Connect with us

Published

on

Индонезия астанасы Жакарта қаласында XVIII Жазғы Азия ойындарында өз өнерін сәтті көрсеткен Бұлбұл Муратқызы “Өдөр бүр өөр” бағдаламасында қонақта болды.

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, – деп хабарлайды Kaznews.mn тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

“Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды – Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын”, – деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Continue Reading

Спорт

Э.Содномпилжээ пауэрлифтингтен паралимпиада чемпионы атанды

Published

on

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия командасы алғашқы алтынын иеленді деп хабарлайды KazNews.mn.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 107 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Энхбаярын Содномпилжээ Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 245 келіні көтеріп, папалимпиада ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті малайзиялық Жон Ие Хи (237 келі), қоланы ирандық Рази Саман (231 келі) иеленді.

Естеріңізге салсақ, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия намысын 11 спортшы қорғауда.

Continue Reading

Спорт

Сайд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, Моңғолия 33 орынға тұрақтады

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасындағы ирандық легионер Саейд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсіп, финалда жапониялық Нагасе Таканориге есе жіберіп алды.

Токио Олимпиадасында Моңғолия құрамасы дзюдо күресінен екі қола, бір күміс медаль жеңіп, жалпы есепте 33 орынға тұрақтады.

Continue Reading

Спорт

Токио-2020: Сайд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасының үздігі Саейд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсті.

Енді Саейд Моллай Олимпиаданың финалында жапониялық Нагасе Таканоримен белдеседі.

Естеріңізге салсақ, Саейд Моллай 2019 жылғы желтоқсанда Моңғолия азаматтығын алған болатын.

Photo: IJF 

Continue Reading

Басты назарда