Лайфстайл
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Published
6 years agoon
Антибиотикпен қай кезде емделеді? Түшкіру суық тигеннің белгісі емес дейді. Салқын тиіп ауырғанда төсекте жата беруге болмайды екен. ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) тұмауға айнала ма? Тағы нені білмейміз? Ендеше суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателікті білуге тиіспіз.
Бірінші қателік: Суық тигенде ол тұмауға айналады ЖРВИ және тұмау (грипп) әртүрлі вирустардан туындағандықтан, бір ауру басқа ауруға ауыспайды. Бірақ ауырып қалғанда алғашқы күні көбісі осы екі аурудың белгілеріндегі айырмашылықты білмейді. Тұмаумен емес, суық тиіп ауырғанды қалай білуге болады:
• Суық тигенде оның белгілері біртіндеп басталады: тамақ ауырады, мұрыннан су аға бастайды, қалтырай бастайсың. Шамамен 5 күнде адам науқастанғанын сезеді. Ал тұмау бірден сұлатып түсіреді: басың, бүкіл денең ауырып, әлсіз сезінесің.
• Салқын тигенде дене қызуы болмайды немесе қызу қатты көтерілмейді (38 ° дейін). Ал тұмауда дене қызуы күрт көтеріледі (39 ° және одан жоғары).
• Түшкіру – тұмаудың емес, суық тигеннің белгісі.
Екінші қателік: Суық тисе, антибиотикпен емдеп алуға болады Антибиотиктер вирусты құрта алмайды, өйткені оның құрамы бактериядан бөлек. Ал мұндай дәрінің пайдасынан көрі зияны көп. Аурудың белгісі сақталып, ал вирустар ағзаңызда көбейе береді. Антибиотикті «кәдеге жарап қалар» деп қабылдауға мүлдем болмайды! Ол иммунитетіңізді әлсіретіп, вирусқа қолайлы жағдай жасайды. Сөйтіп болашақта қажет кезде антибиотик сізге көмектесе алмайтын болады, себебі мұндай препараттан кейін тірі қалған бактериялар оларға сезімтал болмайды.
Үшінші қателік: Суық тигенде емделудің қажеті жоқ, өзі-ақ жазылып кетеді Әдетте суық тигенде оның белгілері 3 күнге созылады, бірақ «жазылып кетермін» деп күтсеңіз, онда ауру бір айға созылып немесе асқынуы ықтимал. Есіңізде болсын: егер демігіп, ентіксеңіз, демалу қиындаса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз!
Төртінші қателік: Суық тигенде жұмысқа бара беруге болады Көптеген адамдар суық тиіп ауырып жүрсе де жұмысынан қалмай, «ерлік жасауға» құмар. Тіпті өзіңді босаңсуға мүмкіндік бермесең, онда ауру тез өтеді деген қате түсінік. Іс жүзінде жазылу процесі созыла береді. Сол үшін ең ыңғайлы шара: алғашқы 1-2 күнді міндетті түрде үйде өткізу керек. Үйде қалудың тағы бір себебі: аурудың алғашқы күндерінде адам вирустың тасымалдаушысы болып табылады, яғни айналасындағы адамдарға ауруын жұқтырады.
Бесінші қателік: Суық тигенде төсекте қозғалмай жату керек Ұзақ уақыт төсек тартып жату бронхит пен пневмонияны тудыруы мүмкін. Сондай-ақ аяқтағы қанның тоқырауына әкеледі. Әрине, спортзалға жүгірудің қажеті жоқ, бірақ қалыпты белсенділік тек пайда әкеледі.
Алтыншы қателік: Суық тигеннің бір себебі – салқын ауа Суық тигеннің жалғыз себебі – вирус жұқтыру. Яғни, басыңызда бас киім болды ма, қалың киіндіңіз бе, бәрібір. Және де суық жел, өкпек жел, кондиционер де себеп емес. Егер ұшақта отырып суық тиіп немесе салқын желден ауырдым деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Мәселе мында: құрғақ ауа мұрынның шырышты қабығын кептіріп, содан ағзаңыздың вируспен күресі қиындайды.
Жетінші қателік: Далаға терлеп шықсаң, міндетті түрде суық тиеді Өкпек жел, жаңбыр немесе басыңды кептіріп үлгермей далаға шыққанда ол ауруға себеп болады деген қате түсінік. Вирусты ұстаудың 3 тәсілі бар: ауа тамшылары, ауа-шаң-тозаң және тұрмыстық. Сондай-ақ вирустардың өте қабілетті екенін ұмытпаңыз:
- Вирустар үйде су өткізбейтін жерлерде 7 күннен артық өмір сүреді.
- Киімде, жиһаз қаптамасында немесе қағазда шамамен 12 сағат өмір сүреді.
- Қолыңызда бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін.
- Есік тұтқаларында – 6 сағат.
Бірақ далаға терлеп, басыңды кептірмей шығуға болмайды. Өйткені ол иммунитетті әлсіретіп, вирус жұқтыруға себепкер болады.
Сегізінші қателік: Қыста бір рет қана суық тиіп ауырасың Жақсы жаңалық: адам өзін ауыртқан вирусқа иммунитет қалыптастырады. Демек екінші рет тап сондай вирусты жұқтырмауыңыз мүмкін. Жаман жаңалық: әлемде 200-ден аса вирустың түрі бар. Сондықтан бір маусымда бір рет қана суық тиіп ауырады деген бос сөз.
Тоғызыншы қателік: Бір күнде емдеп алуға болады Ауруға қатты соққы беру керек деп, дәріні бір мезетте көп мөлшерде ішіп алатын «ақылгөйлер» бар. Дәріні уыстап ішіп, бір күннің ішінде аяғымнан тік тұрам деу – қауіпті пікір. Вирус жұққан кез келген ағза қайта қалпына келу үшін уақыт керек. Егер аурудың белгісін жоятын дәрі-дәрмекті көп қабылдасаңыз, онда жүрекке салмақ түсіріп, оның салдары қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ парацетомолы бар препараттармен абай болыңыз, оның мөлшері шамадан тыс болса, ол бауырдың қызметін тоқтатуы мүмкін.
Оныншы қате түсінік: Аяғына дейін емделу қажет Жөтел мен жеңіл тұмау 4 аптаға дейін сақталуы мүмкін. Сондықтан аурудың барлық белгісі толық жойылғанша күтудің мағынасы жоқ. Егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, әдеттегі тіршілігіңізге кірісе беруге болады.
Деніңіз сау болсын!
KTK
БӨЛІСУ:
You may like
-
Тест: Наурыз туралы не білесіз?
-
Chengdu China 2019 World Police & Fire Games: Қалиұлы Бекнұр жеңімпазы атанды
-
Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)
-
Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!
-
Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады
-
Huawei смартфонына қандай дүкенді жүктейміз?
14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.
Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…
Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.
Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.
Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews
Via ЭНХБАТ
БӨЛІСУ:
Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.
Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.
Қызыл паспорт
Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.
Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.
Көк паспорт
Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.
Жасыл паспорт
Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл. Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.
Қара паспорт
Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.
БӨЛІСУ:
Лайфстайл
Тапсырысты үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды
Published
3 years agoon
December 13, 202113 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.
Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады.
Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.
Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.
БӨЛІСУ:
Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...