Connect with us

Спорт

Уганданың 20 жастағы ауыратлеті Юлиус Ссекитолеко хат қалдырып, жоғалып кеткен

Published

on

Уганда делегациясы 19 шілдеде Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысуға келген. Команда құрамында тоғыз адам болған, алайда екі қатысушының ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Юлиус Ссекитолеко жаттықтырушысымен 20 шілдеде еліне оралуы керек болған.

16 шілдеде спортшы коронавирусқа жоспарлы сынама алу кезінде ұлттық құраманың лагерінде жоқ болып шыққан. Оның бөлмесінде хат тұрған. Хатта Ссекитолеко Жапонияда жұмыс істегісі келетінін, Угандаға оралғысы келмейтінін жазған. Спортшы делегация мүшелерінен заттарын беріп жіберуді сұраған.

Уганда делегациясының басшылығы спортшыны іздеу жұмыстары бойынша жергілікті билікпен жұмыс істеп жатыр.

Споршы бір рет угандалық шенеуніктің қоңырауына жауап бергені белгілі болған.

Спорт

Н.Мустафа кәсіби лиганың алғашқы бәсекесінде екінші орын иеленді

Published

on

24 қазан, KAZNEWS. Моңғолияның Ұлттық күрес федерациясы, «Шекарасыз спорт» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып, жүлде қоры 10 миллион төгрөг болатын «Моңғол ұлттық күресінің кәсіби лигасы» -ның алғашқы бәсекесін ұйымдастырды.

Алғашқы кәсіби лига бәсекесіне 32 палуан күш сынасып моңғолдың ұлттық күресінен Мемлекеттік харцага дәрежелі палуан Төрөөгийн Баасанхүү жеңімпаз атанып, Баян-Өлгий аймағының палуаны Мемлекеттік лашын (начин) дәрежелі палуан Мустафа Нұрланұлы екінші орын иеленді.

Мустафа Нұрланұлы бірінші айналымда аймақтық арыстан Д.Аззаяа, екінші айналымда Мемлекеттік харцага Д.Анар, ширек финалда Мемлекеттік лашын Ч.Батчулуун, жартылай финалда Мемлекеттік лашын Б.Бат-Эрдэнэ қатарлы палуандарды тізе бүктіріп, финалдық кездесуде Мемлекеттік харцага дәрежелі палуан Т.Баасанхүүден айласын асыра алмады.

Естеріңізге салсақ, Моңғол ұлттық күресінің кәсіби лигасында жеңімпаз атанған палуан 3 миллион төгрөг, екінші орын иеленген палуан 1,5 миллион төгрөг, үшінші орын иеленген палуан 500 мың төгрөгтің сыйақысын алады.

Continue Reading

Спорт

Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанды 

Published

on

17 қазан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күрес сайысында аймақтық арыстан дәрежелі палуан Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанды.

Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алды.

Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық “Хурц арслан” атағын алды.

Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерей тойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі.

Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, – деп хабарлайды Kaznews.mn тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

“Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды – Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын”, – деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Continue Reading

Спорт

Э.Содномпилжээ пауэрлифтингтен паралимпиада чемпионы атанды

Published

on

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия командасы алғашқы алтынын иеленді деп хабарлайды KazNews.mn.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 107 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Энхбаярын Содномпилжээ Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 245 келіні көтеріп, папалимпиада ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті малайзиялық Жон Ие Хи (237 келі), қоланы ирандық Рази Саман (231 келі) иеленді.

Естеріңізге салсақ, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия намысын 11 спортшы қорғауда.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 days ago

Оқушылар халықаралық жас фотографтар фестивалінде жеңімпаз атанды

24 қазан, KAZNEWS. Халықаралық жас фотографтар фестивалі Жапонияның Хоккайдо штатындағы Хигишикава қаласында өтті. Бұл фестивалға Моңғолиядан Баян-Өлгий аймағының Өлгий қалалық...

Дерек3 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Басты назарда