Джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған Жиенхан Сувателұлы туралы білесіз бе? Жиенхан Сувателұлы Жапония астанасы Токиода джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша өткен Азия чемпионатында -100 келі салмақта жеңімпаз атанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Жиенхан Сувателұлы 1982 жылы Хэнтий аймағының Бэрх қаласында туып өскен.
Қазір Дорноговь аймағының Еркін күрес федерациясының төрағасы қызметін атқаруда.
Жиенхан Сувателұлы өзінің спорттық тарихы жөнінде былай дейді:
Мен алғаш 16 жасымда күреспен шұғылдана бастадым. 2001 жылы Бэрх қаласының тойында жеңімпаз атанып «сұмындық піл», 2003 жылы Дорноговь аймағының тойында «аймақтық лашын», 2011 жылы Хэнтий аймағының тойында «аймақтық піл» атағын алдым. Көп жылғы еңбектің нәтижесі 2016 жылы Дорноговь аймағының мемлекеттік тойында орындалып, барлық қарсыластарымды жеңіп «аймақтық арыстан» атағын алған болатынмын. Мамандығым есепші. Улаанбаатар қаласында Ауыл шаруашылық университетін тәмамдадым.
Әкем Сувател Баян-Өлгий аймағының Сагсай сұмынының тумасы болады. Хэнтийге қоныс аударып Бэрх шахтасында бұрғылаушы болып еңбек еткен. Мемлекетіміздің дамуына ат басындай сүбелі үлес қосқан шахташы қазақтардың бірі деп айтуға болады.
– Жиенхан Сувателұлы самбо, дзюдо, моңғол күресі және джиу-джитсумен айналысады. 2001, 2002 жылдары Самбо күресінен ел біріншілігінің күміс, қола жүлдегері, 2016, 2017 жылдары джиу-джитсуден ел біріншілігінің чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионатында 8-ші орын иеленген. 2016 және 2017 жылғы дзюдо күресінің мастерс турнирінен қола жүлде алған.
Алға қойған мақсаты джиу-джитсудан өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысу. Сол үшін аянбай еңбек ететінін айтады.
«Деректерге сүйенсек Баян-Өлгий аймағының тойынан өзге аймақтардағы тойда жеңімпаз атанған қазақтар санаулы ғана. Уикипедиада көрсетілгендей 1938 жылы Хобда аймағының тойында мемлекеттік лашын Қожағапан Белденбайұлы екінші орын, 1976 жылы Орхон аймағының тойында Бердіқан Солтанұлы бірінші орын, 1985 жылы Увс аймағының тойында Қажымұқан Қожабайұлы бірінші, Бердіқан Солтанұлы екінші орын иеленген екен. Ал енді, Жиенхан осы тізімді жалғап отыр.
62 елдің үздік спортшылары қатысқан Астанада өткен чемпионатта Mr.olimpia amateur qualifier Astana IFBB PRO 2023 сайысында (Mensphysique Novice категориясында) алтын медалды Моңғолия елінде тұратын Еркебұлан Байытұлы атты спортшы қандасымыз жеңіп алды.
Сонымен қатар осы спорттың Mensphysique Open Class D түрінен қола медалды тағы қанжығасына байлаған. Бұл туралы үздік спортшының Моңғолияда тұратын әкесі ақын Байыт Қабанұлы хабарлады.
Жазба авторы бұл Астана қаласында болып жатқан әлемдік деңгейдегі аса беделді спорттық шара екенін айтады.
Ақын Байыт Қабанұлы баласының Астанаға барғанда алдынан күтіп алып, үйіне жатқызып, барлық жағдайын жасаған Ұларбек Дәлейұлына және оның отбасына ризашылығын білдірген.
27 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы Бекнұр Қалиұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Моңғолия құрама сапында +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекнұр Қали командаластары арасынан алғашқы болып рингке Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19-шы Азия ойындарында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы қатысуда.
Сонымен қатар баскетболдан қыздар арасындағы сайыста Бұлбұл Мұратқызы бақ сынауда. Баскетбол командасы 27 қыркүйекте алғашқы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Екінші кездесуін 29 күні Үндістан, үшінші кездесуін 1 қазан күні Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ Моңғолия спортшылары 19-шы Азия ойындарында бүгінге дейін 6 медаль иеленуде. Ел қоржынында 2 күміс, 4 қола бар. Биылғы Азия ойындарына 410 спортшы бақ сынауда.
Моңғолия 1974 жылдан бері Азия ойындарынан барлығы 161 медаль жеңіп алса, олардың 24-і алтын, 46-сы күміс, 91-і қола медаль.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.