KAZNEWS – 25 тамыз күні Жапония астанасы Токиода дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Моңғолия командасы маусымдағы ең ірі спорттық додаға қызу дайындық үстінде. Әлем чемпионатына ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жарияланды.
2019 жылы Токиода өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Моңғолия ерлер командасы:
60 келі: Д.Амартүвшин (2013 жылғы ӘЧ-ның қола жүлдегері)
66 келі: Ё.Басхүү (2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері)
73 келі: Г.Одбаяр (Әлем чемпионатының қола, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері), Ц.Цогтбаатар (Азия чемпионатының қола жүлдегері)
81 келі: О.Ууганбаатар (Азия чемпионатының алтын және қола жүлдегері)
90 келі: Г.Алтанбагана (Азия ойындарының күміс жүлдегері)
-100 келі: Л.Отгонбаатар (Әлем және азия чемпионатының қола жүлдегері)
+100 келі: Н.Түвшинбаяр (Олимпиада ойындарының алтын, күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола, азия ойындарының алтын және азия чемпионатының алтын, күміс, қола жүлдегері), Ө.Дүүрэнбаяр (Әлем және азия чемпионатының қола жүлдегері, азия ойындарының қола жүлдегері)
Әйелдер құрамасы:
48 келі М.Уранцэцэг (Әлем чемпионатының алтын және күміс жүлдегері, Азия ойындарының және азия чемпионатының алтын, күміс, қола жүлдегері), Г.Наранцэцэг (2019 жылғы ел чемпионы)
52 келі: Л.Сосорбарам, Б.Хорлоодой
57 келі: Л.Энх-Отгон
63 келі: Б.Мөнгөнчимэг (Әлем чемпионатының қола, Азия чемпионатының күміс жүлдегері), Б.Ганхайч (Азия чемпионатының күміс жүлдегері)
70 келі: Ц.Энхчимэг
-78 келі: О.Мөнхцэцэг