Connect with us

Published

on

ALTAI – бұл Бөрте тобының /Boerte band/ бір жылғы еңбегінің жемісі.

Аталмыш туынды моңғолияның ең биік шыңы орналасқан Баян-Өлгий аймағының Алтай Бес-богда тауы, көрікті мекен Сырғалы өлкесінде жасалған.

Бейнебаянда әсем табиғаттың көріністері мен Моңғолияны мекен еткен көшпенділер туралы, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы баяндалады.

Бөрте тобы бейнебаянға арнайы Eagle Huntress фильмі арқылы әлемге танымал болған Айшолпан мен әкесі Нұрғайыпты шақырған.

Моңғол-Алтай тау жоталары – Тектоникалық аңғарлармен бөлінген параллель жоталардан тұрады. Жота шыңдары тегістелген, жұмырланған. Жазда ерімейтін қар мен мұздың ауданның көлемі 810 км2 (кей деректерде 300 км2-дей). Қарлар мен аспалы мұздықтар (ең ірісі – Потанин мұзды өзені) көп кездеседі.

Оңтүстік-батыс беткейі ылғалды, орманды-шалғынды келеді. Етегі дала, ал жоғарғы бөлігін альпілік шалғын алып жатыр.

Ең биік шыңы – Бес-богда тауының Хүйтэн шыңы теңіз деңгейінен 4374 метр биіктікте орналасқан.

Мәдениет

Әнші Берденбек Ерғабылұлы концерт береді

Published

on

07 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгийлік танымал әнші Берденбек Ерғабылұлы 2022 жылы 09 желтоқсан күні аймақтық М.Құрманхан атындағы Музыка драма театрында концерт береді.

Айта кетейік, Берденбек Ерғабылұлының “Жақсы көрем” деп аталатын концерті 09 желтоқсан күні сағат 19:00 -да басталады. Билет бағасы 10,000 төгрөг болады. 

Байланыс телефоны: 95013773

Continue Reading

Мәдениет

«Бүркіт» драмасын көруге шақырамыз

Published

on

17 қараша, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының 66 реткі «Қысқы маусым»-ның ашылуына орай Моңғолия Өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Ақтан Бабиұлының «Бүркіт» туындысы желісімен жазылған Моңғолия Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Шынай Рахметұлының «Бүркіт» драмасын 18-19 қараша күндері көруге шақырамыз.

М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры

Байланыс телефоны: 99421360

Continue Reading

Мәдениет

Халықаралық өнер сайысында Тілектес Ақылбекұлы 1 орын иеленді

Published

on

Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті, деп хабарлайды KazNews.mn Отандастар қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 11-12-тамыз күндері Тараз қаласындағы «Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өтті. Фестивальға шетелдегі 8 елден келген өнерпаз қандастарымыз қатысты.

Фестиваль 11 тамызда жұмысын бастады. Бұл күні қолөнершілер бұйымдарын көрмеге орналастырды, одан бөлек барлық қатысушылар көне Тараз қаласының мәдени-тарихи жерлерімен танысып, Жамбыл облысының әкімінің қабылдауында болды.

12 тамызда қатысушылардың барлығы әр аталым бойынша күні бойы өнер көрсетті. Атап айтқанда, фестиваль аясында вокал-дәстүрлі ән айту, жыр мүшәйрасы, терме мен күй сайысы және қолөнер номинациялары бойынша 35 үміткер бақ сынасты. Айта кету керек бұл фестивльге қатысуға барлығы 140 үміткер тіркелді. Өнер фестиваліне Түркия, Иран, Монғолия, Қытай, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерден өнерпаздар іріктелді.

Халықаралық өнер сайысының бас жүлдесін Ресейден келген қолөнерші Айнагүл Барамбаева (500 000 теңге және телевизор) иеленді.

Байқау жеңімпаздары:
І) Жамбыл атындағы “Терме мен Күй” номинациясы бойынша
І орынды (300 000 теңге) – термеші Жаңғар Мамбетназаров (Өзбекстан);
ІІ орын (200 000 теңге) – термеші Нұрсалиев Жанайдар (Ресей)
ІІІ орын (100 000 теңге) – күйші Байзуллаев Арман (Ресей)

ІІ) Роза Бағланова атындағы “Вокал, Дәстүрлі ән салу” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге)- Нұршат Зейіпхан, (Қытай)
ІІ орын (200 000 теңге)- Кдырова Инеш, (Украина)
ІІІ орын (100 000 теңге)- Рустам Русланов, (Қырғызстан)

ІІІ) Абай атындағы “Мүшәйра” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Тілектес Ақылбекұлы, (Моңғолия)
ІІ орын (200 000 теңге)- Мырзатхан Танжира, (Моңғолия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Абдіқалиев Мейрамбек, (Өзбекстан)

ІV) “Қолөнер” аталымы бойынша
І орын (300 000 теңге) – Шалақ Қадифен, (Иран)
ІІ орын (200 000 теңге)- Ырыстанұлы Базар, (Түркия)
ІІІ орын (100 000 теңге) – Ханжарбай Сетерхан, (Моңғолия)

Одан бөлек Шерхан Мұртаза атындағы көрермен көзайымы онлайн дауыс беру бойынша термеші Дәурен Құралбек (Қытай елінен) сыйлыққа (400 000 теңге) ие болды.

Continue Reading

Мәдениет

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Published

on

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Continue Reading

Басты назарда