҚШ доллары аралығында. 2000 жылға дейінгі ішкі жалпы өнім 1 млрд АҚШ долларына да жетпеді. Оның тең жартысы несиелер мен көмектерден құралды. 2005 жылдан бастап ішкі жалпы өнім өзін өзі ақтай бастады. Тарихта алғаш рет ешкімнің қолына қарамайтын болдық. Мұны көп еңбектенгеннің арқасы деп айтуға келмейді. Тек ғана қазба байлықтың бағасы өсті. Әлемдегі қазба байлықтың барлығы Моңғолияда бар. Оны біз бұрын білмеппіз. 1990 жылы 700 келі алтынға мәз болып жүрсек, қазір оның көлемі 30 тоннаға жетті. 68-ші қаулыдан болып, тек ұрлық жолымен қазудың көлемі қаншалықты болғаны жайлы статистикалық мәлімет жоқ. Кешікпей әлемдегі ең үлкен мыс кенішінің бірі елімізде пайдаға берілмек. Моңғолиядағы жер қыртысының газ қоры ҚХР-ның қорынан 500 есе көп екендігі анықталды. Бүгінгі күндері анықталған кокс көмірін қазіргі қуатпен шетелге тасымалдасақ, оған 2000- 3000 жыл қажет болады. Уран қорымен де әлемдегі ең бай елдердің бірі болу мүмкіндігі бар. Темір рудасы да мол. Оның сыртында бағалы тастар, алтын, молибденнің қоры да бір өзімізге жетерлік. Болжанып отырған барлық қазба байлықтың қорының бағасы қазіргі бағамен есептелінгенде 1 триллион АҚШ долларына жетіп жығылады. Оны 3 млн адамға бөлсек суық жердің жаңа Кубейті тарих сахнасына шығар еді. 2010 жылы Моңғолияны халықаралық валюта қоры ресми түрде кедей ел тізімінен алып тастады. Бұл енді жеңілдетілген несие, қайтарымсыз көмек берілмейді деген сөз. Бір адамға тиесілі ішкі жалпы өнімнің мөлшері 3000 АҚШ долларына жетті. Енді 5 жылдан кейін бұл 10 мыңды құрауы мүмкін. Ал бұл санайғақтың 2000 жылы 450 доллар болғанын бәріміз де білеміз. Сол жылы мемлекеттік бюджет 280 млн АҚШ долларын құраса, 2012 жылғы бюджет 4 млрд АҚШ долларымен бекітілді.
Баюын байыдық, бірақ оның игілігін қалай көріп отырмыз. 2004 жылдан бастап «баланың ақшасы» деп шаштық. Сондай-ақ үйленгендерге 500 мың, дүние есігін ашқан сәбилерге 100 мыңдап бердік. Нәтижесінде отбасын құрушылар саны 4 есе өсті. Бір жылда 7 рет үйленген қария да болды. Сайлау нәтижесінде пайда болған жансыз адамдарға жан кіріп, жалған балалар үсті-үстіне молайды. Осылайша орта деңгейдегі сыбайлас жемқорлық желісі пайда болды. Еліміз тарихында алғаш рет жұмыссыздар жәрдемақысы үлестірілді. Өткен жылғы халық санағына қарағанда 200 мың азаматтың мүлдем жұмыс істегісі келмейді. Бұл еңбекке қабылетті халықтың 15 пайызын құрайды. Ұланбатыр қаласы халқының 13 пайызы студенттер, 10 мың адамға шаққандағы студент санымен еліміз әлемде бірінші орынды шаппай алады. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 10 есеге қосылған. Барлығына қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығы берілумен қатар, оқу төлемін мемлекет өз міндетіне ала бастады. 2012 жылы мектеп бітірушілердің 100 пайызы жоғары оқу орнына ілескісі келеді, – тағы да бір қамқорлық орны. Адамның барлығы диплом иесі атанбақ. Мектептерде оқушыларды түскі аспен ақысыз тамақтандырыла бастады. Мұндай жағдай жасайтын бай елдің саны әлемде саусақпен санарлық қана. Балабақшалар тегін болды. Біз социализм кезінде де оған төлем төлейтін едік.
«Сайлау уәдесін орындап жатырмыз» деп адам басына 70 мыңнан кейін 120 мың төг-тен үлестірдік. Оның соңы ай сайынғы 21 мың төг-ке айналды. Одан кейін млн-млндап бердік. Ақшаның астында қалдық. Ақпарат құралдарынан ақшасын алу үшін кезекте тұрған адамдарды көрсетіп, халықтың кедейлігінің, қайыршылығының мысалы ретінде жарнамаладық. Әлемнің қандай бай мемлекетінде де егер осылай ақша таратсаңыз, кезекке тұратыны бесенеден белгісі емес пе?!
Еңбек, зейнет, жәрдемақыларды бай адам сияқты көзді ашып-жұмғанша 50- 70 пайыз қостық. «Америка, Жапониямен салыстырғанда біздің еңбекақымыз төмен» деп жар салдық. Шынтуайтында, олар жатпай-тұрмай еңбек етіп, нарықта жоғары бағаға өтетін өнім өндіріп, оны шетелдерге сатып отыр. Сұраншақ қана ақшаның құнын білмейді. Сондықтан да ол тапқан ақшасын қолма қол жұмсап бітіреді. Бір сөзбен айтсақ, байлық өндірмейді, ертеңін ойламайды, тек ғана бүгінгі күнмен өмір сүреді. Осылай бай болғаннан қалтаң бос болса да байлықты ақырындап еңбегімен пайда болғызсаң, оның бағасын білетін боласың. Асып-тасып ұстап, ақша шашудың зияны не сонда?
Біріншіден,нарықтағы тауар мен даяшылық бағасы валюта бағасына сәйкес келуге тиіс. Басқаша айтсақ, қағаз ақшаның саны тауар мен даяшылықтың құнын белгілейді. Нарыққа көп мөлшерде қағаз ақша шығарылса, тауар мен даяшылыққа сәйкес ақшаның саны өседі. Мұны инфляция дейміз. Еңбекақыны қосып, 21 мыңды үлестіру сылтауымен тауардың бағасы қосылып отырған жоқ. Қағаз ақша көбейгендіктен бағаның өсетіні қарапайым ғана заңдылық. Оны түсіну үшін керемет экономист болудың қажеті жоқ. Ақыл-есіңіз дұрыс болса немесе кәсіподақтың Гамбасы сияқты хат танысаңыз да жеткілікті.
Екіншіден, көшпелі малшылардың табиғатында малын өсіре бергісі келетін тума қызығушылығы болады. Бұл – көптеген мыңдаған жыл жалғасып келе жатқан дәстүр. Сондықтан да мал жекеменшікке берілгеннен кейін-ақ жылқы саны адам санынан асып кетті. Жылқы шаруашылығының пайдасы аз болса да жайлауы жылқыға толғаны үлкен мақтаныш. Қолма қол ақша үлестіре бастағандықтан тұрмыстық қажеттілігін содан өтей алатын мүмкіндікке ие болып, малын айналымға енгізуден бас тартты. Қыста соғымда, мемлекет мейрамында мал семіргенде ет бағасы арзандайды. Алайда күріш пен ұнның, киім мен керек-жарағына қажетті ақшалы болған олар малын сатудан бас тартты. Мал саны 50 млн-ға жетсе де оның бағасы 2-ден 3 есе өсті. Ет бағасы аспандағандықтан малшылар психологиясында малын малдан шығатын ет келісімен есептеп, оны көп ету, мүмкіндігінше сатпау, шығындамау қызығушылығы туады.
Үшіншіден, еліміздің ішкі жалпы өнімнің 80 пайызын жекеменшік сектор өндіреді. Азаматтар еңбек етпей жансақтайтын ақша табу мүмкіндігіне ие болғандықтан жекеменшік сала еңбекақысын негізсіз қосуға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде тауардың құны өсіп, бағасы қосылды. Көптеген шаруашылық бірліктері өзіндік құнының өсуінен болып амалсыз банкротқа ұшырады. Осылай болып та жатыр. Халық кенет ақшалы болғандықтан адамдар бағалы, таңсық зат тұтынуға көшеді. Нәтижесінде жеке шаруашылықпен айналысушы шағын өндірістің тауарының сатылуы күрт төмендеді. Бұл жаңа ғана тәй-тәй басып келе жатқан шағын шаруашылықтарға ауыр соққы болуы ықтимал.
Тау-кен, ақпараттық технология қатарлы қоғамға қажетті салада жұмыстаушылардың еңбекақысы өскендіктен жұмыс берушілерге шетелден арзан жұмыс күшін тартудан басқа жол қалмайды. Жаңа ғана университет бітірген геология маманы 1000 АҚШ долларының еңбекақысын менсінбесе, индонезиялық тәжірибелі геолог 800 АҚШ долларының еңбекақысымен қуана-қуана жұмыс істейді. Әсіресе дене еңбегін көп қажет ететін құрылыс, жол салаларында. «Текке келген ақша текке кетеді» деген бар, бұл адам табиғатына тән қасиет. Уысқа түскен ақшаны тіршілігіне пайдаланғаннан гөрі адамдар таңсық дүниелерге бет бұрады. Әрине, өз қалтасының шамасына қарай. Мұны қарапайым ғана арақ саудасынан көруге болады. Ішімдік өндірістері өнімдерін үш топқа бөледі. Осыдан бірнеше жылдың алдында саудаға салынған арақтың 80 пайызын төменгі дәрежелі арзан арақ иеленген болса, қазір жоғарғы дәрежелі қымбат арақтың саудалануы онымен теңескен. Мұндай жағдай басқа сауда саласында да көрініс берген. 1990 жылдан бұрын саудаға салынатын ұнның 80 пайызын «екінші ұн» деп аталатын екінші сұрыптық ұн иеленген болса, қазір 90 пайызы бағалы жоғарғы сұрып ұнын тұтынуда.
Маскүнемдік күрт өсті. Бір адамға 40 литр арақ тиесілі деп бірнеше журналист Ламба министрдің алдына 40 литрлік ыдыс қойып, оны телеарнадан көрсетті. Ішімдіктің жоғарғы деңгейін 100 градус деп есептеп шығаратын халықаралық тәсіл бар. Мұнымен есептегенде Канада, Ресей, Скандинавия елдерінде бір адамға 10-12 литр спирттен келеді. Азиялықтарда спиртті ыдырататын алкоколдигидогенеза ферменті аз болатындықтан олар араққа көбірек уланады. Жұмыс істеуге құлықсыз, қоғамның әлсіз топтары тапқан ақшасына арақ ішіп, уақыт өткізеді.
Сыбайлас жемқорлықтың мөлшері мен аумағы ұлғайды. Елімізде 160 мыңдай мемлекеттік қызметкер бар. Оның барлығы демесек те біршамасына өзіне сәйкескен үлкенді-кішілі жемі табылады. Сыбайлас жемқорлық деген ұғым тек мемлекетке қатысты түсінік. Мемлекет атын пайдаланып өзіне пайда түсіру үдерісі сыбалас жемқорлық деп аталады. Жоғарыдағы айтылған көп қамқорлық белгілі мөлшерде жемқорлыққа жол ашады. Бақ, сұмыннан бастап министрлерге дейін сыбайлас жемқорлық желісі пайда болды. Моңғол елі МҰХ-ның 76 депутатын қосып есептегенде 77 қаржы министрлігіне айналды. Мүшелер атына қаржы бөлініп, оның көлемі 76 млрд-қа жетті. Қоғамдық байлықты ысырап ету шегіне тірелді. 2000 жылы денсаулық саласына 40 млрд төг бөлінсе, ол 500 млрд төгрөгке жетті. Нәтижесінде, денсаулық саласы жақсарды ма?!
Қоғамдық, адамдық құндылықтардан айырылдық, ел бойынша саясаткерлер, отаншылдар, азаматтық қозғалыстар, ұлтшылдар қаптап кетті. Расында, несін де ақшаға сатуға аянбайтын пенделер пайда болды. Осылай санамалай берсек, ақша көптіктің зардабы бұдан да мол болар.
Орыс жазушысы А. Беляевтің «Нан» деген повесін оқығаным бар. Онда ғалымдар өзінен өзі өсіп көбейе беретін нан жасайды. Бұл кедей балықшы қалашығына үлкен олжа әкеледі. Балықшылар нанды жегеннен басқа жұмыс істегенді қойып, тек ғана нанды жеп, ұйықтап, семіріп жата береді. Ал нан өсе береді. Балықшылар да өздерін бақытты сезінеді. Бірақ бұл бақытты сәт ұзаққа созылмады. Жұмыс істемей жатып семірген қалашық адамдары семіздіктен жарылып, өлім құшады. Адамдар өлгеннен кейін де үздіксіз өсе берген нан қалашықты сол қалпынша басып қалған екен…
Сәбет Насырұлы, Kaznews
БӨЛІСУ:
You may like
Жаңа есім
Ерғұлан Озатұлы Малайзиядағы қызметі туралы айтып берді
Published
1 year agoon
November 3, 2023Бұған дейін Бруней Даруссаламда көпір салған Ерғұлан Озатұлы естеріңізде ма? Олай болса жас қазақ инженері қазіргі таңда Малайзияда қызмет атқарып жүр.
1993 жылы Баян-Өлгийде туған ол 2015 жылы ҚХР-дың Шан Донг өлкесі, Шинг Дао қаласының Шан Донг техникалық университетін геодезиялық инженер мамандығымен бітірген.
Улаанбаатар қаласында халықаралық әуежәй құрылысынан инженерлік жүйе бағытында геодезиялық инженер болып алғашқы жұмысын бастаған. Кейін кореялық инженерлердің ұсынысы бойынша Бруней Даруссалам еліндегі “Tambouring bridge” жобасында, Филиппинде “Skyway” жобасында жұмыстаған. Ол өзіні тәжірибесі мен қытай тілін білуінің нәтижесінде Қытайлық “China state construction” компаниясына жұмысқа тұрған.
Малайзиядағы қызметі
Малайзияда “East Cost Rail Link” деп аталатын жобада жұмыстап келемін. Бұл Малакка бұғазындағы Порт-Кланг пен Малайзия түбегінің солтүстік-шығысындағы Кота Бхару мен Шығыс жағалаудағы экономикалық аймақ мемлекеттерін байланыстыратын стандартты екі жолды теміржол байланысы инфрақұрылымының жобасы.
Теміржол инфрақұрылымының жобасы жолаушыларды да, жүктерді де Малайзия түбегінің батыс жағалауынан шығыс жағалауына және керісінше тасымалдайтын болады. Құрылыс 2017 жылдың тамыз айында басталған.
2018 жылдан Malaysia Rail Link компаниясы China State Construction Company компаниясына ECRL жобасының инжиниринг, сатып алу, құрылыс және пайдалануға беру келісімшарты орнатылған.
Бұл жобада Site manager болып қызмет атқарамын.
Малайзия туралы
Малайзия – Азия құрлығындағы ең көп ұлтты мемлекет. 28 миллион халқы бар бұл елде жергілікті малай халқынан бөлек қытай, үнді және тағы басқа этникалық топ өкілдері өмір сүреді.
Сондықтан, мұнда барлық туристі жатырқамай, құшақ жая қарсы алады. Малайзияда туризмнің дамығаны соншалық 2015 жылы бұл елге келген туристер саны 25 миллионнан асып, жергілікті халықтың санына жетуге жақындаған.
Туристер Малайзияны, соның ішінде астанасы Куала- Лумпурды Азия құрлығындағы Тайланд, Камбоджа, Сингапур, Филлипин аралдары мен Индонезияға өтер транзиттік қала санайды.
Ал, кейбіреулері Куала – Лумпурды Дубайға ұқсатып, бұл жерге тек шоппинг жасау үшін екі үш күнге ғана келеді. Малай елінде жылдың төрт мезгілінде де жаз маусымы. Ауа температурасының жылдық орташа көрсеткіші +25-28°C градустан төмен түспейді.
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Райса Ерланбекқызы 24 жасында “Relax trip” компаниясының негізін қалаған
Published
1 year agoon
June 30, 202330 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының тумасы Райса Ерланбекқызы Халықаралық Қырғыз-Түрк “Манас” Университетін сәтті тәмамдап, алғаш рет “Manas award’s” жеңімпазы атанған. Бұл туралы Казньюс.мн тілшісіне айтып берді.
Райса Ерланбекқызы 1998 жылы Баян-Өлгий аймағы Булган сумынында дүниеге келген. Баян-Өлгийде жалпы білім беретін 2-ші мектепте және де Булган сумыны Ж.Какей атындағы мектебінде білім алып, оқу үздігі болып мектепті тәмәмдаған.
Мектеп қабырғасын аяқтаған соң сонау алыстағы Қырғыз еліне білім алуға сапар шегіп халықаралық Қырғыз-Түрік “Манас” Университетіне оқуға түсіп 2022-жылы “Халықаралық Синхрондық аудармашы” мамандығы бойынша білім алды.
Білім алу барысында білімге деген құштарлығы мен қатар қоғам белсендісі болып университет ішінде жүрілген “Халықаралық студенттік парламентінің” басшысы болып 5 жыл жұмыс атқарады.
Райса Ерланбекқызы университет үздігі деп танылып “Manas award’s” жеңімпазы атанады.
Университетте әр оқу жылы сайын ұйымдастырылатын “Manas award’s”атты университет үздіктерін анықтау сәтінде Райса Ерланбекқызы университет үздігі деп танылып “Manas award’s” жеңімпазы атанады.
Сондай-ақ, Райса 2022 жылы ТМД елдерінің (Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия, Украйн) ең үздік 100 студентінің бірі болып абыроймен жоғарғы оқуын аяқтағанын айта кеткен жөн болар.
Қазіргі таңда Түркияның ірі “Touristalia” туркомпаниясының серіктесі атанып, Монғолиядағы бөлімшесінің меңгерушісі болумен қатар, 24 жасында өзінің жолдасы Ерғабыл Берікболмен бірге “Relax trip” компаниясының негізін қалаған.
“Relax trip” компаниясы Түркия, Дубай, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Монғолия елдері арасында саяхатшыларға туристік қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, оқушыларға Монғолия, Қазақстан мемлекеттерінен Швецария, Түркия университеттеріне және Қырғыз мемлекетіндегі халықаралық Қырғыз-Түрк “Манас” Университетіне грант арқылы тегін оқуға мүмкіндік алуына себепші болуда.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Райса қарындасымыздың елге деген жанашырлығы мен жастардың жанашыры болып жүргендігіне алғыс айтып, сәттілік тілейміз!
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Ерлан Асқарұлы – Рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз
Published
1 year agoon
June 27, 202327 маусым, KAZNEWS. Шетелде білім алған, дарынды қазақ жастарының технологиялық компания құрып, көшбасшы атанып жүргені жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Бүгін біз Казньюс ақпарат агенттігінің “Жаңа есім” жобасында Моңғолияда ақпараттық технология саласында топ жарып 2022 жылы «Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» ретінде марапалған eClinic платформасының авторы “И Клиник” компаниясының негізін қалаушысы Ерлан Асқарұлы туралы қызықты ақпараттарды ұсынатын боламыз.
Ерлан Асқарұлы 2003 жылы Баян-Өлгий аймағындағы Бастама мектебін, 2007 жылы Ғылым, технология университетін програмист және электроник инженері қос мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы Жапонияда магистр дәрежесін қорғаған.
Мекенжайы: Моңғолия, Улаанбаатар қаласы
Қызметі: «И Клиник» компаниясының негізін қалаушы, Технология директоры CTO
Әлеуметтік парақшалары: @Erka Askhar
Програмист болуды бала күннен армандадыңыз ба?
Әке жолын қудым. Менің әкем Баян-Өлгий аймағында маңдай алды, бетке ұстар мықты, саңлақ инженерлердің бірі болды. Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының сәнін келтіріп тұрған 360 метрлік радио антенасы тікелей әкемнің еңбектерінің бірі. Әкем көзі ашық, болашақты болжай алатын адам болғандықтан заманауи саланың яғни ақпараттық технология, цифрлық саланың инженері болуға бел будым. 2003 жылы Бастама мектебінен 10 – сыныпты тәмамдап конкурске түсіп математика пәнінен Баян-Өлгий аймағы бойынша 1-ші орынды иелендім. Әкем менің мықты инженер бола алатындай барлық мүмкіндікті жасап Програмист және Электроник инженер деген қос мамандық иесі болып Монғолияның Ғылым, технология университетін 2007 жылы тәмамдадым.
Университет бітірген соң шетелге шығу мүмкіндігі қалай болды?
2007 жылы университет бітірген соң Монголбанк (Ұлттық банк)-ның Ақпараттық қауіпсіздік департментінде алғаш мамандығым бойынша еңбек жолымды бастадым. Сонда жұмыстап жүрген кезде Индия [2009], Ұлы Британия [2010], АҚШ [2012] елдеріне барып мамандығым бойынша 1-3 aйлық курстарға қатысып білімімді жетілдіріп жүрдім. Дәл сол кезде міндетті түрде шетелде оқимын деп шешім шығарған болатынмын.
2011 жылдан бастап көптеген шәкірт ақылы бағдарлама, гранттарға материал тапсырып жүрдім. Алланың қалауымен 2012 жылы JICA -ның шәкірт ақысын ұтып алып, 2012-2014 жылдары аралығында Жапонияда магистратурада оқып білім алдым. Бұл кездері шетелдегі мүмкіндіктер мен Моңғолиядағы мүмкіндіктерді салыстырып, жеке кәсіппен айналысуға болатынын байқадым.
Кәсіпке алғашқы қадам қалай басталды? Eclinic платформасын құру идеясы қалай келді?
Eclinic платформасын құру идеясы жапонияда жүрген кезімде туындаған болатынмын. Содан бері жоспарлы түрде іске асырып келемін. Бірақ ешкімге жариялы түрде айтқан емеспін. Әр нәрсенің уақыты бар сияқты.
Міне платформамыз өз тұтынушылары бар үлкен платформаға, компаниямыз ойлаған межеден асып, қуатты компанияға айналды. 2022 жылдың сәуір айында “Eclinic” қосымшаның тұсаукесері өтті. Оған дейін “Eclinic health platform”-ны фундаментiне көп уақыт жұмсадық.
2022 жылы ұйымдастырылған «Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» марапатын жеңіп алдық. Бұл марапат – тұтынушылардың уақытын үнемдегені, жұмысын жеңілдеткені, ақылды шешімдер ұсынғаны, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттырғаны және мүлдем жаңа келбет қосқаны үшін берілген.
Жуықта ғана ақпараттық қауіпсіздікі басқару жүйесі бойынша халықаралық ISO 27001 стандартын еңгіздік.
Eclinic платформасының тұтынушылары кімдер?
Аты айтып тұрғандай бұл платформа медицина саласына арналған. Жалпы Моңғолия бойынша 400+ астам аурухана біздің платформаны қолданады. Улаанбаатардағы барлық клиника, лаборатория біздің тұтынушымыз. Әрине тұтынушыларымыздың арасында Баян-Өлгийдегі ауруханаларда бар.
Жуықта ғана ақпараттық қауіпсіздікі басқару жүйесі бойынша халықаралық ISO 27001 стандартын еңгіздік.
Компаниямызға ISO 27001 халықаралық стандартына сәйкестігікті анықтау, сертификаттау жұмыстарын Аустралиялық компания жүзеге асырды.
Eclinic платформасын азаматтар да қолдана алады. Қандай бір ауруханаға диагоз тапсырған болсаңыз тікелей біздің платформадан жауабын алуға болады.
Eclinic компаниясында қанша қызметкер жұмыс жасайды?
Біздің компанияда 40+ астам қызметкер жұмыс жасайды. Компаниямыздың ерекшелігі IT және медицина саласындағы қызметкерлер жұмыстайды. Компанияның “Call Center” орталығында 10 шақты операторлар таңертеңнен кешке дейн тұтынушылардың сұрағына жауап беріп, техникалық қолдау көрсетеді.
Жасанды интелект бағытында жаңалық ашу үшін рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз.
“Eclinic” медицина саласынан өзге қандай бағытта бақ сынап жатыр?
Клоуд компютинг (cloud computing), жасанды интелект (Artificial intelligence), блокчейн (Blockchain) қатарлы жаңа технология саласында да бақ сынап, жобалар жасаудамыз.
Моңғолияда науқас жайындағы медициналық ақпарат құпия сақталады. Сондықтан біз платформамызды Америкадағы серверге орната алмаймыз. Сондықтан елімізде біраз инвестиция жасап өзіміздің «private cloud» инфрастрактурамызды тұрғыздық.
Жасанды интелект бағытында жаңалық ашу үшін рентген суреттін оқып диагноз шығара алатын робот жасап жатырмыз.
Елімізде Fintech, Edutech бағыттары қарқынды даму үсінде. Біз MedTech саласын мықтап дамытатын боламыз!
Блокчейн технологиясын қандай мақсатта пайдаланасыздар?
Кейбір азаматтар базадағы даталарымызда пайдаланып койн шығармақ деп ойлап қалуы мүмкін. Блокчейн өте үлкен сала. Біз блокчейнге тек дата сақтаймыз. Блокчейнге сақталған датаны ешкім, ешқашан өзгерте алмайды. Біздің өзге технологиялық компаниялардан артықшылығымыз да осы болар.
Бұған дейін компанияның қандай жетістіктерге жеттіңіздер?
Голомт банкден, ICT групптан және аппликейш жөніндегі қауымдастықтан әр түрлі марапаттар алыппыз.
«Цифрлық өнім конференциясы 2022» оқиғасынан Eclinic платформасы «Үздік цифрлық өнім – мобильді қосымша» ретінде марапалғаны бізді жігерлендірді.
Жұмысты қалай жоспарлайсыз?
Office 365 платформасының «Planner» деген қосымшасын көп керектенемін. Сонда жұмыстарымды жоспарлап, қандай проект қалай істелініп жатқанын бақылап отырамын.
Ең көп қолданатын жұмыс құралыңыз, қолданбалы бағдарламаларыңыз қандай?
Көбінде жұмысыма «MS Teams», «Planner» керектенем. Үйден қашықтықтан жұмыстаған сәтте «Google Meet», «Zoom» ыңғайлы. Сосын «source code» менеджментін жасау үшін GitLab керектенемін.
Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі не?
Уақытты тек бір нәрсені жүзеге асыруға тырысыңыз, себебі адамның сана-сезімі бір нәрсеге ғана шоғырландырылған жағдайда оның миы өнімдірек жұмыс жасайды деп ойлаймын. Уакытты үнемдеудің тағы бір жолы жоспарлаған жұмысты дәл уақытында істеу керек. Кейінге қалтыра берсең табысқа жетпейсің. Жұмыс сағатында жұмысты тиянақты істеп, үйге барып семияңа көңіл бөлу керек.
Кітап көп оқисыз ба? Дәл қазір қандай кітап немесе мақала оқудасыз?
Иа ағылшын, орыс, қазақ, монгол тілдерінде көп кітаптар оқимын. Дал қәзір жұмысыма қатысты әpі қызықты болған соң Peter Thiel-дің “Zero to One” [2014] оқып жатырмын.
Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз?
Менің бала кезімде қазіргідей интернет дамымаған заман ғой. Интернет атауы жаңадан келіп қосылып жатқан кез. Сол кезде әкем өз бетімен ағылшынша, сосын компьютер мамандығы туралы ақпараттарды интернеттен қарап, көп ізденіс жасап оқитын. Менде әкеммен қатарласып отырып кітап оқып ағылшынша оқып үйреніп отыратынмын. Маған әкем өмірде еш нәрсе дайын емес, адам өз еңбегімен жету керек дегенді өз іс әрекетімен, ғибратты үлгілерімен көрсетіп, өмірге деген көз қарасымды дұрыс қалыптастырды.
Жастарға қандай ақыл кеңес бересіз?
Шетелден оқу керек. Білім алу керек. Бірақ шетелде қалып жұмыстамай, өз еліне келіп, туған жердің дамуына үлесіңді қосып, еңбек ету керек деп ойлаймын. Мүмкіндік қай жерде де бар.
КАЗНЬЮС АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
БӨЛІСУ:
Жаңа есім
Бегарыс Алданышұлы – Жас кәсіпкер құрылыс саласындағы озық технологияларды алып келуді қалайды
Published
2 years agoon
June 14, 202314 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында құрылыс инженеринг саласының жаңа буыны қалыптасып келеді. Олардың бірі және бірегейі Happy Town деп аталатын тұрғын үй құрылысын салып ел арасында танымал болған жас кәсіпкер Бегарыс Алданышұлы екені белгілі.
Бегарыс Алданышұлы туған жерге ту тігіп, Өлгий қаласының өркендеуіне қалай үлес қосуға болатыны жайлы айтып берді.
Бегарыс инженер болуды бала кезінен армандаған. Улаанбаатар қаласындағы Ғылым технология мемлекеттік университетін құрылыс инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы қаласында мамандығын жетілдіріп Құрылыс материалдарының инженері магистратурасын қорғаған. Алматы қаласында өмір сүрген уақытында бизнесті жүйелі түрде алып жүруге тәжірибе жинақтап, білімін жетілдіреді.
Оның құрылыс саласына қызығуға себепкер болуы Суруга компаниясымен тікелей байланысты. Аталмыш компаниядан жапониялық кайзен әдісін үйреніп өз компаниясына еңгізген.
Мекенжайы: Моңғолия, Баян-Өлгий аймағы
Қызметі: «Мөстийн ундарга» компаниясының директоры
Әлеуметтік парақшаcы: Begaris Aldanish (FB)
Кәсіптегі алғашқы қадамыңыз қалай басталды?
Туған жерге ту тігу, аймақтың дамуына үлес қосу, халыққа қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында кәсіп ашып жұмыстап келеміз.
Көптеген бизнестермен айналысып келдім. Құрылыс саласына келуіме себепкер болған фактор ол жапонияның Суруга компаниясында жұмыстап жүргенде келген еді. Олардың көзқарасы, жұмысты атқару менежменті қатты ұнады. Кайзен әдісін компаниямызға еңгізіп жұмыстаудамыз.
Кайзен әдісі 5 негізгі элементтен тұрады: топтық жұмыс, жеке тәртіп, моральды жақсарту, сапа шеңберлері, жақсарту бойынша ұсыныстар.
Кәсіптегі серіктесіңіз кім?
Кәсіптегі серіктесім бала күнгі досым Заңғарұлы Жансері. Мамандығы экономист. Бұрыннан бірлесіп кәсіп бастайық деп жоспарлап жүретінбіз. 2021 жылдан бері бизнесте жолымыз бірікті деп айтуға болады.
Жұмыста серіктеспіз, жұмыстан тыс доспыз.
Қазір қандай жобамен айналысып жатырсыздар?
Мөстийн ундарга компаниясы өткен жылы бизнес класс бағытындағы Happy Town – 1 тұрғын үй жобасын 9 ай мерзімінде толық пайдаға бердік. Биыл яғни 2023 жылғы 20 наурыздан бастап жастарға арналған Happy Town – 2 тұрғын үй жобасын бастаған болатынбыз. 5 маусымда бетон жұмыстары толық аяқталды.
Шілде айының аяғында клиенттерімізге қолжетімді шағын тұрғын үй кешендері туралы жақсы жаңалықпен бөлісетін боламыз. Бұл біздің Happy Town – 3 жобасы екенін айта кеткенім жөн болар.
Сапалы әрі жылдам уақытта адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету басты мақсатымыз болып табылады.
Happy Town идеясының қалай келгені туралы айтып берсеңіз…
Әкемнің жолдасы Мүшелбай деген азамат Өлгий қаласына тұрғын үй құрылыстарын салған алғашқы адамдардың бірі. Маған құрылыс инженері болуыма бірден бір себепкер болған кісі – осы ағамыз еді. Өкініштісі 2011 жылы өмірден өтті. Ер азамат тұрғысынан ол кісі әкемнің жолдасы болса да, әкеммен бірдей. Құрылыспен айналысу сол кісінің маған артып кеткен аманаты шығар деп қарадым.
Екіншіден осы жобаларға бақ сынайық, құрылыс жұмыстарына тәуекел етіп бастайық деген Жансері досым болатын.
Happy Town – Бақыт мекені.
Атына заты сай орта қалыптастыру идеясы, басты ұстанымыз болды.
Жастар үшін Баян-Өлгийдегі басты мәселенің бірі – ол жұмыссыздық. Осының салдарынан жастар елімізден жырақ кетіп, Қазақстанда, Кореяда, АҚШ-та, Австралияда, Жапонияда нәпақасын тауып жүр. Осы мәселеге көзқарасыңыз қандай?
Қазір еліміздің экономикасы, аймақ экономикасы статистикалық көрсеткіштер бойынша жоғары көрсетеді. Бірақ ол тек қағаз бетінде ғана. Шынайы өмірде бөлек. Халық саны 100 мыңнан асқан аймақта жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Жұмыс орындарының тапшылығы себепкер. Бірақ та, қандай бір жұмыс жасаймын деген ниеті бар, ынтасы бар адамдарға мүмкіндік бар деп өз басым ойлаймын.
Ал, шетелге шығып жатқан азаматтарды теріске шығармаймын. Бірақ та, белгілі бір мақсаттармен барса. Сол жақтан қандай ноу-хау алып, туған жерге не істей аламын дегенді ойласа жақсы.
Қол сілтеп кетіп қалсақ, қара орман халыққа кім жұмыс орнын ашып, кім қаланы дамытады. Елге белгілі уақыттан кейін оралып, бизнесін ашып, өндірістерін салса нұр үстіне нұр болар еді.
Технологияның жетістіктерін алып келсе. Мысалы құрылыс саласында 10 сағаттық жұмысқа 10 адам жұмылдырылатын болса, оны қалай технологияны пайдалана отырып аз уақытта қалай нәтижелі аяқтауға болатынын еңгізу керек.
Баян-Өлгийді дамытушы күш не деп ойлайсыз?
Біріншіден, Ауыл шаруашылық саласы деп ойлаймын. Ет, сүт бағытында асыл тұқымды мал өсіруге болады.
Екіншіден, географикалық орналасуымыз. Ложистика арқылы туризм саласы дамиды. Қазір біздің ішкі туризмде оған керекті мәдениеті дұрыс қалыптаспаған. Қазақи паст-пут бар ма біз де? Жылдам дайындалатын тағам түрлерін таныстыру керек. Қазы қартадан басқа қандай тағам бар, заманауи бағытқа бейімделуіміз керек деп ойлаймын.
Даян бекеті ашылатын болса, жолы салынатын болса тараптар туризмге назар аударатыны белгілі. Цагааннуур еркін зонасына көрші мемлекеттің азаматтарын арнап казино ашып қоюға неге болмасқа.
Тұрғын үйге деген сұраныс қаншалықты?
Тұрғын үйде тұратын азаматтардың саны аймақ халқының 10 пайызына жетпей тұр. Өз деңгейіміз ше зерттеп көрсек, Өлгийде 1500-1600 отбасы пәтер үйде тұрса, социализм заманынан бері қарай 51 пәтер үй бой көтеріпті. Ал, қала орталығында 1400 хаус яғни 2 қабат үй бар екен. Бұл басқа аймақтармен салыстырғанда 10 есе көп деген сөз. Тұрғын үйге деген сұраныс көп. Адам өмір сүріп жатқан жерде сұраныс бар. Қалауына сай пәтер үйлер қаншалықты. Тұрғын үй құрылысын салған соң оның ауласы, тазалығы, балалар ойнайтын ойыншығы, автотұрағы болуы керек. Бұл талаптардан қаншасы мүдірмей өте алады? – деген сұрақтар туындайды.
Бізде де қателіктер болды. Келесі, келесі жобаларымызда жасыл ортаны қалыптастырып, қателіктерді ескеріп жұмыстап жатырмыз.
Орташа жұмыс күніңіз қалай?
Таңғы 8 де жұмысым басталады. Компанияның басқарма инженерлерімен жұмысты таңертең ақылдаспаймыз. Кешкі жұмыс аяқталған соң 10 минут ғана сөйлесеміз. Бір-бірімізге байланысты шұғыл шаруалар болса арнайы тақталарға жазып кетеміз. Мысалға Бекарысқа байланысты шаруаларды маған телефон соғып, мазалап, іздеудің қажеті жоқ. Тақталарға жазып қалдырса болды.
Ең көп қолданатын қолданбаңыз, бағдарламаңыз қандай?
MS Project бағдарламасымен жақсы жұмыстап жатырмыз. Өткенде барлық инженерлер сабағына қатысты.
Уақыт үнемдеудің ұтымды тәсілі не?
Құрылыс саласы көп ақша салынады да нәтижесін көп уақыттан кейін көретін болғандықтан уақытпен жарысып жұмыс істейміз. Кейбір азаматтар пайда көп көру үшін арзан материалдарды қолданып жатады. Біз сапалы, қымбат материалдарға жүгінеміз. Сондықтан біз ақшаны уақыт деп көреміз. 10 күн істейтін жұмысты 8 күнде істейтін болсақ, 8 күнде істейтін жұмысты 5 күнде істеп шыдасақ уақытты үнемдеу арқылы табысымыз артып жатыр деп түсінеміз. Техникаларымыз жақсы болу керек. 40 жұмысшы алып 2 күн жұмыстатқан қандай? Текника жұмыстатып, 20 жұмысшымен 1 күн жұмыстаған қандай?!
Атқарылатын істер тізімін қайда белгілеп, қалай жүргізесіз?
Тақтаға жазып қалдырамыз. Екі оффис жұмыстайды. Басшылық кеңсе, және инженерлердің кеңсесі. Инженердің кеңсесінде қандай материалдар қажет, қандай қызметтер қажет дегенді бір күн бұрын жазып қояды. Бізде диктатура жоқ, жауапкершілік жоғары.
Сіз нені істеуге шеберсіз?
Бізде көптеген компаниялар адамның энергиясын құртатын жұмыстарды механикалық әдіспен атқарып келеді. Мен осы адам күшімен атқарылатын жұмысты қалай жеңілдетуге болатыны тұралы көп ойланамын. Біраз тәжірибелер қалыптастырдым.
Сізге идея қалай келеді?
Жалғыз өзім отырғанда идея келеді. Көбінде Өлгий қаласының сыртына шығып, жаңа салынған жолмен бір айналып, Өлгий үшін не істеуге болады дегендерді ойлағанда жаңа идеялар келіп жатады. Компания құрамындағы бригадалардың жұмысын қалай жеңілдетемін деген сияқты.
Happy Town 2 – жобасының клиенттері кімдер?
Дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер. 30 үйдің 90 пайызына тапсырыс қабылданды.
Бізде көршілер қауымдастығы деген бар. Көршілермен қарым-қатынастың жақсы болуына үндеп, сол бағытта да жұмыстар атқарып келеміз.
Жиі қойылатын сұрақтар?
Әрине көптеген сұрақтар қояды. Бетпе-бет сөйлесіп, істеліп жатқан жұмыстарды көрсетеміз. Ең бастысы пәтер үй жылы болуы керек. Қазір жылу кетсе де ең жылы пәтер үй біздікі.
Кімнен, неден күш қуат аласыз?
Табиғаттан жақсы күш қуат аламын. Көк аспан, асқар таулар рух береді.
Өмірден алған ең жақсы ғибратыңыз?
Әкем 12 жасымда өмірден қайтты. Әкем мені кәсіпке ерте тәрбиеледі. Түн болсын, күн болсын кәсіпке баулитын. Бұл кейін түсінгенімдей әкемнің берген тәрбиесі, маған осы күндері азық болуда.
Болашақта қандай істер атқаруды жоспарлап отырсыздар?
12 сұмынға пәтер үй салу. 50 эко хаус салуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс саласындағы көшбасшы компанияға айналу.
Ең басты ұстанымыз тендерге араласпаймыз.
Жастарға қандай кеңес бересіз?
Мамандық таңдауда қателеспеу керек. Адам өз өзін тану керек. Мен не істей алам дегенге қарай мамандық таңдаса болашақ жарқын болады деп ойлаймын.
Өлгийдің болашағы жастардың қолында.
Сұхбатыңызға рахмет!
Казньюс ақпараттық агенттігі
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...