KAZNEWS – Бейжіңде 14-15 мамыр күндері жүрілген «Бір белдеу, бір жол» халықаралық экономикалық форумның тек аспан асты елі үшін ғана емес, жалпы әлем үшін орны бөлек болмақ. Бұл туралы Ресейдің Riss.ru сайты жазып отыр.
Бұл сайт өз мақаласында Моңғолияға келер пайдасы туралы жазғанын оқырман қауымға бөлісуді жөн көрдік.
«Бір белдеу, бір жол» бастамасы жүзеге асқанда осы белдеу бойында орналасқан 4,4 млрд адам тұратын елдерге үлкен пайда әкелмек. Осының өзі-ақ талай нәрседен хабар беріп тұрғаны белгілі.
«Біз бар¬лы¬ғымызға пайда әкелетін қарым-қаты¬нас¬тың, сауда-саттықтың жаңа моделін ұсы¬нып отырмыз. Бұдан ұтылысқа шы¬ғатындар жоқ. Тек игілігін көретіндер көп». Бұл Қытай басшысы Си Цзинь¬пин¬нің айтқаны.
Қытай елінің стратегиялық жобасы алты бөліктен тұрады.
Нақты¬лай¬тын болсақ, біріншісі – Бангладеш – Қы¬тай – Үндістан – Мьянма,
екіншісі – Қы¬тай – Моңғолия – Ресей,
үшіншісі – Қытай – Орталық Азия – Батыс Азия,
төртіншісі –Қы¬тай – Үндіқытай түбегі,
бесіншісі – Қытай – Пәкістан,
соңғысы – Еура¬зия¬лық құрлық жолы.
Қытай мемлекеті басшысының айтуынша, бұл стратегия¬лық жобаға 124 миллиард доллар бөлін¬бек. Ол жолдар мен порттар және өзге де инфрақұрылымдар тұрғызуға арналмақ. Қыс¬қасы, жаңарған «Жібек жолы» деген атауға ие болған сауда-саттық дәлізі іске қосылған кезде әлемдік сауда-саттық на¬ры¬ғында үлкен өзгерістер орын алмақ.
Стратегиялық жобаның екінші бөлігі саналатын Қы¬тай – Моңғолия – Ресей экономикалық коридорын құру жөнінде бағдарламада «Қытайдан басталып Моңғолияны басып өтетін және Ресейдің шығыс өңіріне дейінгі авто және темір жол желісін жетілдіру» туралы көрсеткен. Бұл бағдарламаға үш елдің мемлекет басшылары Ташкентте өткен ШЫҰ-ның жиынында қол қойысқан болатын.
Ресей, Қытай және Моңғолияның шекаралас өңірлерінің оңтайлы тұстарын пайдаланып экономикалық дамудың жаңа жолын қарастыру, сауда айланымын жақсартуға жұмыстар атқарылып жатыр.
Тувада инфрақұрылымды қайта жаңарту жөнінде жасалап жатқан жобалардың бірі Қызыл әуежайын халықаралық деңгейге жеткізу жұмысы жүріліп жатыр. Сонымен қатар РФ-ның М-54 автожолын жаңартып, Тува (Хандгайт) – Моңғолия (Боршоо) бекеті арқылы моңғолия жерін басып, Қытайдың солтүстік өлкелеріне бағытталған жол салу жұмысы басталғанын айтады.
Егер, Тува (Хандгайт) – Моңғолия (Боршоо) бекеті арқылы салынатын жол жүзеге асатын болса бізге транзит тасымалынан түсетін пайда көп болатыны сөзсіз.