Connect with us

Спорт

Боксшылар олимпиадалық іріктеу жарысына аттанды

Published

on

KAZNEWS – Төрт жылда бiр рет алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында өнер көрсету – әр спортшының арманы. Биыл өтетін Рио-де-Жанейро ойындарының басталуы да күн санап жақындап келеді.
Моңғолия бокс федерациясы 2016 жылғы ел чемпиондарын ҚХР-ның Циньян қаласына өтетін Азия және Тынық мұхит аймағының олимпиадалық іріктеу жарысына толық құраммен апарады.
Құрама сапында -91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерболат Төлекұлы бар.

Рио жолдамасы үшін сайысқа түсетін боксшылар тізімі төменгідей.
49 келіде Г.Ган-Эрдэнэ өнер көрсетеді. Оның ең басты жетістігі – Дүниежүзілік Универсиад ойындары мен Азия чемпионатының қола жүлдесі. Сонымен қатар бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған.
ҚХР-ның Циньян қаласында өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде өз мүмкіндігін тиімді пайдалануға ұмтылу керек.
Өйткені бұл салмақта Моңғолия боксшысы П.Сэрдамба 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған болатын.
52 келіде Х.Энх-Амар олимпиада жолдамасына үміткер.
Бұл салмақта бұған дейін Нямбаярын Төгсцогт Лондон олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген. Оның жеңіс жолын жалғастыру міндеті Х.Энх-Амарға жүктеліп отыр.
Х.Энх-Амар Казанда өткен дүниежүзілік Универсиада ойындарында Ресейдің атақты боксшысы Миша Алояннан басым түскен болатын. Ал, Нямбаярын Төгсцогт кәсіби боксқа ауысқан. Бұл салмақтағы талантты боксшылардың бірі Нұрлан Асқарұлы 2016 жылғы ел біріншілігіне қатысқан жоқ болатын. Сондықтан Х.Энх-Амар үшін бұл жарыс өте маңызды.
56 келі, Э.Цэндбаатар
Э.Цэндбаатар 2013 жылы Ел біріншілігінде 49 келі салмақта жеңімпаз атанған. Ол енді 56 келі салмақта бақ сынайды.
60 келі, Азия ойындарының жеңімпазы Д.Отгондалай
Әуесқой бокста 60 келі – Моңғол боксшыларының салмағы деп аталады. Бұл салмақ – Сөүл олимпиадасының қола жүлдегері Н.Энхбат, Барселона олимпиадасының қола жүлдегері Н.Баярсайхан, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Т.Үйтүмэн қатарлы ерлердің бағын ашқан.
Д.Отгондалай 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылғы Азия чемпионы атанғаны мен Катарда өткен әлем чемпионатында өз атағын дәлелдей алмады.
Дегенмен, 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарында ең үлкен сенім Д.Отгондалай-ға артылып отыр.
64 келі, Б.Чинзориг
Бұл салмақта олимпиада, әлем чемпионатының қола жүлдегері У.Мөнх-Эрдэнэ өнер көрсетіп келген. Бірақ, ол 2016 жылғы ел біріншілігіне қатысқан жоқ. Сондықтан Б.Чинзориг-тың жолы ашылды деуге болады.
69 келі, Б.Түвшинбат
2012 жылғы Лондон олимпиадасында Француз боксшысы Алексис Вастиннен бір ұпаймен ұтылып қалған болатын. Бұл жеңіліс оған сабақ болғаны анық.
75 келі, Н.Шинэбаяр
Н.Шинэбаяр – 2008, 2012 жылғы олимпиадалық іріктеу жарыстарына қатысып көрген.
81 келі, С.Эрдэнэбаяр
2009, 2011, 2013 жылдары Әлем чемпионатына қатысып көрген. Ол, биылғы ел біріншілігінде финалда Баян-Өлгийлік боксшы Т.Ыбраймды ұтты.
-91 келі, Ерболат Төлекұлы
Елдің абыройын асқақтатып жүрген Ерболат Төлек бокстан ел чемпиондығын осымен үшінші рет қорғап отыр.
Оның, ҚХР-ның Циньян қаласына өтетін Азия және Тынық мұхит аймағының олимпиадалық іріктеу жарысында асығы алшысынан түсіп, олимпиада ойындарына жолдама алуына бүкіл ел, оның ішінде моңғолия қазақтары тілектес.
Ел чемпионы, 2012 жылы Қазақстанда өткен олимпиадалық іріктеу турниріне қатысқан. Халықаралық «А» дәржедегі турнирден 2 күміс медаль иеленіп, Моңғолияның 2015 жылғы үздік 10 боксшылар тізіміне еңген.
Естеріңізге салсақ, Моңғолия қазақтары арасынан 1964 жылғы Токио олимпиадасына Алданыш Рамазанқызы мен 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасына Бақыт Однайұлына олимпиада ойындарына қатысу бақыты бұйырған болатын.

Спорт

Сайд Моллай Тель-Авивте күміс жүлдегер атанды

Published

on

20 ақпан, KAZNEWS. Тель-Авивте өтіп жатқан “Grand Slam” турнирінде Моңғолия құрамасының спортшысы Сайд Моллай финалда өзбекстандық дзюдошы Шарофиддин Болтабоевқа есе жіберіп алды. Есесіне турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сайд Моллай моңғолия құрамасынан жалғыз өзі Тель-Авивке барған болатын.

Ол бұған дейін Иран құрамасында -81 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының алтын және қола жүлдегері атанған.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Моңғолия құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді.

Continue Reading

Спорт

Моңғолиялық төреші токио олимпиадасында қазылық жасайды

Published

on

14 ақпан, KAZNEWS. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын төрешілердің тізімін жариялады. Бұл туралы Моңғолияның Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Ресми түрде жарияланған 16 төрешінің қатарында Моңғолиялық дзюдо федерациясының өкілі Энхцэцэг Төрбат да бар.

Энхцэцэг Төрбат дзюдодан халықаралық дәрежедегі төреші. Ол 2017 жылдан бері IJF -тің 34 турниріне төрешілік жасаған. Будапешт -2017, Баку -2018, Токио -2019 жылғы әлем чемпионатына төреші болған.

Энхцэцэг Төрбат тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің арқасында әлемдік федерацияның сеніміне кірген. Сондай-ақ, Моңғолияның спорт тарихында олимпиада ойындарына төрешілік жасайтын алғашқы әйел төреші атанып отыр.

Токио Олимпиадасында қазылық жасайтын 16 төреші

1. Mrs. Enkhtsetseg TURBAT (MGL)
2. Mr. Vladimer NUTSUBIDZE (GEO)
3. Mr. Raul CAMACHO (ESP)
4. Mr. Velimatti KARINKANTA (FIN)
5. Mrs. Roberta CHYURLIA (ITA)
6. Mr. Mathieu BATAILLE (FRA)
7. Mrs. Akiko AMANO (JPN)
8. Mr. Evgeny RAKHLIN (RUS)
9. Mr. Lubomir PETR (AUS)
10. Mr. Everado GARCIA (MEX)
11. Mrs. Sook Hee HYUN (KOR)
12. Mr. Orlando CRUZ (DOM)
13. Mr. Mariano DOS SANTOS (BRA)
14. Mr. Ramziddin SAYIDOV (UZB)
15. Mr. Jean-Claude DJIMBI (GAB)
16. Mrs. Annamaria FRIDRICH (HUN)

Continue Reading

Спорт

Теннис: Батыс зоналық чемпионат басталды

Published

on

KAZNEWS – Бүгін Баян-Өлгий аймағында теннистен ересектер мен жасөспірімдер арасындағы батыс зоналық чемпионат басталды.
Моңғолияның батыс өңірінде орналасқан бес аймақтан 200 ге жуық спортшы бәсекелеседі.
Топтық және жекелей сынға түсіп бірінші, екінші орын иеленген спортшылар Улаанбаатар қаласында жүрілетін ел біріншілігіне қатысуға жолдама алады.

Жарыс 7 қарашада аяқталады.

Continue Reading

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың үштігіне кірді

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтінгіндегі ең мықты боксшылар үштігіне кірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

“Өте қуанышты жаңалық. Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы рейтингі бойынша бір саты жоғарылады. Қазір QAZAQ STYLE әлем бойынша 3 орында!”, – деп жазыпты боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Тізімде бірінші мексикалық Хайме Мунгия, екінші британиялық Лиам Уильямс тұр.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек3 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде5 days ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде1 week ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек2 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек3 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Дерек1 month ago

Моңғолиядағы ең жас министр Чинбатын Номин туралы не білеміз?

29 қаңтар, KAZNEWS. Бүгін Үкімет басшысының өкімі бойынша Чинбатын Номин Моңғолияның Мәдениет министрі қызметіне тағайындалды. 38 жастағы Чинбатын Номин қазіргі...

Басты назарда