Connect with us

Мәдениет

Таңдаулы туынды: ThunderZ, Amra, Vandebo

Published

on

ThunderZ @thunderzrapper

Рэпер ThunderZ – өзінің позитивті және мағынасы кең әндерімен танымал болды. Оның әнші А.Хишигдалаймен бірге орындаған «Ганцхан шалтгаан» яғни «Жалғыз себеп» әні көпшіліктің қошаметіне ие болды. ThunderZ өнерді басқалардың жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімді оятатын, рухын көтеретін құрал деп біледі.

Amra @amrashk

Ерекше дауыс, стилімен танылған Amra Моңғолиялық аудиторияны тез баурап алды. Amra-ның өзге әншілерден ерекшелігі әнінің сөздерін көбінесе ағылшын тілінде өзі жазып, өзі орындайды. Өткен жылы 17 әні бар альбомын жызып шығарды. Оны біз “Take Me There” әнімен жақсы білеміз. Бүгінге дейін youtube желісінде 4,6 миллион қаралым жинаған.

Vandebo @officialvandebo

“Vandebo” – бейнебаянсыз музыкалық тректері арқылы танымал болды. Дархан қаласында алғашқы концертін ұйымдастырған. Ел астанасындағы фендері үшін бір аптада екі концерт берген. “18 Savage” әні “Vandebo” тобының танымалдылығын арттырды. “Be Chamd Hairtai” әнін оның фендері аз уақытта youtube желісінен 4 миллион рет көрген.

Мәдениет

Саймон Коуэлл: Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған шоу өте ұнады

Published

on

Осыдан жеті жыл бұрын «Mongolian’s Got Talent» шоуының жеңімпазы атанған әнші О.Энх-Эрдэнэ бұл жолы «Талантты америкалықтар» шоуының арнайы шығарылымында бақ сынауда.

Ол қатысқан бағдарлама кеше жергілікті уақыт бойынша көрсетілді.

О.Энх-Эрдэнэ атақты кантри-әнші Гарт Брукстың «Достары төмен жерлерде» хит әнін сахнада жаңғыртып, қазылардың жоғары бағасына ие болды. Әйгілі төреші Саймон Коуэлл оны өз командасына алғысы келді, бірақ Хайди Клум алдымен түймені басып, О.Энх-Эрдэнэ-нің тәлімгері болып таңдалды.

Хайди Клум оны таңдау себебін ерекше атап өтті: “Мен сені таңдадым, өйткені сенің дауысың керемет. Оған қоса, сен жеңімпазсың, мен жеңгенді қалаймын”-деді.

Бірақ судья Саймон Коуэлл өнер көрсеткеннен кейін оны мақтады: “Мен мүлде таң қалмаймын. Бұл жігіт осылай ән айтуы керек. Маған сіздің орындауыңыз қатты ұнады. Керемет”.

Нәтижесінде О.Энх-Эрдэнэ жартылай финалға жолдама алу және финалда қалу үшін тағы бір өнер көрсетеді. Жартылай финалда барлығы 10 өнерпаз бақ сынасады.

Бағдарлама жеңімпазы 250 000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйлыққа ие болады.

Continue Reading

Мәдениет

🇲🇳🇰🇷«Корей толқыны» Моңғолияға ағылуда

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Корей поп-музыкасы, телесериалдары мен фильмдері бейнеленген «корей толқыны» мәдениеті соңғы 20 жылда Моңғолияда құйын тудырып, сансыз жас жанкүйерлердің адал қолдауына ие болды.

Моңғол телеарналарында өздері шығаратын бағдарламалар аз, ал қалған уақыттың басым бөлігінде корей телехикаялары мен фильмдерін сатып алып моңғол тілінде көрсетуі кореялық жұлдыздардың Моңғолиядағы танымалдылығын арттырған.

Бүгінгі таңда жанкүйерлердің адал қолдауына ие болған кореялық жұлдыздар Моңғолияға жиі саяхаттап келуде.

Бұл Моңғолия үшін тегін жарнама болмақ.

Өйткені кореялық жұлдыздардың әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушылары бар.

Continue Reading

Мәдениет

Гаухартас Космоновқызы мен “Күлтегін” этно-ансамблі Азия дауысына қатысады

Published

on

21 шілде, KAZNEWS. Аты аңызға айналған “Азия Дауысы” халықаралық фестивалі 18 жылдан кейін қайта оралмақ. Бұл туралы Отандастар қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Отандастар қорының қолдауымен бұл фестивальге шеттегі қандастарымыз да қатысады.

Қоғамның 28 сәуір – 28 мамыр аралығында өткізген іріктеу нәтижесінде Қытай, Украина, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінен қатысқан таланттардың ішінен оза шапқан 3 өнерпаз “Азия Дауысы” фестиваліне қатысуға ЖОЛДАМА жеңіп алды.

Муса Молдабай – Өзбекстан;
“Күлтегін” этно – фольклорлық ансамблі – Моңғолия;
Гаухартас Космоновқызы – Моңғолия;

Фестиваль 28 шілде, Алматының биік таулы “Медеу” мұз айдынында сағат 18:00де өтеді.

Отандастарымызға қолдау көрсетейік!
#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar #азиядауысы2023

Continue Reading

Мәдениет

Тәттімбет оркестрі Хобда мен Өлгий қаласында

Published

on

KAZNEWS. “Тәттімбет оркестрінің концерті Моңғолияның Хобда аймағында 6 шілде күні сағат 15.00 де, 7 шілде күні сағат 19.00 да Баян Өлгей аймағының Құрманхан атындағы Музыкалы Драма театрында, Ресей Федерациясының Қосағаш, Барнауыл аймақтарына гастрольдік сапары 3-11 шілде аралығында жалғасады. Бұл туралы ҚР-ның Мәдениет қайраткері Меруеш Башайқызы хабарлады.

Келіңіздер, көріңіздер!  Тамаша ән күйден рухани қуат алыңыздар.

Концерт ҚР еңбек сіңірген қайраткері дирижер Әбуғалисын Шоканбаев және ҚР 100 жаңа есімнің жеңімпазы, Халықаралық конкурстың лауреаты, оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерейдің дирижерлығымен өтеді.

Аталмыш концертте халықаралық және Республикалық конкурстың лауреаттары Рысты Рахымжан, Данияр Түсіпжанов және ҚР мәдениет қайраткері Меруеш Башай өнер көрсетеді.

Алыстағы бауырларға Атажұрттың көңілі ән күймен төгілер “Ұлы Дала сазы” концертінде аман есен жолыққанша.

Көріскенше күн жақсы болсын.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек5 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек7 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек8 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек12 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда