Индонезия астанасы Жакарта қаласында XVIII Жазғы Азия ойындары басталды. Оған сары құрлықтың 45 елінен келген сайыпқыран саңлақтар спорттың 42 түрі бойынша сынға түсіп жатыр. Осы бір дүбірлі жарысқа өз дүлдүлдерін қосқан елдің бірі – Моңғолия.
Жарыстың алғашқы күні осы моңғолдың баскетболшы қыздарымен Гонконгтың қыздар құрамасы жолықты. Қызық болғанда бұрын соңды мұндай үлкен додада биіктен көріне бермейтін моңғолиялық арулар 83:79 есебімен жеті миллион тұрғыны бар әлемнің ең бай шаһарының командасын жеңді. Бұл оқиға Моңғол елінде үлкен сенсацияға телініп, командаға жеңіс сыйлаған шебер баскетболшы қазақ аруы Бұлбұл Мұратқызы туралы ақпар Моңғолдың аспанында жаңғырып тұр. Оны спорт сүйер қауым “Жакартада жанған жұлдыз” деп бағалауда. Бұлбұл шеңберге допты алыстан 8 рет дәл түсіріп, өзге де әрекеттерімен командасына 37 ұпай алып берген. Бұл жеке ойыншы үшін үлкен жетістік. Бұлбұл қарындасымыз 1995 жылы 11 қарашада Ұлан-батыр іргесіндегі Налайқы кентінде дүниеге келген. Бойы – 165 см, салмағы – 58 кило. Баскетболмен айналысқанына оншақты жылдың жүзі бопты. Бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарып, 2016 жылы құрлықтық студенттер лигасының қола медаль иегері атанған.
62 елдің үздік спортшылары қатысқан Астанада өткен чемпионатта Mr.olimpia amateur qualifier Astana IFBB PRO 2023 сайысында (Mensphysique Novice категориясында) алтын медалды Моңғолия елінде тұратын Еркебұлан Байытұлы атты спортшы қандасымыз жеңіп алды.
Сонымен қатар осы спорттың Mensphysique Open Class D түрінен қола медалды тағы қанжығасына байлаған. Бұл туралы үздік спортшының Моңғолияда тұратын әкесі ақын Байыт Қабанұлы хабарлады.
Жазба авторы бұл Астана қаласында болып жатқан әлемдік деңгейдегі аса беделді спорттық шара екенін айтады.
Ақын Байыт Қабанұлы баласының Астанаға барғанда алдынан күтіп алып, үйіне жатқызып, барлық жағдайын жасаған Ұларбек Дәлейұлына және оның отбасына ризашылығын білдірген.
27 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолиялық боксшы Бекнұр Қалиұлы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын жеңіспен бастады.
Моңғолия құрама сапында +92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекнұр Қали командаластары арасынан алғашқы болып рингке Непал спортшысы Дувади Ашишпен жұдырықтасты.
Өз спорттық жолында алғаш рет ірі жарыста ел намысын қорғап жатқан Бекнұр Қали 3:1 есебімен жеңіске жетті.
19-шы Азия ойындарында жеңіл атлетикададан 400м және 800м қашықтыққа жүгіру, ерлер арасындағы 4х100 м эстафета бойынша жүгіру сайысына Жандос Нарауұлы қатысуда.
Сонымен қатар баскетболдан қыздар арасындағы сайыста Бұлбұл Мұратқызы бақ сынауда. Баскетбол командасы 27 қыркүйекте алғашқы кездесуін Қытай құрамасына қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Екінші кездесуін 29 күні Үндістан, үшінші кездесуін 1 қазан күні Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге салсақ Моңғолия спортшылары 19-шы Азия ойындарында бүгінге дейін 6 медаль иеленуде. Ел қоржынында 2 күміс, 4 қола бар. Биылғы Азия ойындарына 410 спортшы бақ сынауда.
Моңғолия 1974 жылдан бері Азия ойындарынан барлығы 161 медаль жеңіп алса, олардың 24-і алтын, 46-сы күміс, 91-і қола медаль.
03 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының “Тас түлек” клубының палуаны Батырбек Шәрівұлы Өвөрхангай аймағында ұйымдастырған мемлекеттік “гарьд” дәрежелі палуан Ц.Бямба-Отгонға құрмет көрсетуге арналған сайыста жасөспірімдер арасында топ жарып, бірінші орын иеленді.
Батырбек Шәрівұлы 16 жаста. Сұмындық піл дәрежелі палуан атағы бар. Батырбек бұған дейін Завхан аймағы орнауының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерей тойда жасөспірімдер арасында топ жарған болатын.
29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.
Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.
Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.