KAZNEWS – Елімізде жаңадан жасақталған Үкіметтің министрлер кабинетіне Бәделхан Қабдісіләмұлының аты ұсынылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Бұл сәтте, Елімізде министр және вице министр қызметін атқарған азаматтарды тізбелеуді жөн көрдік.
Есімдері есте қалар тұлғалар.
Моңғолия қазақтары арасынан алғашқы болып 1962-1965 жылы, 1968-1982 жылдары Моңғол Халық Республикасының Құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсіп министрі қызметін Тілейхан Орынұлы атқарған. Құрылыс саласында сіңірген еңбегі, өзіндік қол таңбасы қалған. Улаанбаатар қаласындағы Құрылыс Политехникалық коллежі Тілейхан Орынұлының атына берілген.
1980-1987 жылдары Геология, тау-кен министрі, 1987-1991 жылдары Табиғат қорғау министрі қызметін Мәулет Ұтқанұлы атқарған. Налайхан шахтасының дамуына зор үлес қосып жаңа техника, технологиялық жаңарту еңгізгені үшін «Мемлекеттік сыйлық иегері» атанған.
Моңғолияның Тотаритарлық жүйеден нарықтық жүйеге ауысу кезеңі яғни 1991-1992 жылдары Моңғолияның Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін Зардыхан Қинаятұлы атқарып тұрған.
1992-1996 жылдары Моңғолияның Көлік коммуникация және инфрақұрылым министрі қызметін Сандалхан Раздықұлы атқарған.
Моңғолия Парламентіне Баян-Өлгийден екі мәрте сайланған.
2017 жылы Бәделхан Қабдісіләмұлы Құрылыс – қала құрылымы министрі лауазымына тағайындады. Ол бүгінгі таңда Моңғолия Парламентінің депутаты.
Вице министрлер
1. Тегісшіл Адрисаұлы Геология, тау кен өнеркәсіп вице министрі,
2. Зұха Жапарұлы Құрылыс вице министрі
3. Төлеубай Нығарбайұлы Құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсіп вице министрі,
4. Ахмет Жұпбайұлы Мәдениет вице министрі,
5. Құсайын Қалқымаұлы Жеңіл және азық түлік өнеркәсіп вице министрі,
6. Болат Ажханұлы Табиғат қорғау вице министрі,
7. Күләнда Шонайқызы Білім және ғылым вице министрі,
8. Сәуле Жәнімханқызы Азық түлік, ауыл шаруашылық және жеңіл өнеркәсіп вице министрі,
9. Ержан Қабышайұлы Жол транспорт вице министрі,
10. Бәделхан Қабдісіләмұлы Өнеркәсіп вице министрі қызметін атқарған.