KAZNEWS – Моңғолияның вице-премьер министрі У.Хүрэлсүх бірқатар агентлаг басшыларын қабылдап, биылғы атқарған жұмыстары және келер жылғы жоспарларымен танысты.
Кездесу барысында вице-премьер келер жылы еркін экономикалық аймақтарға назар аударатынын айтты.
Бүгінгі танда, Моңғол – Ресей шекарасында орналасқан экономикалық аймақтың бірі «Цагааннуур» бүгінде шетелдің ірі компанияларының назарында тұр.
«Цагааннуур» экономикалық аймақты құрудағы негізгі мақсат шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысын одан әрі дамыта түсу. Жобаның негізгі мақсаттары экономиканың әртүрлі салаларын дамыту, аймақтардың тез қарқынмен дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, инвесторларды тартуға, бәсекеге төтеп бере алатын жаңа технологиямен жабдықталған өндіріс орындарына мүмкіндік беру.
Қазіргі жағдайы: 2015 жылы аймақ әкімінің өкімімен экономикалық аймақтың қызметін бастау жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Бұл уақыттарда экономикалық аймақта кеден, мамандық бақылау, шетел азаматтарын тіркеу, шекералық әскери ұйымдар өз қызметтерін көрсетуге келіскен.
Экономикалық аймаққа бүгінде 17 компанияға өз жобаларын келтіріп, құны 21.6 миллиард төгргөг инвестиция құйу жоспарланған.
Және де Ресей, ҚХР, Канада, Қазақстан Республикасынан 10 ға жуық компания инвестиция еңгізуге ниетті.