2015 жылғы мал санағының алдын ала қорытындылары жарияланды.
Баян-Өлгий аймағында биыл бес түліктің барлық түрінің өскені байқалады.
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, биыл Баян-Өлгий аймағының мал саны 2 миллион 21 мың басқа жеткен.
Жылқы – 77,3 мың бас, сиыр – 144,8 мың бас, түйе – 4,7 мың бас, қой – 850,6 мың бас, ешкі – 943,7 мың басты құрап отыр.
Өткен жылы мал саны 1 миллион 883 100 бас болған.