Оңтүстік Корея билігі елдегі E9 визасы арқылы жұмыс жасап жүрген шетелдік жұмысшылардың визасын ұзарту тәртібіне өзгерістер еңгізеді. Бұл туралы Ёнхап агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.
Е9 санатындағы визасы «мамандықты талап етпейтін» яғни еңбек жағдайы ауыр жұмыстар мен қауіпті жұмыстар тізбесіндегі жұмысшыларға арналған. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Ішкі істер министрлігі Еңбек министрлігімен бірлесіп визаға өзгерістер еңгізу туралы ережені дайындап жатыр. Ереже қай күннен бастап жүзеге асатыны белгісіз.
Қазіргі, Е9 санатындағы визаның мерзімі төрт жыл, он ай. Осы уақытта Оңтүстік Кореяда өмір сүріп, жұмыс істеуге болады. Уақыты аяқталған кезде отанына қайтып, тағы да төрт жыл, он айға визасын ұзартуға құқылы. Қойылатын талаптарды орындай алса қанша рет виза уақытын созуға болатын.
Ал, жаңа ережеде Е9 визасын алған адам тек бір тер ғана мерзімін ұзартуға құқылы болмақ. Ереже бекітілгеннен кейін визасы аяқталған жұмысшылар(визасын бұрын бір рет ұзартқан) еліне қайтып, қайтадан Кореяға барып жұмыстағысы келсе басқа санаттағы(Е1-Е7 мамандық талап ететін) визаларды алуы керек деп көрсетілген.
Жаңа ереже Оңтүстік Кореядағы жұмыс орындарына шетелдіктердің жаппай орналасуының алдын алу болып табылады.
Korea Times