25-26 маусымда Увс аймағының Улаангом қаласында батыс зоналық инвестициялық форум өтті.
Форумда батыс зонаның экономикасы, даму стратегиясы, инвестициялық жобаларын таныстыру, өңірлік ауыл шаруашылығы мен өнер кәсібі, инфрақұрылымдары мен тау кен саласындағы жобалар таныстырылды.
Форумға Улаанбаатар, Увс, Ховд, Завхан, Говь-Алтай және Баян-Өлгийлік кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтарының 400-ден астам өкілдері қатысты.
Бизнес форумда аймақ әкімі Дәрмен Құзыкейұлы аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық мәселелерді талқылады.