Connect with us

Спорт

Исламаллабек Шаяхметұлы: Испанияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалып жатырмын

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияда орта салмақта кәсіби кикбоксингтің чемпионы, «Империал», «Үздік – 8» сайыстарының жеңімпазы Исламаллабек Шаяхметұлы қазан айында Испанияға жол тартпақ. Ол, қазан айының 21-28 күндері кикбоксингтен өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.
Әлем чемпионатына Моңғолиядан 63кг, 67кг, 70кг, 74кг салмақ бойынша төрт спортшы қатысады.
Ш.Исламаллабек 67келі салмақта өнер көрсетеді.

Ш.Исламаллабек не дейді?
Жекпе-жекке дайындалу үшін жұмысымнан екі айға рұхсатталдым. Қарсыластарым әлі белгісіз. Дегенмен, ел елдің үздіктері келіп қатысатыны белгілі. Үздіктердің жекпе-жектерінің видеосын көреміз, соған қарап жаттығу өткіземін. Тактика әзірлейміз.
Қай саланың болмасын өз қиындығы бар. Спортта да солай. Тіпті, спортшыларға жарысқа қатысқаны үшін жалақы төленбейді. Артық болсаң тең болатын, тең болсаң кем болатын заман ғой. Жетістікке жету үшін де қиындықтармен бетпе-бет келгенде іштей демеу күтесің. Бұдан үш-төрт жыл бұрын белгілі бизнесмен ағамыз Сырымбек Тауұлы үлкен қолдау көрсетіп, ел абыройын асқақтатуыма үлкен үлес қосқан болатын.
Бұл жолы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алған Баян-Өлгийлік болғандықтан Парламенттегі және өзге ағаларымыз көмектеседі деген ойдамын.

Спорт

Саейд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, Моңғолия 33 орынға тұрақтады

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасындағы ирандық легионер Саейд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсіп, финалда жапониялық Нагасе Таканориге есе жіберіп алды.

Токио Олимпиадасында Моңғолия құрамасы дзюдо күресінен екі қола, бір күміс медаль жеңіп, жалпы есепте 33 орынға тұрақтады.

Continue Reading

Спорт

Токио-2020: Саейд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасының үздігі Саейд Моллай Токио Олимпиадасының финалына шықты.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсті.

Енді Саейд Моллай Олимпиаданың финалында жапониялық Нагасе Таканоримен белдеседі.

Естеріңізге салсақ, Саейд Моллай 2019 жылғы желтоқсанда Моңғолия азаматтығын алған болатын.

Photo: IJF 

Continue Reading

Спорт

Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанды

Published

on

“Токио-2020” жазғы олимпиадасында жүдодан -73 келі салмақта Ц.Цогтбаатар қола жүлдегер атанып, Моңғолия қоржынына екінші жүлдені сыйлады.

Жартылай финалда жапониялық Шохэй Оноға есе жіберіп, қола медаль үшінгі сайыста Канадалық спортшы Артур Маргелидоннан басым түсті.

Естеріңізге салсақ бұған дейін Токио олимпиадасында әйелдер арасындағы -48 келі салмақта М.Уранцэцэг қола медаль алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Токио Олимпиадасында Моңғолия спортшылары қай күндері сынға түседі?

Published

on

Төрт жылдықтың басты додасы саналған ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына небәрі 2 күн қалды.

Моңғолияның олимпиадалық құрамасы 13 спорт түрінен барлығы 43 жолдама жеңіп алған.

Назарларыңызға Олимпиада ойындарының жарыс кестесін ұсынамыз. Сілтемеге өтіңіз.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 months ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде2 months ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек2 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек3 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек3 months ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек3 months ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде3 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда