KAZNEWS – Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын болған жылқы көшпелі халықтың бар керегіне жараған. Заман өте келе бұл төлге деген ерекше сүйіспеншілік пен қадірлеу әлі де сақталып келеді. Киелі жануардың еті, қазы-қарта, жал мен жаясы, қымызы дастархан төрінен орын алатыны белгілі.
Отандық жылқы шаруашылығының бүгінгі халі қандай? Жылқы экспорты жүзеге асып отыр ма, мал басы қанша, саралап көрелік.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Баян-Өлгий аймағында мал саны 2 млн 167 мың 413 жеткен. Оның ішінде жылқы саны 85793 ғана. Жалпы жылқы саны еліміз бойынша 3 млн-ның шамасында. Мамандардың айтуынша, жылқы малын тірідей емес, ет комбинаттарын іске қосып, өңделген етті экспортқа шығарған жөн.
Бұл сөзді Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп вице министрі Сәуле Жәнімханқызы растап отыр. Оның айтуынша, «Жылқы малын тірідей экспортқа шығаруға тиым салып отырмыз. Мал етін өңдеу арқылы экспортқа шығаратын өндірістерді қолдаймыз.» – деді.
Сонымен қатар, Сәуле Жәнімханқызы, Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнер кәсіп министрлігі тарапынан “1 миллиард төгрөг” Баян-Өлгий аймағының шағын және орта өнер кәсіпті дамытуға бөлінгенін айтты.