KAZNEWS – Моңғолия президентінің 30 маусымда шыққан 111 – ші жарлығына сәйкес жаңадан тағайындалған соттардың төрағалары мен судьялары таныстырылды.
Баян-Өлгий, Увс, Ховд аймақтарының Азаматтық істер жөніндегі сотының төрағасы қызметін Оросоогийн Нарангэрэл атқарады.
Ал, Өмірбек Солтанмуратұлы, Сәуле Өкейқызы және Нямжавын Туяа аймақ аралық Азаматтық істер жөніндегі соттың судьялары қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар Гүлбарша Зукарқызы Баян-Өлгий аймағының Әкімшілік сотының төрайымы қызметін атқарады. Әкімшілік сотының судьясы қызметіне Еркеш Сейітмуратқызы мен Риза Мақайқызы тағайындалды.
Баян-Өлгий аймағының Сұмынаралық Азаматтық істер жөніндегі сотының судьясы қызметіне Бүлдірген Кәдірбек, Мәңгілік Батбайқызы, Мейрамбек Қаламханұлы таныстырылды.
Баян-Өлгий аймағының Сұмынаралық Қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасына Дашдоржийн Мөнхөө, судьялары қызметіне Дәуренбек Акранұлы мен Жәрдемхан Қабыкейұлы тағайындалды.
Моңғолия президентінің жарлығы бойынша тағы бір жерлесіміз Көбеш Дүйсенбекұлы Ховд аймағының Сұмынаралық Азаматтық істер жөніндегі сотының судьясы қызметіне тағайындалған.