Connect with us

Орта Азия және әлемде

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Published

on

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр.

Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери ведомствосы қысқа қашықтыққа арналған кезекті  екі баллистикалық зымыранын ұшырып, сынақтан өткізген. Зымырандар 6,1 Маха жылдамдықпен  30 шақырым биіктікте, Жапон теңізіне қарай  230 шақырым аралықты ұшып өтіп,  көзделген нысанаға тиген. Жаңа  технологиялық үлгідегі  зымыран сынағына Ким Чен Ын жоғары баға берген. Бұл  Солтүстік Кореяның  жыл басынан бері сегізінші рет,  кейінгі үш аптада  алтыншы  мәрте  зымырандар ұшыруы. Мұндай  шұғыл тактикалық әскери  сынақтар  Оңтүстік Корея мен  Жапонияны алаңдатып, АҚШ-ты  кезекті  келіссөзге  итермелеп жатқандай.

***

Бүгінгі әлемдік геосаясатта АҚШ   пен Солтүстік Кореяның сыпайы сипаттағы «текетіресі»  жұртқа мәлім. Мұның себебі белгілі.  Құрама Штаттар  КХДР-дың  ядролық және зымырандық  қарулардан біржолата бас тартып, Корея түбегінің түгелдей денуклеаризациялануын талап етсе, Пхеньян өзінің тәуелсіздігіне  ешқандай шабуыл мен қауіп-қатердің төнбеуіне  халықаралық деңгейде  кепілдік берілуін қалайды. Міне, осы  жөнінде  тараптардың  түсінігі мен ұстанымының  әрқилығынан мәселенің шешілуі  тұйыққа тіреліп  тұрған деуге болады.

Әдетте мұндай  қайшылықтарды  қарулы күшпен, әскери операциялар ұйымдастырумен шешетін «АҚШ  неліктен  Солтүстік Кореямен  диалог-келіссөздер жүргізуге мәжбүр болып отыр?» деген сұрақ туады.

«Бәлкім, Америка ақыл-парасатқа  жүгініп,  қантөгіс пен соғысты қаламай,  мәселені бейбіт жолмен шешуді көздейтін шығар?» дейін десең, оны өмірлік тәжірибе теріске шығарады.  Сонау 1950–1953 ж.ж. Корей түбегіндегі, 1961–1973 ж.ж. Вьетнамдағы, 1964–1973 ж.ж. Лаостағы  соғыстарды айтпағанда, бергі кезеңдегі 2003–2011 ж.ж. Ирактағы Саддам Хусейнді   тақтан тайдырып, өлімге душар еткен және 2011 жылғы Ливиядағы Муаммар Каддафидің көзін жойған  әскери операциялары  ойға оралады. Осыларға қарап  «АҚШ  әлемдегі  пацифистік саясатты ұстанатын, бейбітшіл ел»  деуге  аузың бармайды.

Ендеше, АҚШ-ты  Солтүстік Кореяға қарсы  әскери қару қолданып, соғыс ашуға жібермей отырған  қандай күш, қандай құдірет? Мұның  артында нендей себеп пен сыр бар? Бұл мәселені зерттеп, зерделеп жүрген талдаушы мамандар баршылық.

Әйтсе де,  амал-айласы мен  қулық-сұмдығы жетіп-артылатын  Ақ үй билігі  КХДР-на қарсы  қысым  шара­ларының барлығын қолданып-ақ келеді. АҚШ қана емес, БҰҰ, Еуропалық одақ, Оңтүстік Корея мен Жапония, тіпті Австралия  санкциялық шектеулер жариялады.  Мұнда Құрама Штаттардың    ықпалы бар екені даусыз.

Керек десеңіз, Ақ үйдің барлау ұйымдары  КХДР жетекшісі Ким Чен Ынның көзін жою үшін 2015 жылы  арнайы «US Operatіons Plan 5015» операциясын түзіп, ол бойынша  Солтүстік Корея жерінде  партизандық соғыс жүргізу, бірінші басшының төңірегіндегі  ықпалды адам­дарды өлтіру, маңызды  әскери нысандарды жою жоспарланған.

16 тамыз, 2019 жыл. Солтүстік Кореяда қысқа қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранның ұшырылу сәті.

Бұған қоса,  қорқыту мен үркіту,  қоқан-лоқы да жасалды. Есіңізде ме, осыдан тура екі жыл бұрын Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың: «біз оларды бұрын-соңды болмаған оқ пен отқа орап, тас-талқан етеміз», –  деп доқ көрсеткен болатын. Оған  КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын айылын жия қойған жоқ. Керісінше: «Біз де қарап қалмаймыз, Тынық мұхиттың батысындағы Америкаға тиесілі  160 мыңдай тұрғыны бар,  АҚШ-тың аса ірі стратегиялық әскери базасы орналасқан Гуам аралын төрт  «Хвасон–12» зымыранымен атқылаймыз. Ол жерге біздің ұшқыр зымырандарымыз  небәрі 17 минутта  ұшып барып, жойқын соққы береді», –  деп  айбат шекті.

Ерегес пен текетірес біразға созылды. Солтүстік Корея 2017 жылдың 4 және 28 шілдесінде екі рет континент­аралық баллистикалық «Хвасон-14» зымыранын ұшырып, 3 қыркүйекте  сутегі бомбасын жарып сынады. Бұл әреке­ті­не: «Зымырандық-ядролық сынақтар жасағандағы біздің мақсатымыз  көршілерді қорқытып-үркіту емес, АҚШ-қа ескерту, оны басқыншылық райынан қайтару», – деген түсінік берді.

АҚШ және Жапония барлау қызметтері бүгінде Солтүстік Корея Қарулы күштері 60 ядролық оқтұмсыққа,  бірнеше құрлықаралық  баллистикалық зымырандарға  және қуатты сутегі бомбасына ие екенін растайды.

Тағы да АҚШ-тың  ұсынысы және ықпалымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2017 жылғы 5 тамызда Солтүстік Корея­ға қатысты кезекті санкциялық шаралар туралы қарар қабылдады. Ол бойынша КХДР көмір, темір, қорғасын және теңіз өнімдерін  экспорттау тоқтатылып, оның банктегі сыртқы саудалық есеп-шоты  бұғатталды. Теңізде жүретін кемелеріне басқа елдердің порттарына кіріп, аялдауына тыйым салынды.

Дегенмен, өз кезегінде  «тек біздікі дұрыс!» деп сіресіп отырған КХДР жоқ.  Елдегі саяси билікке ие жетекші ұйым Корей  Еңбек партиясы (КЕП) Орталық комитеті   2018 жылғы 21 сәуірдегі Пленумда барлық  ядролық  қаруларды сынау мен континентаралық баллистикалық зымыран­дарды ұшыруды  тоқтату жөнінде қарар қабылдады.  КЕП төрағасы Ким Чен Ын  партиялық жиында арнайы баяндама жасап,  елді  қорғайтындай  қуатты қаруға ие бол­ғаннан кейін  одан әрі ядролық қару мен баллисти­калық зымырандарды  сынаудың  қажетсіздігін  айтты.

Жиында сондай-ақ,  ядролық  сынақ полигондарының  түгелдей жабылатыны, мұның  ядролық қарусыздандыру жолындағы маңызды қадам  екені,  КХДР-ның  осы бағыттағы  мақсаттарға қосылатыны туралы  айтылды.

Қабылданған қарарда  Солтүстік Кореяға  ядролық қатер төнбеген  немесе түрлі арандатулар болмаған жағдайда  Пхеньянның  ядролық қаруды қолданбайтыны және  ядролық қару мен оның жасалу технологиясын  өзгелерге бермейтіні атап көрсетілді.

Солтүстік Корея басшылығының шешімін естіген бойда Ақ үйдің қожайыны Дональд Трамп  өзінің Twіtter парақ­шасында: «КХДР-ның ядролық-зымырандық сынақтардан бас тартуы  –  Солтүстік Корея үшін ғана емес, бүкіл әлем  үшін үлкен  ілгері қадам  және жақсы жаңалық», –  деп мақұлдау  танытты.

Осыдан  кейін Вашингтонның Пхеньянға қатысты  саясаты жұмсарып,  «жоғары дәрежедегі АҚШ-КХДР диалогы  жүргізіліп, Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесу ықтимал» деген  хабар  айтыла бастады.  Бірте-бірте  болатын күні де айқындалып, белгіленді. Бұл екі аралықта Ақ үй басшылығы тайғанақтық көрсетіп, сан құбылды. 24 мамырда  АҚШ президенті Дональд Трамп  КХДР-ның басшысы Ким Чен Ынға хат жолдап, Сингапурда алдағы 12 маусымға белгіленген  кездесудің болмайтынын  хабар­лады. Мұны ол Солтүстік Кореяның  «ашық жаулық» ұстанымына байланысты», – деп түсіндірді. Трамп сондай-ақ, өзінің Twіtter парақшасында: «Сіз өздеріңіздің ядролық  мүмкіндіктеріңіз туралы айтып отырсыздар,  ал біздікі одан қанша есе қуатты екенін шамалай беріңіз. Мен  Құдайдан  соның сіздерге қарсы қолдануға жол бермеуін сұраймын», – деп жазды. Тіпті асығыстыққа бой алдырып: «Солтүстік Кореямен арадағы қайшылықты шешудің бірден-бір жолы – қарулы күш қолдану», – дегенді айтып қалды.

Дейтұрғанмен, біршама қиындық-кедергілерден кейін  2018 жылдың 12 маусымында Трамп пен Ким  Сингапурде кездесіп, оның қорытындысында: екі ел халықтарының  мүдделері мен ықыластарына қарай оң қарым-қатынас жасау, Корей түбегін  ядролық қарулардан тазартып, бейбітшілік пен тыныштықты қалыптастыру деген сияқты маңызды мәселелерді қамтыған декларация қабылданды.

Осы декларацияның шарапатымен түйткілді мәселелер біржолата шешілмегенімен,  Солтүстік Кореяның  ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандар ұшыруын тоқтатып,  АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесіп әскери жаттығулары кейінге шегерілді.  Пхеньян мен Сеулдің  бір-біріне жылы қабақ танытып,  ынтымақтастық әрекеттері   көрініс берді.

Алайда, Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея арасын­дағы  қайшылық пен келіспеушілік  шешілді деп айтуға әлі ерте еді. Екі  президент әкімшілігінің ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде  Вьетнам астанасы Ханойда 2019 жылдың  27-28 ақпаны күндері Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екінші рет ұшырасып, келіссөздер жүргізді. Бұл кезедсуге бейбітшілік пен тыныштықты жақтайтын  әлем жұртшылығы үлкен үміт артты. Өкінішке қарай,  екі-  жақты ұстанымы мен талабы  үйлеспей, ортақ келісімге келе алмады. Ким Чен Ын  еліне ерте қайтып кетті.

АҚШ президенті Д.Трамп журналистерге арналған баспасөз конференциясында: «КХДР – Йонбедегі  ядролық  нысандардың  демонтаждалғанын және онда бұдан әрі  сынақтардың жүргізілмейтінін алға тартып, бізден санкциялық шаралардың толықтай алынуын талап етті. Бірақ біз оған көнген жоқпыз», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол АҚШ-тың алдағы уақытта  Солтүстік Кореядағы  ядролық нысандарға тексеру жүргізіп, көз жеткізуге  тырысатынын, әйтсе де келісім жасалмағанына қарамастан кездесудің  пайдалы  болғанын, тараптардың  өз пікірлерінде тарасқанын, Ким Чен Ынмен  алдағы уқытта да достық қатынаста болатынын  айтты.

Қызық болғанда,  биылғы 2019 жылдың 30 маусы­мын­да  Дональд Трамп пен Ким Чен Ын үшінші рет  Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың демилитариза­цияланған  шекарасында кездесіп, бір-біріне жылы шырай мен ықылас танытты. Екі жақ тағы да  алдағы кезеңде жоғары деңгейдегі келіссөздердің жалғасатынына үміт білдірді.

Осы сияқты,  кешегі 9 тамызда Д.Трамп  Ким Чен Ын­нан үш беттік  жақсы мазмұндағы хат алғанын хабарлады. Осыған қарағанда  кезекті  АҚШ-КХДР саммиті болатын  тәрізді.

Солтүстік Кореяның дүркін-дүркін жүргізіп жатқан сынықтарына қатысты  Дональд Трамп: «Ким екеуміздің арамызда  қысқа қашықтыққа арналған зымырандар жайы  сөз болған емес», – деп өзін және басқаларды жұбатқандай болды. Бірақ та саяси сарапшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2006 жылы КХДР-ға  баллистикалық зымырандардың  барлық түрлерін  сынаудан бас тарту  талабын қойғанын еске салады.

Осы ретте тамыздың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жабық есік жағдайында  Солтүстік Кореяның зымыран­дарды сынау  ісін талқылап,  онда  Ұлыбритания, Германия және Франция  Пхеньянды  сынақтарды тоқтату және  АҚШ-пен  келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды және КХДР ядролық-зымырандық бағдарламасы тоқтатылмайынша санкциялық шаралардың  күшінде қала беретінен ескертті. Бұдан  Солтүстік  Кореяға  жалғыз АҚШ емес, Ұлыбритания, Германия және Франция   сияқты  жетекші елдер  тарапынан да қатты қысым бар екенін аңғарамыз.

Қазіргі таңда  Вашингтон мен Пхеньянның  диалогы төңірегінде  саяси сарапшылар тарапынан әрқилы  пікірлер мен болжамдар айтылуда. Біреулер: «бұлар түптің-түбінде келісім жасасады» десе, екінші  біреулер «келіссөздер ұзаққа созылады», – дейді.  Өйткені, Ақ үй бұрынғысынша   КХДР-дың   ядролық қарулардан  толықтай   бас тартуды талап етсе, ал  Ким Чен Ын  АҚШ жағынан сенімді кепілдіктің болатынына сенбейді.

Сонымен, «Құрама  Штаттарды  Солтүстік Кореямен диалог пен келіссөз жүргізуге  мәжбүрлеп отырған қандай күш-құдірет?» дейтін сауалға қайта оралатын болсақ, бұған саяси сарапшылар мен әскери мамандар: «Бір ғана күш-құдірет – КХДР аса қуатты заманауи  ядролық бомбалары мен  континентаралық баллистикалық зымырандары, – дейді. – Ол қарулар  түбегейлі жойылған бойда Вашингтон  Пхеньяннан сырт айналып шыға келеді».

Екінші жағынан кей сарапшылар айтып жүрген: «Азулы Америка алақандай Кореяны әлдеқашан  соққылап, Ирак билеушісі Саддам Хусейн  мен  Ливия көшбасшысы Муаммар Каддафи секілді   Ким Чен Ынды тақтан тайдырар еді. Бірақ та  Ресей мен Қытайға қарайлайды», – деген пікірдің де жаны бар.

Осының дәлеліндей,   қытайлық  «Глобал Таймс» басылымы  кезінде  Пекиннің:  «Егер де АҚШ  пен Оңтүстік Корея  алғаш болып соққы жасап, Солтүстік Кореядағы билікті  құлатуға  күш салып, түбектегі жағдайды өзгертуге ұмтылатын болса, онда біз қарап қалмаймыз. Ал керісінше  шабуылды Пхеньян  бастап, американ жеріне қауіп төндірген жағдайда, бейтараптық танытамыз», – деген мәлімдемесін жеткізген болатын.

Сондай-ақ, мәлімдемеде: «Қалай болғанда да  Қытай  ядролық қарудың жұмсалуына, Корей түбегінде соғыс өртінің тұтануына  қарсы. Және де әскери қақтығысты тудырушы ешбір тарапты  қолдамайды. Вашингтон мен Пхеньян  ұстамдылық танытулары тиіс. Корей түбегі  – талай елдің стратегиялық мүдделері тоғысып  жатқан жер. Мұнда ешкімнің де  үстемдігі  болмауы керек», – делінген.

Енді бір  саясаттанушылардың  пайымдауы: «АҚШ-тың сыртқы саясатын  жалғыз Трамп айқындамайды. Оның артында  Конгресс, Әскери-өнеркәсіптік  кешен, тағы басқа да ықпалды күштер  тұр.  Америка элитасы  әлемді билеп-төстегісі келетін өркөкірек те үстем пиғылдан әлі арыла қойған жоқ», – дегенге саяды.

Солай шығар деп иланайын десе, мынадай кері уәждер көлденең тұрады.  Д.Трамптың  президенттік қызметке  кіріскен сәтте: «АҚШ-тың бұдан былайғы сыртқы саясаты  күш қолдану  емес,  дипломатиялық әдістер арқылы жүргізіледі» деген болатын. Оған қоса,  Ханой  саммитінен кейін Мемлекеттік хатшы Майкл Пампео: «Трамп  Киммен  келісімге қол қоймау жөніндегі шешімді  ешкіммен ақылдаспай өзі қабылдады», – деді емес пе?

Қалай десек те,  қулығына құрық бойламайтын Құрама Штаттардың саясаты біз ойлағаннан  әлдеқайда терең. Әзірге өз дегені болмаса  Солтүстік Корея да  зымы­рандарын зыр ұшырып, райынан қайтар емес.

Айтпақшы, ядролық қару дегеннен еске түседі. Кейбір отаншыл патриоттарымыз: «Біздің Қазақстан да ядролық қарудан бас тартып, асығыстық жасамағанда Америкадан бастап, алдыңғы қатардағы мықты елдер бізбен санасып, қарым-қатынас жасар еді. Кезінде Ливия революциясының көсемі Муаммар Каддафи президентімізге ядролық қаруды бермеңіз, ол мұсылман әлеміне керек. Қажет болса, оның шығынын біз көтереміз деп жасырын хат жолдаған», – деп қорғанысымызға қатысты бір  әңгіменің шетіп шығарып қояды.

Түбі қайырлы болғай. Қазір  қарулымен, күштімен санасқан заман ғой.

Әшірбек АМАНГЕЛДІ, «Алматы ақшамы»

Орта Азия және әлемде

Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты

Published

on

Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.

Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады

Published

on

Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.

Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.

Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді

Published

on

Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.

Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

Published

on

Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version