KAZNEWS – Моңғолияда Парламент (Мемлекеттік Ұлы Хурал) сайлауы 1992, 1996, 2000, 2004, 2008 және 2012 жылдары өткен.
1990-жылғы алғашқы еркін сайлауда Моңғолияның алғашқы тұрақты парламенті болып табылатын Мемлекеттік Кіші Хуралы жасақталып, орынбасары болып Зардыхан Қинаятұлы, мүшелері Болат Әжіқанұлы, Самат Насырұлы жұмыстаған.
Сонымен, Баян-Өлгий халқы Парламент (МҰХурал) сайлауында кімдерге сенім білдірді.
1992 жылғы сайлауда Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлы, Володя Қамбарұлына
1996 жылғы сайлауда Сандалхан Раздақұлы, Болат Ажіқанұлы, Сұлтан Тәукейұлына
2000 жылғы сайлауда Сандалхан Раздақұлы, Жекей Қалидолдаұлы, Нигамет Онгышұлына
2004 жылғы сайлауда Мұрат Әукетайұлы, Сайран Қадырұлы, Бәкей Ағыпарұлына
2008 жылғы сайлауда Тілейхан Әлмәлікұлы, Бәделхан Қабдсіләмұлы, Жекей Қалидолдаұлына сенім білдірсе,
2012 жылы Парламент сайлауында Баян-Өлгий халқы Тілейхан Әлмәлікұлы мен Бәкей Ағыпарұлына сенім білдіріп, Моңғолия Парламенті мүшесіне сайлады.
27 тамыз, KAZNEWS. Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.Баярхүү таэквондодан әлем чемпионатына қатысып жатқан Моңғолия құрамасымен кездесті. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тамыздың 19-26 күндері Астанада өткен бұл жарысқа федерация басшылығы, жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі төрешілер мен спортшыларды қосқанда барлығы 50-ден астам адам қатысты.
Осы орайда Елші Д.Баярхүү Халықаралық таэквондо федерациясының президенті Ри Ён Сонмен және басқа да жетекшілермен кездесіп, осы жарысты сәтті ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Бұл жарыста моңғолиядық спортшылар 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, 87 елдің ішінде 7-орынға тұрақтаған.
24 мамыр, KAZNEWS. Бүгін Моңғолияда ресми түрде 9 маусымда өтетін президент сайлауына үгіт-насихат науқаны басталды.
Моңғолияда осымен сегізінші рет мемлекет басшысы тағына сайлау өткізілмек.
Бұған дейін 1993, 1997, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017 жылдары сайлау өткен.
Моңғолия Президенті сайлауына Моңғол халық партиясынан Ухнаагийн Хүрэлсүх, Демократиялық партиясынан Содномзундуйн Эрдэнэ, “Дұрыс адам электораты” коалициянан Дангаасүрэнгийн Энхбат бақ сынайды.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кестеге сәйкес дауыс беруге бір тәулік қалғанда яғни 7 маусымда түнгі сағат 00:00 –де сайлау алды үгіт насихат науқаны тоқтайды.
Баян-Өлгий аймақтық Сайлау комиcсиясы сәуірдің 20-сы күні алғашқы жиналысын өткізіп, ұйымдастыру мәселелерін талқыға салды.
Аймақтық сайлау комиссиясы басшысына Аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының хатшысы А.Серікболат, хатшысына Аймақ әкімі іс басқармасы Заң бөлімі аға маманы Ө.Тиянақ, мүшелеріне Кәсіптік білім және өндірістік орталық оқу менеджері Т.Жарас, Мемлекеттік тіркеу бөлімінің Азаматтық тіркеу бөлімшесі басшысы Д.Аманбек, Мамандық бақылау басқармасы бөлім басшысы Х.Бауыржан, Өлгий сұмындық жалпы білім беретін 2 – мектеп ұстазы А.Толқын, Өлгий сұмыны әкісі іс басқармасы маманы Қ.Берден, АӘІБ-ның Мұрағат бөлімшесі басшысы Б.Досжан, Білім, мәдениет және өнер басқармасының маманы К.Серікгүлдер тағайындалды.
Моңғолия тарихында алғаш рет президент сайлауының екінші кезеңі өтеді. Бұл екінші кезең 7 шілдеге жоспарланды. Өйткені саяси науқанның алғашқы кезеңінде ешбір үміткер межелі 50 пайыздан астам дауысқа ие бола алмады, деп хабарлайды Kaznews.mn.
Айта кету керек, президент сайлауы Моңғолияда осымен жетінші рет өтіп жатыр. Биыл елге басшы болуға ниеттенген үш кандидат сайлауға түскен болатын. Енді екінші кезеңде көп дауысқа ие болған екеуі бақ сынайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Демократиялық партия үміткері Халтмаагийн Баттулга көш бастап тұр. Оны сайлаушылардың 38 пайызы қолдаған. Ал басты қарсыласы биліктегі Моңғол халық партиясының кандидаты Миеэгомбын Энхболдты халықтың 30 пайызы жақтаған.
Сонымен қатар, үшінші үміткер Сайнхүүгийн Ганбаатар осал қарсылас емес екендігін көрсетті. Ол, халықтың 30 ға жуық пайызын жинаған.