Моңғолия Үкіметі Халықаралық Валюта қорынан 440 млн АҚШ доллары, Азия даму банкі, Әлемдік банк қатарлы қаржылық ұйымдардан 2 млд АҚШ долларының несиесін алуға, ҚХР-дан 2 млд АҚШ долларының своп келісімінің уақытын ұзартатын келісім жасады.
Жемқорлыққа шомылған олигархтар ақыры елді осындай жағдайға жеткізді. Үкімет 25 млд АҚШ долларына тең келетін сыртқы қарызды өтеу үшін 5,5 млд АҚШ долларының несиесін алмақ.
Зейнеткерлік жасты ерлерге 66 жас, әйелдерге 65 жас болады, салық түрлері қосылады деген сияқты біршама қатаң талаптар қойған.
“Жігіт болсаң, бопсаға шыда” деген осы болар. Ел аман, жұрт тыныш болсын!