Орта Азия және әлемде
Таяу шығыстағы лидерлікке талас, Сауд-Арабия – Иран
Published
8 years agoon
Таяу Шығыс аймағына Азия, Европа және Африка шығанағын жалғап отырған геополитикалық маңызды аймақты атап көрсетуге болады. Бұл аймақта Араб, Түркі, Парсы, Курд, Черкес, Армен халқы иық тіресіп өмір сүруде[1]. Аймақта атап көрсетер әлемдік держава болмағанымен Сауд-Арабия, Иран, Түркі және Израйль елдері өз ықпалын тигізіп отыр. Осы аталған елдер (Израйль ден басқасы) ИЫҰ-на мүше елдер. Аймақтағы терорризм, діни қақтығыстар мен ұлт аралық түсініспеушілікті жойу басты мәселе болып табылады. Алайда жоғардағы елдер ИЫҰ-да бір құжатқа қол қойып, бір бағытты ұстанып отырғаны мен аймақтық шиеленісті бірігіп шеше алмай отыр. Халықаралық қатынастар тәжірибесіне қарар болсақ аймақта аймақтық бір немесе бір неше лидер болған кезінде аймақтық қақтығыстар, этникалық және діни мәселелер шешіледі.
Таяу Шығыс аймағы үш құрлықты шектеп отырған шекара, қара алтынның аса үлкен алқабы, және де діни аса маңызды орталықтар мен қасиетті орындар орналасқан мекен болғандықтан стратегиялық маңыздылығы өте зор. Осыларға негізделе келіп осы аймақта өз әсерін сақтау үшін күрес пен проблемалар әліде жалғасуда.
“Аймақтық лидер” деген ұғымды Даниел Флемес өзінің «Халықаралық қатынастағы аймақтық лидер» деген мақаласында төрт негізгі көрсеткіш бойынша анықтаған.
Оның анықтауынша аймақтық лидер:
1. Көш бастауға дайындығы;
2. Қажетті адам ресурстар «экономикалық, әскери»;
3. Сыртқы саясаттың белсенді іске асуы;
4. Үшінші елмен қабылданған жағдайда осы елді аймақтық лидер [1] деп атауға толық қолжетімді.
Даниел Флеместің Таяу Шығыс аймағында кім лидерлікке лайық дегенді анықтағанда: Сауд-Арабия жане Иранды осы шартқа толығымен болмасада Таяу Шығыстық өзге елдермен салыстырғанда оның қойған төрт шартына біршама жақын келеді.
Енді мен осы жерде Иран Ислам Республикасы және де Сауд-Арабия патшалығына осы 4 шарт бойынша қысқаша тоқталамын.
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
ИИР-сы тарихы жағынан қарағада Парсы империясының жалғасы және де осы аймақтық маңызды ойыншы болып келген. Бұл оны Флеместін бірінші шартына сая екенін көрсетуде.
Экономикалық жағынан Иран ядролық қарумен айналысты деген себебпен Батыс елдері және АҚШ тарапынан санкциялар қойылған болатын. Осы санкция барысында ИИР-ның ішкі жалпы өнімі біршама құлдырап кеткен. Бірақ дүниежүзілік банкінің зерттеуі бойынша ИИР-ның ІЖӨ-і 552,4 млрд америкалық доллар жинағымен Таяу Шығыс аймағында Сауд-Арабиядан кейн 2-ші орында болды.[3]
Иран қара алтын байлығымен әлемде 4-ші орында болса, табиғи газ ресурсымен Ресей Федерациясынан кейн 2-ші орынды иеленеді.[4]
Әскери жағынан Иран 2014 жылы жалпы есеппен 1.800.000 дайын әскер, 2409 танкілер, 481 арнайы әскери ұшақтар, 395 теңіз техникасы және 6,3 млрд доллар әскери бюджеті бар деген көрсеткішпен әлемде 22 ші орынға ие. [5]
Иран сыртқы саясатты белсенді жүргізген емес. Қырғи-қабақ соғыс кезінде Иран сыртқы саясатын басқаның әсерінде болғанын қаламағандықтан «Одаққа қосылмау қозғалыс»-на бірікті.
2013 жылдан Хассан Роуханни ИИР-ның 7-ші президенті болып саяланғанан кейін бұл елдің сыртқы саясаты ашық және белсенді бола бастады. Жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Мухаммед Жовад Зариф Европа және АҚШ өкілдерімен кездесіп, дипломатиялық жолмен мәселені шеше бастады. 2015 жылдан бастап Иран және БҰҰ-ның өкілдері бірнеше келіссөздерге келіп осы жылдың шілде айынан бастап кейбір салаларда санкциялар алына бастады. Қазіргі күні Иран санкциядан бұрынғы кезеңдегі экономикалық кезеңіне жетіп алу үшін күніне 500,000 баррел қара алтын импорттап отыр.[6] Бұл жағдай ОПЕК елдері, оның ішінде Сауд-Арабия және Иранның жақсы серігі Ресейдің көңіліне жақпай отыр.
Үшінші елдер және көрші мемлекеттері Иранды осы аймақта маңызды рөльде деп көрсе, әлемдік державалар Иранды таяу шығыста өз лауазымын ертеден тоқтатқан деп санап, осы аймақтың қауіпсіздігін сактауға Иранның атқаратын рөлінде жоғарғы орынға ие екеніне күмәнданбайды.
САУД-АРАБИЯ ПАТШАЛЫҒЫ
Осы аймақтағы ен үлкен кең байтақ жерге ие бола отырып, Ислам дінінің маңызды қалалары болатын Мекке, Мадина осы елде орналасқан. Миллиондаған мұсылмандар жыл сайын Меккеге қажылыққа келеді.
Осы аймаққа өз ықпалын тоқтатуға деген Сауд-Арабияның қызығушылығы б.е XI ғасырдан яғни Мухаммед (САУ)-н кезінен басталады деп есептейді кейбір сарапшылар. Араб елдеріне Сауд-Арабия ең әсерлі ел деп саналады, және де аймақтық Парсы Шығанағының мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, Ислам Ынтымақтастық ұйымы осы елдің Аль-Рияд қаласында жұмысын жүргізеді.
Экономика жағынан Сауд-Арабия ІЖӨ 750 млрд доллар және әлемдегі 20-шы,ал Таяу Шығыстағы 1-ші дамушы экономика екенін Дүниежүзілік банк белгіледі.[7] Осы елдің қозғалтқыш күші қара алтын болып саналады және де ОПЕК-тің шығарған зерттеуі бойынша Сауд Арабия әлемдік мұңай ресурстарының 22,1% жеке иемденеді деген. [8]
Және де Сауд-Арабия осы аймақтағы өзінің экономикалық біріншілігін көрсету үшін Бурж-Халифадан 180 м биік Патша ғимараты деп аталатын 1007 м ғимарат салуда. 2020 жылы қолданысқа беріледі.[9]
Әскери күш жағынан Сауд Арабия батыс елдерімен жақсы қатынасының арқасында әскери технологиясын жаңартып, дамыта алған. 2014 жылы Сауд Арабия елі әлемде 25-ші орынға ие болды. 2015 жылы есеппен және де Аль Жазеера арнасының жаңалықтарына сүйенсек, Сауд Арабия ІШӨ-нің 25 % яғни 88 млрд. долларды тек әскери бюджетке жұмсаған[10], осы көрсеткішімен әлемде 4-ші орынға ие болды.
Сауд Арабия сыртқы саясаты жағынан аймақтың қауіпсіздігін ең маңызды деп санағандықтан көрші мемлекеттермен достық қарым қатынасты жақсы ұстанады. Халықаралық денгейде Сауд Арабия тәуелсіз саясат ұстанып Араб одағы және БҰҰ-на өз лауазымын ұстанып жаңа идеалдарды беріп отырады. 2013 жылы Сирияда болып жатқан ақуалға байланысты БҰҰ маңызды шешім шығармады деген себеппен Қауіпсіздік кенесінің мүшесі болудан бас тартқан болатын.
2001 жылы қазанның 11-де АҚШ-да болған оқиғаға Сауд Арабияның бірнеше адамдары қатысы бар деген мәліметке байланысты Сауд Арабия және АҚШ арасында келіспеушілік туындаған болатын. Осы келіспеушіліктен болып АҚШ өз авиабазасын Қатарға көшірді. Және де Сауд Арабияға санкция жариялау жайлы сенатта сөз қозғала бастады. Оған Сауд Арабиясының берген «егер санкция қойылса біз АҚШ долларынан бас тартамыз» деген жалғыз жауабы тосқауыл болды.
Және де Иран P5+1 (Қауіпсіз кенесінің тұрақты 5 мүше + Германия) кездесуне Сауд Арабия тарапынан қарсы екенін білдіріп отырды. [11] Сауд Арабия егерде Иран күшейсе Таяу Шығыста тепе теңдік жойылады деген көзқараста.
Үшінші елдер Сауд Арабияны бұл аймақтағы лидер деп санайды.
Бұл екі елді жоғардағы 4 талапты қамтамасыз ете алама дегенді бағалап көрсек қай қайсысы аймақтық лидерлікті қолға алатын мүмкіншілігі бар және де тарихы жағынан да лидерлікке таласып келген аймақтық державалар.
Экономикалық жане әскери технология жағынан Сауд Арабия басым болып тұрса да соғысқа қатысқан тәжірибесімен Иран біршама жоғары болады. Сыртқы саясаты жағынан екі ел аса тәжірибелі емес болса да соңғы жылдары осы салаға қатты назар аудара бастады. Үшінші елдер де осы екі елді аймақтық лидерге лайық деп көреді. Көрші елдері де қаншама діни ағым бойынша Сунни болып келсе де лидерлікке дін емес экономика, әксери күші және әлемдегі орыны маңызды болып отыр.
Иран санқциядан кейін экономикасын қайтадан жандандыру үшін қара алтынды мол мөлшерде (күніне 500,000 баррел) арзан бағамен экспорттай бастағаны ОПЕК және көрші мемлекеттерінің наразылығын тудыра бастады. Ресеймен келісімге келе алмай қалған Еуропа үшін Тегереннан арзан бағамен мұнай алуға қызығушылығы көп.[6]
Сауд Арабия Иран арасындағы келіспеушілікті қырғи қабақ соғыс кезіндегі АҚШ пен Совет Одағынның қатынасына теңеп көрсетеді. Бірақ бұл екі ел арасындағы келіспеушілік әр түрлі қоғам емес билік үшін күрес болып табылады. Бұл екі ел арасындағы күрестің шегі әзірге байқау мүмкін емес.
СЕТЕЙ ЖАНБОЛАТ
(магистрант 2 курс, Л.Н,һ.Гумилев атындағы ЕҰУ)
САЙЛАУ БАТЫРША-УЛЫ
(Доктор экономических наук, профессор кафедры Международных отношений Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева)
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Published
1 month agoon
November 19, 2024Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Published
1 month agoon
November 15, 2024Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Published
2 months agoon
October 25, 2024Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
БӨЛІСУ:
Орта Азия және әлемде
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Published
2 months agoon
October 24, 2024Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.
БӨЛІСУ:
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...