Елордада Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында +100 келі салмақта бірінші орынға Моңғолия балуаны Серік Бердімұрат ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш салмақта Серік Бердімұрат ақтық сайыста Тәжікстан балуаны Дадохан Курбоналиевтан басым түсті. Сонымен бірге, +100 келі салмақта қола медальды – Қазақстан балуаны Айбат Сейтен мен өзбекстандық Арнұр Сәрсенбаев ұтып алды.
Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті.
Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.
Азия чемпионатына Моңғолиядан 9 спортшы бақ сынап, 3 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алды.
Атап айтсақ, 55 келі салмақта Б. Бөхчулуун күміс жүлде,
60 келіде Л. Өнөболд қола медаль,
66 келіде Ё. Басхүү алтын медаль,
73 келіде Б. Пүрэвдаваа қола медаль,
82 келіде Э. Түмэннасан қола жүлде,
90 келіде Б. Тэнгис күміс медаль,
-100 келі салмақта Г. Түвшинжаргал алтын медаль,
+100 келі салмақта Серік Бердімұратұлы алтын жүлде иеленіп, азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар жарыстың абсолюттық салмағында Серік Бердімұратұлы Қазақстандық палуан Айбек Нұғымарұлына есе жіберіп, Түйе палуан жарысында күміс жүлде алды.
Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1 000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі.
Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, «күміске» 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады.