Connect with us

Спорт

Серік Бердімұратұлы: Президент Ассалаумағаликум! – деп қуанышпен қарсы алды

Published

on

Моңғолияның Ұлттық мейрамында мемлекеттік Лашын атағын жеңіп алған Серік Бердімұратұлы Kaznews.mn –де қонақта болды.

Қош келдіңіз! 2017 жыл өзіңіз үшін табысты жыл болып жатыр деп есептейміз, ел намысын қорғап, қазақ ағайындарына көптен күткен мемлекеттік атақты сыйладыңыз.
Рахмет! Жолым болып биылғы мемлекеттік тойда лашын атағын иелендім. Осымен мемлекеттік тойға төртінші рет белдесіп, нәтижесінде мемлекеттік атаққа жеткеніме қуаныштымын. Өткен жылы мемлекеттік чемпион Э.Оюунболдтан бесінші кезеңде жеңілгеннен кейін тыңбай еңбектеніп, Палуандар сарайында ұйымдастырылған жарыстан қалыс қалмай өзімді жігерлендірдім. Және халқымның маған деген ыстық ықыласы, қолдауы күш жігер берді.
Бесінші кезең өте ауыр болған сияқты?
Ия, Т.Баасанхүү өте шапшаң қимылдайтын, мықты палуан. Ұстаздарым Т.Баасанхүүмен белдесуде асығыстыққа бой алдырмауымды, болса қарсыласыңмен ұстасып күрес деп кеңес берген. Ұстаздарымның кеңесін ескере отырып, Т.Баасанхүү ағамен барымша сабырлы күрестім. Соңында Т.Баасанхүүді жыққаннан кейін қатты қуанып байрақты айланып жүгірген кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын.

Лашын атағы қолда, қаршыға мен піл жолда деп, күреске қызған жеріңіз болды ма? Алтыншы кезеңдегі өнеріңізге көңіліңіз толды ма?
Лашын атанған қуанышты сәттен есімді жиып үлгермедім. Алтыншы кезең басталып кетті. Алтыншы кезеңде Хангай екеуімізді ешкім алмады. Өзара күш сынастық. Асығыстық жасадым. Бұл белдесуде аяғыма жарақат алып қалдым. Бұдан өзге кезеңдегі белдесулерім көңілімнен шықты.
Лашын атағын Президент жарлығымен алған сәтіңізді айта кетсеңіз?
Ең алдымен Бат-Эрдэнэ аваргаға барып қол ұстадым. Бат-Эрдэнэ аварга маңдайымнан иіскеп, лашынмен тоқтап қалма, әлі жассың деп табыс тіледі. Одан әрі қарай жүріп еліміздің жаңа президентіне қарай бергенімде, Президент мырза маған “Ассалаумағаликум!” – деп қуанышпен қарсы алды, разы болдым. Баттулга президентіміз Моңғолияның Дзюдо федерациясын басқарып келген, 2014 жылы мені ұлттық құрамаға қабылдаған болатын. Дзюдо өзі адамдарды бір біріне құрмет көрсетуге шақыратын жақсы спорт. Сол жылдары көп нәрсе үйренген болатынмын.

Сосын, мен Уағалайкумсалам! –деп сәлем беріп, Президент мырзаның алдына бардым. Маңдайымнан иіскеп “сен жақсы күрестің, жарайсың!” –деп мені одан ары жігерлендірді. Х.Баттулга мырзаның еліміздің Президентіне сайланғаннан кейін алғаш рет дзюдошылар арасынан мен мемлекеттік атақты қолынан алдым. Бұның өзі бір үлкен мәртебе болды.
Жеңіс туын желбіретіп туған өлкеңе ат басын бұрдың? Халық қалай қабылдап жатыр?
Ең әуелі тойдан бұрын Баян-Өлгий аймағының Улаанхус сұмынында болып ақсақалдардың батасын алып, Сагсай сұмынында аймақтық палуандармен 10 күндік оқу жаттығуын өткізіп қайтқанмын. Кейін Улаанбаатарда жаттығуымды жалғастырдым. Көптің бата тілектері қабыл болып, қазақ ағайындарына көптен күткен мемлекеттік атақты міне алып келдім. Бәрі құттықтап жатыр. Тамыздың 1 күні аймаққа келгенмін. Тамыздың 2 күні туған жерімде Улаанхуста той жасап, қабылдап алды. Тамыздың 12 күні аймақ әкімшілігінен Лашын атағына орай той ұйымдастырады.
Оқырман қауым сіздің қазақ күрестен нәтиже шығарып жүргеніңізді біледі. Қазақ күресіне қалай келдіңіз? Бұдан бөлек күрестің қандай түрімен шұғылданып жүрсіз?
Алғаш аймақтық арыстан Қанат ұстазым қазақ күресінен Налайханда ұйымдастырылған жарысқа қатысуға шақырды. Сол жолы қазақ күресімен алғаш рет белдесуім еді. Үш қарсыласымды ұтып, келесі қарсыласымнан жартылай финалда ұтылып қалғанмын. Бұл кезде маған жеңілісім өте ауыр тиді. Көзімнен жас ыршып кетті. Қола медаль үшін күресіп, алғашқы қатысқан жарысымнан тұңғыш рет қола жүлде алғанмын. Медаль алған соң барлығын ұмытып, бұл күрес түріне деген қызығушылығым арта түскен болатын. Кейін, Мемлекеттік қаршыға, Моңғолия және ҚР-на еңбек сіңірген спортшы О.Бақыт ағамыздың жаттықтыруымен Қазақ елінде өткен көптеген жарыстарға қатысып тәжірибе жинадым. Қазақ күресінен қатысқан ең ірі жарыс ол еуразия барысы болатын.
Бұдан бөлек, Самбодан әлем чемпионатында екі рет қола медаль жеңіп алғанмын. Сумо күресінен жастар арасындағы әлем чемионатында алтын медаль иегері атанғанмын. Сонымен қатар самбо күресінен биылғы ел біріншілігінде чемпион атандым. Алдағы қазан айында Азербайжанда өтетін әлем чемпионатына қатысамын. Медаль алып көрмеген күрес түрін атасам еркін күрес ғана болар.
Дзюдодан 2014 жылғы ел біріншілігінде күміс, 2017 жылы қола жүлде иелендім. 2014 жылғы ел біріншілігінде финалда олимпиада ойындарының алтын, күміс жүлдегері Найдангийн Түвшинбаяр ағамен белдесіп ұтылғанмын. Сол жылы ұлттық құрамаға қабылданып, Түвшинбаяр ағаның дайындығын қамтамасыз етіп жүрдім. Бұл кезде олимпиада чемпионынан көп нәрсе үйрендім. Моңғол күресінен табыс шығаруым керек. Баян-Өлгийліктерге мемлекеттік дәрежедегі палуан керек. Ағаларда айтты. Ұлттық күреспен бір табыс шығар деп. Сосын өзімнің ұсынысым бойынша уақытша дзюдодан өзімді шектеп ұлттық күреске бар назарымды аударғанмын. Нәтижесінде ойлаған ойыма жеттім.
Биыл алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?
Енді дзюдодан өтетін ел біріншілігіне дайындаламын. Ел біріншілігінде жеңімпаз атанған спортшының халықаралық жарыстарға қатысуына жолы ашылады.

Моңғолияның мықты дзюдошылары өзге елдерге не үшін легионер болып кетіп жатыр. Өзіңізге легионер болуға ұсыныстар келді ма?
Моңғолия мен Қазақстан Республикасының Дзюдо федерациясы арасындағы меморандум бойынша Г.Отгонцэцэг қазақ елінің атынан жарыстарға қатысып жүр. Легионер болсада сол елінің атынан халықаралық жарыстарға сәтті қатысып, өзінің міндетін абыроймен атқарып жүр. Жақында Базаррагчаа қатарлы дзюдошылар азербайжанға аттанды. Олардыңда аяқалысы жаман емес. Ішкі бәсекелестік күшті. Жеңіл салмақтағы спортшылар үшін олимпиадаға қатысу арманын орындау үшін өзге елдің атынан қатысуға мәжбүр. Біз оларға наразылық білдіру емес, қайта қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені олимпиадаға бір елден бір салмаққа жалғыз споршы ғана бара алады ғой. Мен -100 келі салмақ бойынша күресемін. Ішкі бәсекеде өзіме сенімім зор.
Маған 2012 жылы Гонконгде өткен сумодан әлем чемионатынан кейін жапонияға сумо күресіне шақырған. Кейін 2014 жылы ҚР-нан легионер болуға ұсыныс келіп түскен. Бірақ мен сол кезде ұлттық күресті таңдаған болатынмын. Сондықтан бастаған ісімді аяқсыз қалдырғым келмеді.

Лашын атағын алған сәтіңізде әлеуметтік желіні дүр сілкіндірдіңіз. Сізге табыс тілеп, қолдау білдірген азаматтарға не айтасыз?
Елімізден және қазақстандағы ағайындардан құттықтау хат әлеуметтік желі арқылы көптеп келіп түсті. Ата-анама, Бесбоғда бүркіт клубының төрағасы Нұрлат ағаға, Коллективіме, Сүлд спорт комитетіне, ұстаздарыма, аймақ басшысы Ә.Ғылымхан мырзаға, аймақ халқына рахметімді айтамын.
Сіздердің сенімдеріңізді жауапкершілікпен ақтап, туған жерімнің абыройын қашан да биік қоятын боламын.
Сұхбатыңызға рахмет!

Өмірбек Қабайұлы, Kaznews

Спорт

Теннис: Батыс зоналық чемпионат басталды

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Баян-Өлгий аймағында теннистен ересектер мен жасөспірімдер арасындағы батыс зоналық чемпионат басталды.
Моңғолияның батыс өңірінде орналасқан бес аймақтан 200 ге жуық спортшы бәсекелеседі.
Топтық және жекелей сынға түсіп бірінші, екінші орын иеленген спортшылар Улаанбаатар қаласында жүрілетін ел біріншілігіне қатысуға жолдама алады.

Жарыс 7 қарашада аяқталады.

Continue Reading

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!”, – деп жазыпты боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Continue Reading

Спорт

Өтеген Естайұлы ең нәтижелі футболшы атанды

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияның Футбол федерациясының ең жоғарғы лигасының сегізінші туры жүріліп өтті.

Лигадағы мықты командаларды бірінен соң бірін жеңіп келген Дэрэн клубы “Атлетик 220” -дан ұтылып қалды. Ал сегізінші турда бірде-бір жеңілмеген “Улаанбаатар” “Хаан Хүнс Эрчим”-ге жол берсе, көшбасшы “Хангарьд” “СП Фалконс” –пен ұпай бөліскен қызықты ойындар болды.

Көшбасшылардың өзара бәсекелесінен өзге қызықты ойын “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” пен “Сумида-Жипро” клубтарының арасында жүрілді. Өйткені олардың қай қайсысы да маусымның алғашқы ойынында жеңіске жету мүмкіндігі зор болатын.

“Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубының сол қанаттағы жартылай қорғаушысы Өтеген Естайұлы “Сумида-Жипро” клубының қақпасына бірінші және матчдағы бірден-бір голды салып 1:0 есебімен жеңіс туын желбіретті.

1998 жылы орнаған “Улаанбаатарын Мазаалайнууд” клубы 2016 жылы төменгі лигаға түсіп қалған болатын. Араға 3 жыл салып өткен жылы қайтадан жоғарғы лигаға жолдама алып алғашқы ойынын сәтті бастады.

Continue Reading

Спорт

Түвшинбаяр Найдан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Published

on

Түвшинбаяр Найдан Моңғолияның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұрынғы президенті Д.Загдсүрэн денсаулығына байланысты 2019 жылы қазан айында жұмысын бергендіктен келесі басшысын тағайындау үшінгі жиын жыл басында жоспарланған болатын. Бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған.

Ұлттық олимпиада комитетінің 176 мүшесі бар. Олардың 74% -ның қатысуымен комитеттің президентінің сайлауы өтті. Комитет президентін сайлау барысында Түвшинбаяр Найданның кандидатурасын қолдап комитет мүшелерінің 94,6 пайызы дауыс берген.

Түвшинбаяр Найдан дзюдодан 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының алтын, 2012 жылғы Лондон олимпиаласының күміс жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылғы Азия чемпионатымен азия ойындарының чемпионы атанған.

Photo: News.mn

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Тұңғыш рет “Үркер” ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

13 қараша Нұр-Сұлтан қаласында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Отандастар...

Әлемде3 months ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде3 months ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде6 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде6 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде6 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде6 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде7 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Статистика

  • 94
  • 12,015
  • 204,606

Басты назарда