Connect with us

Әлемде

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

Published

on

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды.

Бұл туралы President.mn хабарлады.

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга бүгін Моңғолия делегациясын бастап Қырғызстанға барды. Х.Баттулга Қырғызстан астанасы Бишкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының он тоғызыншы саммитіне қатысады.

Сондай-ақ, Моңғолия Президенті мен шетелдік лауазымды тұлғалар арасындағы екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Моңғолия делегациясының құрамында Парламент мүшесі Мұрат Дәкейұлы бар.

Әлемде

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

Published

on

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген президент Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтқалы бері, көп уақыт өтпей, президент сайлауы өтетін күн де белгіленді. Ел тізгінін қолына алған, бұрынғы сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев билікте көп отырмай, президентті халық болып таңдайтын күнді бекітіп берді. Осылайша бұл оқиғалар легі сырт көзге күтпеген болып көрінгенмен, Елбасының шешімі қазіргі сын-тегеуріндерге әбден сай деуге болады.
Сонымен, 9 маусым. Кезектен тыс президент сайлауы жарияланған дәл осы күні әлем назары Қазақстанға ауғаны сөзсіз. Өйткені, Қазақстан тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Жоғарғы билік заңды, бастысы бейбіт жолмен ауысты. Барша әлем қауымдастығы түсіністікпен қарап, оны құрметпен қабылдады. Сайлау туралы шешімді үндеуінде жариялаған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі: «Мен мемлекет басшысы ретінде сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін», – деп қадап айтты. Яғни, бұл сөздер қазақстандық барша сайлаушылардың, өздері дауыс берген үміткері сайланады деген сенімдерін нығайта түсті.
Қазақстан жаһандық қоғамдастықты аузына қаратып, батыстағы алпауыттармен иық тірескен посткеңестік елдердің ішіндегі бірегейі. Тәуелсіздігінің аз ғана уақытында шекарасын бейбіт жолмен шегендеп, халқының әл-ауқатын арттырып, тұрғындар саны 18 млн.-ға жеткізген, ядролық қарудан бейбіт түрде бас тартқан мемлекет.
Әлем елдеріндегі тұрақсыздыққа қарасақ, ахуалдың бұлыңғыр екені байқалады. Бұл жағдай елдің қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін екенін Қ.Тоқаев та атап өтті. Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін, көш бастайтын басшы, ақ пен қараны ажыратып, дау-дамайды шешетін әділ төре, елді дамуға жеткізетін білікті саясаткер керегі анық. Қаймана қазақтың қазіргі арман-мұраты біреу ғана. Ол жеті жарғы сияқты заң жүйесін құрған әз-Тәуке, үш жүздің басын қосқан Абылай хандай елбасшының болуы.
Кезектен тыс сайлау өткізу – Қазақстанның дамуына, өсуіне және қазіргі уақыттағы саяси жағдайға бейімделуіне арналған бұл шешім – мемлекет үшін қажетті және уақытылы. Қалай болғанда да, бұл оқиғалар ХХІ ғасырда қадам басып келе жатқан Қазақстанның жаңа тарихында айшықты орын алады. Ең бастысы – бұл үдеріс бейбіт түрде жүргізілді. Себебі, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың, белді халықаралық ұйымдарының мүшесі.

Хайрат Ахмет

Continue Reading

Әлемде

Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президентін еліне ресми сапармен келуге шақырды

Published

on

By

KAZNEWS – Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганы еліне ресми сапармен келуге шақырды. Бұл жөнінде ҚР-ның президентінің Моңғолия президентіне жолдаған құттықтау хатында айтқан.
Құттықтау хатта Н.Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен тығыз ынтымақтастықты халықтар игілігі үшін әрі қарай тереңдету жолында бірге күш – жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.
Қазақстан президенті Х.Баттулгаға жауапты қызметінде мол табыс, Моңғолия халқына бейбіт өмір және гүлдену тілей отырып, әріптесін Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шықырған.

Continue Reading

Әлемде

Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады

Published

on

By

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайында Италияның Милан қаласындағы Боккони университетінің оқытушысы Айгерім Болатқызы тарихи отанының дамуына қосқан перзенттік үлесін атады.

«Сіздің үшінші құрылтайда айтқан «шетелдегі әрбір қазақ отаныма не беремін», деп ойланатын кез келді деген сөзіңізден кейін білімімді Атажұртым Қазақстанға жұмсауға шештім. Содан бері бар күш-жігерімді қазақ елінің дамуына жұмсауға тырысып келемін.
Сингапурдың бірінші премьер-министрі болған Ли Куан Ю сіздің сыйлас досыңыз болғанын білемін. Мен 7 жыл Сингапур мемлекеттік университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде қызмет істедім. Сол уақытта Қазақстан мен Сингапур арасында білім саласы бойынша бірнеше келісім жасасуға тікелей қатыстым. Соның нәтижесінде Қазақстанның 150-дей мемлекеттік қызметкерлері, мининстрлері мен басқа да лауазымды қызметкерлерінің білімдерін жетілдіруін Астанада және Сингапурда ұйымдастырдым.
2012 жылы Назарбаев университетін Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебіне 5 жылдық келісімшарт жасалуына мұрындық болдым. Келісімшарт осы жылдың мамырда тағы 5 жылға ұзартылды», – деді Айгерім Болатқызы.

Оның айтуынша, Боккани университеті мен Қазақстанның Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы стратегиялық серіктестің жолға қойылуына себепкер болған. «Бұл еңбектерімді тарихи отанымның дамуына қосқан кішкентай ғана перзенттік үлесім ретінде қабыл алыңыз. Мен сіздің үштілді оқыту бастамаңызды толықтай қолдаймын. Бұл қазақ жастарын 21 ғасырдың күнсайын өзгеріп жататын талаптарына дайырлаудың қамы», – деді Айгерім Болатқызы.
Айгерім Болатқызы сөз ортасында өзінің Моңғолияда туып өскенін атап өтті.

Continue Reading

Title

Әлемде2 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Әлемде3 months ago

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген...

Кітаптан үзінді...5 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...5 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер8 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер8 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті