KAZNEWS – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 320000 төгрөг болады. Сонымен қатар ерікті әлеуметтік сақтандыру төлемі 43200 төгрөг болды.
Ал, Баян-Өлгий аймағының халқының саны көп. Экономикалық белсенді халықтың саны бойынша батыс Моңғолияда алдыңғы орында. Жұмыссыздық деңгейінің үлесі өңірде 9 пайызға жеткен.
– Жоғарғы оқу орындарын ұстаздық мамандықтары бойынша тәмамдағандар 2019 жылдан бастап лицензия алуға міндетті емес.
Ұстаздар даярлау, дамыту, қолдау, ұстаздардың этикасы мен абыройы, ұстаздарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға арналған заңды Парламент 2018 жылы маусымда бекіткен.
Бұл заң жалпы мемлекеттік және меншікті мектептерде қызмет етіп жүрген ұстаздарға қатысты.
Заңның толық нұсқасымен танысу үшін БҰЛ ЖЕРГЕ басыңыз.
– Ішімдік ішуге құмар адамдарды қандай бір құқық бұзушылық жасаудан алдын алу үшін денсаулық сақтау басқармасымен сот үкімін орындау қызметінің бақылауында әкімшілік талаппен мәжбүрлі түрде емдеуден өткізіледі.
Заңда көрсетілгендей, емделуге өткен азамат емделу нәтижесіне байланысты үш айға дейін, екінші мәрте емделген жағдайда алты айдан бір жыл мерзімінде мәжбүрлі түрде емделеді.
Атап өтейік, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар жалғыз басты ата-ана, 16 жасқа толмаған жасөспірімдер, 60 жастан жоғары қариялар және ауыр қалдегі азаматтар мәжбүрлі түрде емдеуге тиым салынған.
Заңның толық нұсқасымен танысу үшін БҰЛ ЖЕРГЕ басыңыз.