Connect with us

Моңғолияда

Білім берудің жаңа көкжиегі: кафедра тынысы

Published

on

Рухани жаңғыру мен жаңаруда,еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуінде білім берудің рөлі зор. Ғылым биігіне көтерілуде, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының орны ерекше.
Болашақтағы байланыстың алғашқы қарлығашы, қазақ еліндегі көшбасшы оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – кеше де, бүгін де жаңашылдық пен тың бастамалардың ордасы. Бәсекеге қабілетті, мықты мамандар мен элита даярлайтын ғылым орталығы екендігі де анық.Келесі жылы ел тарихында өзінше қол таңбасымен ерекшеленбек,себебі ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 85 жыл толады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Жүздері басқа болғанымен жүректері білім мен өнерге құштар, тілдері басқа болғанымен тілектері тоғысқан,әлемнің Қытай, Корея, Ауғанстан, Германия, Испания, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Монғолия, Испания, Жапония, Вьетнам және басқа да шетелдерінен қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік жастар қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бір үйдің баласындай тату-тәтті білім алып жатыр.
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп, білім беріп келе жатқан орта – шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығыкафедрасы.Бұл кафедра 30 жылдан астам уақыт бойы білім әлемінде желкен керіп келеді. Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, қасиетті қара шаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты.Шетел азаматтарына арналған бұл кафедрада Ресейдің, Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Лаос, АҚШ, Жапония секілді шетелдерде жұмыс істеген және стажировкадан өткен 4 филология ғылымдарының докторы, 14 филология ғылымдарының кандидаттары, өте жақсы тәжірибелі, жоғары маманданған оқытушылар, қазақ және орыс тілдері мамандарының құрамы жұмыс істейді.
Оқытушы шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі қажет. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет.Әлемнің әр елінен келген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін және орыс тілін меңгертіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихын үйретуде,сонымен қатар оқыту жүйесіндегі түрлі инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін қолданып тіл меңгертудекафедра оқытушыларының еңбегі айрықша. Шетелден келген студенттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және төл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда.
Кафедрада, оның құрылғанынан бастап, әрдайым шығармашылық ізденіс, кәсіби қызығушылық және нық сенім жағдайы орын алып отырады. Шетелдік студенттермен жұмыстың өзі ұдайы ізденісті, шығармашылық көңіл-күйді қажет етеді. Тілдерді шет тілдері ретінде оқытуға негізделетін функционалды- коммуникативтік бағыт, тілдерді оқытудағы теория мен практика атты екі бастаудың тығыз бірлігін көрсетеді. Қазір кафедрада өзге тілді меңгеру мәселелерін зерттеу бойынша теориялық қағидалары шетелдік студенттермен дәрісханалық жұмыс жасау барысында толығымен қолданыс тапқан өзіндік ғылыми-әдістемелік мектеп пайда болғанын сенімділікпен айтуға болады.
Кафедраның ғалымдары өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен Белгияда, Испанияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Польшада, Югословакияда, Грецияда, Словакияда, Индияда, Қытайда және Таяу Шығыс елдерінде өткен халықаралық конференцияларға және симпозиумдарға, семинарларға және дөңгелек үстелдерге қатысады.
Кафедра ұжымының еңбегі жоғары бағаланып, көпшілігі медальдармен марапатталып отырады. Халықаралық байланыстарды жетілдіруге де ұжым болып күш салды. Міне, мұның бәрі кафедра қызметкерлерінің сіңірген еңбектерінің сүбелі екендігін айғақтайды.
Қазіргі кезде кафедрада шетелдік азаматтарға тіл үйрете отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру кафедра оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда.Бұл жобалар – жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады. Осы аталған жобалар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіліп отырады.
Біздің кафедрада өткізілетін іс-шара, мереке, кештерде студенттер бір-бірін өздерінің келген елдерінің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстырады. Кеш барысында әлемнің барлық тілдерінде өлеңдер оқылып, әндер орындалады, ұлттық киімдер көрсетіліп, дәстүрлі көріністер қойылады.
Барлық кезде алған білімдерінің арқасында достық, қуаныш және жалпы өзара түсіністік лебі көрініп тұрады. Әр жыл сайын біздің кафедраның шетел студенттері университеттің үлкен іс-шараларында өздерінің білімдерін көрсетіп, өнерлерімен қуантады. Студенттерге бұл кафедра туған үйінен кейінгі екінші үйі, ал өздері оқитын топтары олар үшін үлкен және тату-тәтті әрі көпұлтты отбасы болып табылады. Студенттер әрқашан оларға сабақ барысында және сабақтан соң бүкіл оқу жылының барысындағы жаңа ортаға бейімделуге көмектесетін өздерінің оқытушылары туралы алғыс пікірлерін білдіріп отырады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы болып табылған және табылады да және тек осында қазақ және орыс тілдерін үйрену үшін шетелдіктер келеді.

А.Е. Саденова
филологияғылымдарының докторы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды

Published

on

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімі бойынша Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлын тағайындады. Бұл туралы Казньюс ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңадан сайланған Баян-Өлгий аймақтық Азаматтар өкілдері Хуралының 28 қазан күнгі алғашқы мәжілісінде аймақтың жаңа әкіміне Заңғар Есентайұлының кандидатурасын қолдап, Моңғолия Премьер-Министріне ұсынған болатын.

Моңғолия Премьер-Министрінің өкімімен бұған дейін екі рет аймақтық азаматтар өкілдері Хуралының депутаты әрі аймақтық Демократиялық партия басшысы болған, Самал компаниясының директоры болып жұмыс жасаған Заңғар Есентайұлы Баян-Өлгий аймағының әкімі болып тағайындалды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Published

on

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
✔️Үкімет үйі алдындағы Сұхбаатар алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
✔️Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
✔️Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев төмендегідей құжаттарға қол қойды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасы;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Моңғолияның Жол және көлік саласын дамыту министрлігі арасындағы автомобиль жолдарын дамыту туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы жоспар;
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар ісі жөніндегі министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринариялық басқармасы арасындағы ветеринария қызметі және карантин саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
10. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Моңғолияның Атом энергиясы жөніндегі комиссияның атқарушы кеңсесі арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды

Published

on

Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралының төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды.

Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партия бастығы Бегарыс Алданышұлы 1992 жылы Баян-Өлгий аймағының Толбо сұмынында дүниеге келген.
2010 жылы Өлгий қаласындағы жалпы білім беретін Бастама мектебін, 2015 жылы Ғылым, технология ұлттық университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдап, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сәтбаев университетінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алған.
Бегарыс Алданышұлы 2017-2021 жылдары «Назар Авто» компаниясының атқарушы директоры болса, 2021 жылы «Мөстийн Ундарга» компаниясының директоры қызметін жалғастыруда.
2010 жылдан Баян-Өлгий аймағының Демократиялық партияның мүшесі, 2016 жылы Демократиялық партияның комитетінің мүшесі, 2016-2020 жылдары Демократиялық партия комитетінің басқарма мүшесі, 2023 жылы аймақтық Демократиялық партияның бастығы қызметін атқаруда.
Естеріңізге салсақ, Бегарыс Алданышұлы аймақтағы ең ірі «Happy Town» тұрғын кешенін тұрғызған іскер азамат.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда

Exit mobile version