Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, ұшқыш генерал-майор Мүдәріс Зайсановты еске алды

Published

on

KAZNEWS – 5 мамырда Улаанбаатар қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоғын қою рәсімін өткізді.
Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, Моңғолия Ғылым Академиясының академигі, экс-депутат Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолияның Ғылыми техникалық университетінің профессоры Гүлнар Чакерханқызы, Улаанбаатардағы «Жерлестер» қазақ ұйымының төрағасы Тлеухан Нәжікейұлы және басқа да қоғам белсенділері қатысты.

Мүдәріс Зайсанов – Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған.
Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының «Қызыл ту» орденімен марапатталып, 1944 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Улаанбаатарда дүние салды.

Моңғолияда

Қобда қазақтары әнмен шәшу шашты

Published

on

23 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолиядағы ең ірі қысқы фестиваль Ховд аймағында жүріліп өтті.

Аталмыш іс-шарада Қобда қазақтарыда қатысып, билік өкілдеріне әнмен шәшу шашты.

Continue Reading

Моңғолияда

Еркін Жамантайұлы «Жылдың үздік бапкері» атағына ие болды

Published

on

26 желтоқсан, KAZNEWS. Бокстан Моңғолияның қыздар құрамасының бапкері Еркін Жамантайұлы Моңғолия бокс қауымдастығының шешімімен «Жылдың үздік бапкері-2022» атағына ие болды.

Бұл жетістікке Еркін Жамантайұлының шәкірттері ел біріншілігі, Азия чемпионаты және әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, ел абыройын асқақтатқаны үшін берілді.

Continue Reading

Моңғолияда

Математик Еркеқұлан Бағдатұлы Dedu деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты

Published

on

07 желтоқсан, KAZNEWS. Жас математик, докторант Еркеқұлан Бағдатұлы “Dedu” деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты.

Dedu – Decentralized education system (Орталықтандырылмаған білім беру жүйесі)

Мобильді қосымшалар нарығы әлем бойынша ғаламат қарқынмен дамып жатыр. Қосымшалар жасау үлкен қаражат әкелетін стартаптардың бірі.

Dedu – мобайлды қосымшасы  арқылы математика пәні бойынша сабақтар алу, жоғарғы оқу орындарына түсетін оқушылар үшін арнайы дайындалған тесттер беру, видео сабақтар қарау қатарлы қызметтер алуға болады.

Апп жүктеп алу сілтемесі: https://onelink.to/a7r8hz 

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгийде “Интеллигенттер додасы” ұйымдастырылды

Published

on

26 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Республика күніне орай Баян-Өлгийде тұңғыш рет аймақтың әр өңірінен 14 команда қатысқан “Интеллигенттер додасы” мемлекеттік ән ұранмен басталды.

“Интеллигенттер додасы” -на “Альфа”, “Қызыл жебе”, “Старс”, “Сұңқар”, “Болашақ”, “Зерде”, “Аурора”, “Марс”, “Тұмар”, “Сагсай Фетих”, “Феникс”, “Бірлік”, “Ана тілі”, “Шың” қатарлы командалар өзара бақ сынады.

Дода 5 кезеңнен тұрды.

1. Арман Сқабылұлының “Егіз жүрек” кітабынан дайындалған сұрақтар
2. Әлем тарихынан 
3. Мемлекеттер туралы
4. Еліміздің ерекшеліктері туралы
5. Қазақ халқы туралы 

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 – орын: Сагсай сұмындық Сагсай Фетих командасы,
2 – орын: Өлгий қалалық Феникс командасы,
3 – орын: Алтай сұмындық Қызыл жебе командасы үздік үштіктен көрінді.

Ұйымдастырушы: Байболат Манарбекұлы, Ваня Күнәтқызы, Мұратбек Кенейханұлы, Asyema
Аймақтық Отбасы, бала, жастарды дамыту басқармасы, Жастар даму орталығы

Демеуші: Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек Қабайұлы, Kaznews.mn #KazNews

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 weeks ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 month ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек4 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек4 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек5 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек5 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Басты назарда