Қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен түсірілген «Көшпенділер» деректі фильмінің «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» сериясы YouTube желісіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмі Youtube видеохостингіне жарияланды. Басты рөлде атақты бүркітші, моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фильмде тек Айшолпан туралы ғана емес, одан бөлек моңғолиялық қазақтар және олардың тұрмысы мен бүркітшілік кәсібі туралы баяндалады. Бүркітші Айшолпан америкалық режиссер Отто Белланың – «Eagle Huntress» фильміне түсірілуінің арқасында АҚШ және Еуропаға танымал болды» , – деп жазды «Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер» фильмінің қоюшы режиссері Қанат Бейсекеев Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетсек, 2016 жылы Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (Eagle Huntress) деректі фильмі жарыққа шыққаннан соң, жас бүркітші жайлы әлемнің BBC, New York Times және CNN секілді маңдайалды БАҚ бірінен соң бірі жарыса жазған болатын.
Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келген еді. Онда ол еліміздің атынан жарыстарға қатысуға дайын екенін мәлім етті.
Осыдан жеті жыл бұрын «Mongolian’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанған әнші О.Энх-Эрдэнэ бұл жолы «Талантты америкалықтар» шоуының арнайы шығарылымында бақ сынауда.
Ол қатысқан бағдарлама кеше жергілікті уақыт бойынша көрсетілді.
О.Энх-Эрдэнэ атақты кантри-әнші Гарт Брукстың «Достары төмен жерлерде» хит әнін сахнада жаңғыртып, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Әйгілі төреші Саймон Коуэлл оны өз командасына алғысы келді, бірақ Хайди Клум алдымен түймені басып, О.Энх-Эрдэнэ-нің тәлімгері болып таңдалды.
Хайди Клум оны таңдау себебін ерекше атап өтті: “Мен сені таңдадым, өйткені сенің дауысың керемет. Оған қоса, сен жеңімпазсың, мен жеңгенді қалаймын”-деді.
Бірақ судья Саймон Коуэлл өнер көрсеткеннен кейін оны мақтады: “Мен мүлде таң қалмаймын. Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған сіздің орындауыңыз қатты ұнады. Керемет”.
Нәтижесінде О.Энх-Эрдэнэ жартылай финалға жолдама алу және финалда қалу үшін тағы бір өнер көрсетеді. Жартылай финалда барлығы 10 өнерпаз бақ сынасады.
Бағдарлама жеңімпазы 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ие болады.
24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.
Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.
Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.
Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.
Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.
21 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.
Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.
KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.
Келіңіздер, көріңіздер! Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.
Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.
Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.
Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.