Үкіметтің 2016 жылдың 4-ақпанында қабылданған «Малшыларды қолдаудың кейбір шаралары туралы» №90 қаулысына сәйкес осы уақытқа дейін банктен малшыларға беріліп келген 29,5 пайыздық несиенің өсімі 18 пайыз болып төмендетілген болатын.
Аталмыш қаулының нәтижесінде Баян-Өлгий аймағының 1023 малшы жанұясының Төрийн банктен алған 1,4 миллиард төгрөг несиесінің өсімі 30 пайыздан 18-пайызға төмендетіліп, нәтижесінде 171,6 миллион төгрөг азаматтардың қалтасында қалатын мүмкіндік туды.
Сонымен қатар Үкімет қаулысы қабылданған 5-ақпаннан бергі уақытта аталған банктен 238 малшыға 365 миллион төгрөгтің несиесі жылы 18 пайыз, айы 1,5 пайыздық өсіммен берілді.
Ал, малын вакцина, дезинфекцияға қамтытқан, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау қамсыздандыру жарналарын тұрақты төлейтін, банктен малшы есепшотын аштырған малшылардың жылдық өсімі 10 пайыздық несие алу мәселесі Үкіметтің 2016 жылдың 22-ақпанындағы №113, 114 қаулылары бойынша шешіліп отыр, – деп хабарлайды АӘІБасқармасынан.