KAZNEWS – 2019 жылы Моңғолия азаматтары әлемнің 61 еліне визасыз қатынай алады. Еліміз индексте 79-шы орында яғни Африкада орналасқан Бенин Республикасымен бірдей көрсеткішке ие болды. 2018 жылы 80-ші орында болған. Бұл туралы Henley & Partners компаниясы жариялаған жаңартылған паспорттар индексінде көрсетілген.
Зерттеулерге сәйкес, Индексте Жапония көш бастап тұр. Оның азаматтары әлемнің 190 еліне визасыз бара алады. Екінші орынға Оңтүстік Корея мен Сингапур жайғасқан. Бұл елдің азаматтары 189 елге визасыз барады. Үшінші орын Германия мен Францияға бұйырыпты. Олар 188 елге визасыз бара алады.
Инвестициялар арқылы азаматтық алу бағдарламалары бар елдер жоғары орындарға ие. Мысалға, Мальта әлемнің 182 еліне визасыз баруға қол жеткізе отырып, индексте 9-шы орынды иеленіп тұр.
Ал, көршілес Ресей Федерациясы 119 елге, Қытай Халық Республикасы 74 елге, Қазақстан Республикасы 76 елге визасыз қатынайды.
Моңғолия азаматтары визасыз бара алатын елдердің тізімін бұл жерден көруіңізге болады.