Connect with us

Әлемде

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

Published

on

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді.

Құтты атажұрт – Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алып, шегарасын шегендегеннен кейін 1992 жылы 28 қыркүйектен 4 қазанға жалғасқан дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Құшағымыз бауырларға ашық” атты жолдауы шеттегі қазақтар лек-легімен үдере көшкен “Ұлы көштің” тиегін ағытқаны мәлім. Әйткенмен түгесіліп бірыңғай көшіп те кеткен жоқ кейбіреулерінің жағдайы келмеді,кейі атақонысқа айналған шекараның қиғаш-жөнсіз сызығы жат елдің еншісіне қалдырған қазақ жерін қимай-қимай қала берді.

Қазақ атамекенге “жұртым” -деген жүрегімен барды, мөлдір таза тілімен барды, сүркейлі заманнан жанпидалықпен қорғаштап сарымайдай сарқатаған салт-дәстүрімен, “Елім-айлап” бота жүрегі боздап барды қуаныштан Халиф Алтайдай аталар Аллаға шүкіршілік айтып, береке тілеп сәждеге алтын бастарын қойды. Қазақты мың толғаулы да толқынды сәттердегі нарықтық құлдырау,тапшылық-таршылықтың құйына батырмай алып шыққан сараптал саясаткер Назарбаевтың қандастарымызды отанына оралту Қазақстанды қазақтың отанына айналдыру мақсаты”ұлы кешпен”тоқырап қалмады, білім ізденген жастардың ынтасын тарта тарта түсті. Соның нәтижесінде біз секілді атамекеннен білім алуды армандаған жастарға бірталай ұтымды да жайлы жағдайлар жасалды. Павлодар, Семей, Өскемен, Алматы т.б қалалардан арнайы дайындық бөлімі ашылып онда дайындық бөлімін (подкурс) оқыған білімгерлерді “Кешенді тестілеуге” (КТА) тоғыз ай көлемінде дайындау міндеттеліп, жеке квота әзірленді. Міне,осылай қаншама талапкерлердің бақ жұлдызы жанып,айы оңынан туып атамекенмен қауышып жатыр.

Білім ордаларының “Қара шаңырағы” атанған Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетіне де түсіп,сапалы білім алуға түрлі жағдайлар жасалып отыр. Аталмыш білім ордасының тарихына қысқаша шолу жасап өтсек: 1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссарлар кеңесі 1927 жылы 3 сәуірдегі қаулы бойынша жас астанаға айналған Алматыда Қазаұ мемлекеттік университет құру жайында қаулы жариялады. 1934 жылы 15 қаңтарда алғаш С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет болып құрылды. Бастабында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытып білім теңізінде жүзе бастады. 1937 жылы тұңғыш гуманитарлық шет тілдер факультеті,1938 жылы үш кафедралы филология факультеті тұсауын кесті. 1939 жылы тұңғыш түлектерін түлеткен университет бүгінде Қазақстанның ғана емес әлемнің білім орындары санасатын терезесі тең кәсіби білікті ғылымдар мен педагогтарды дайындайтын даңқты білім ошағы. Киелі шаңырақта қазақтың көрнекті жазушысы,классик Мұхтар Әуезов. Кейін Мұхаңның дәрісін тыңдап өмірге деген,білімге деген сара жолдарын “ұстазы жақсының ұстамы жақсы” екенін дәлелдей отырып тапқан Зейнолла Қабдолов, Қирабаев, Ахметоы сынды білікті кемеңгер ғалымдар түлеп шықты. Қазақ зиялыларының маңдай алды маңмаңгерлері де осы университеттің қабырғасында білім алған,олар- Атақты түлектер Толық мақаласы: Қазақ ұлттық университетінің әйгілі түлектері Бейсенбай Кенжебаев Әбіш Кекілбаев Мұхтар Мағауин Дулат Исабеков Қадыр Мырза Әлі Тұманбай Молдағалиев Тұрсын Жұртбай Жүрсін Ерман Нұрлан Оразалин Олжас Сүлейменов Әзілхан Нұршайықов Рахман Алшанов тағы басқа майталмандар, жайсаңдар. “ҚазҰу қалашығының ” ғимарат-құрылысын салудағы Ө. Жолдасбектің үлесі өте зор. Білікті басшының құрметіне” Жастар сарайының” есімін ұсынды. 1991 жылдың 23 қазаныңда ұлы философ ойшыл Әл-Фараби аты берілген болса, 1993жылы 9 қазанда елбасы Назарбаевтың нөмір 1059 қаулысымен “Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті”- деп аталатын болды. Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов басшылық еткен қазіргі таңда 16 факультет 67 кафедрада 180 салада білім беріп 1000-ның үстінде доктор мен кандидат,100 акедемик, елу философия докторларды дәріс береді және әлемдегі Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы Soongsil University, Корея Республикасы Ching Yun University, Тайвань университеттерімен серіктестік орнатып отыр. 2019 әлемнің үздік университеттерінің сапынан 207 орында алса, QS WUR by Subject» пәндік рейтингінің нәтижесінде Қазақ ұлттық университеті ТМД елдерінің жоғары оқу орындарынан үздік бірінші орын иеленіп әлемдегі ең үздік 51-100 топқа енген.

Бұл университеттің ғана емес Қазақстанның мақтанышы Қазақтың аталы сөзін ұстаған,ғылымын дамытытып ғалымдарды баулыған аталы шаңырақта 1985 жылдан бастап жоғарғы оқу орынына дайындау кафедрасы бой көтерген. 2001 жылдан бастап осы кезге дейін атамекенге алып ұшқан жүрегі сезімге толы, шетел елдегі білімге жаны құштар қазақ диаспорасы тыңдаушыларын қанаттандырып келеді. Өркен жая бер аталылар шаңырағым!

Мақала авторы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Танжира Мырзатхан

Ғылыми жоба жетекшісі:

Ф,Қозыбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология-этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

Әлемде

COVID-19 дәрігер көзімен

Published

on

3 желтоқсан, KAZNEWS. Қазақпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің шетел қазақтарының БАҚ-тарына жасаған шолуында COVID-19 дәрігер көзімен деген мақала жарияланғанын бөлісіп отырмыз.

Түркияда шығатын «Қазақ елі» журналында дәрігер-анестезиолог Абдулжелил Гезмиштің әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирус індеті және одан сақтану, емдеу жолдары туралы ғылыми-танымдық мақаласы жарық көрген. «COVID-19 – жануарларға да, адамдарға да әсер ететін (зооникалық) коронавирустың (RNA) бір түрі. Бұл вирустың мутацияға ұшырау ерекшелігі бар. Коронавирустың жиі кездесетін белгілері: дене қызуы – 83-99 %, тәбеттің жоғалуы – 40-84 %, шаршау – 44-70 %, иіс сезу қабілетінің нашарлауы – 15-30%, тыныс алудың қиындауы – 31-40%, жөтелу – 59- 82%, қақырық араласқан жөтел – 28-33%, бұлшық еттің ауыруы – 11- 35 %. Коронавирустың ауыр түрінің белгілері: ояна алмау (қозғала алмау немесе тұра алмау), шатасу, бет пен еріннің көгеруі, қан аралас қақырықтың бөлінуі, көкірек тұсының ауыруы, лейкоциттердің деңгейінің төмендеуі, бүйрек жұмысының бұзылуы, дене ыстығының көтерілу белгілері болады. Жалпы, бұл жоғары температура мен жөтел, ауыр түрімен ауырған жағдайларда тыныс алу қиындығын тудыратын ауру», – деп жазады Абдулжелил Гезмиш.

Мақала авторының жазуынша, Covid-19 дәрежесі мен деңгейі әртүрлі. Аурудың белгілері аз немесе мүлдем болмауы мүмкін. Ауыр жағдайларда ауруханада немесе қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізілуі тиіс. Әртүрлі жастағы балалар COVID-19 инфекциясын жұқтыруы мүмкін. Дегенмен ересектермен салыстырғанда симптомдары жеңіл өтеді. «Елу жасқа дейінгі науқастардың өлім деңгейі – 0,5%, жетпіс және жетпіс жастан жоғары жастағы науқастардың өлім деңгейі 8%-ден артық. Бұл вирус жүкті әйелдер үшін қауіпті, десе де инфекция жұқтырған аналар балаларын емізе берсе болады. Өйткені вирустың ана сүтімен жұғатындығы анықталмаған. Расталған жағдайлардың ішінде жоғары қан қысымы, қант диабеті, жүрек ауруы және тыныс алу жүйесінің бұзылуымен ауыратын науқастарда өлім деңгейі бес есе жоғары.

Қытайда жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша инфекцияға байланысты әйелдердің өлімі – 1,7%, ерлердің өлімі – 2,8%. Қайтыс болған науқастарға жүргізілген аутопсияда өкпе мен жүрекке зақым келгендігі анықталған. Вирус жұқтырған адамдар жөтелген, түшкірген және сөйлескен кезде ауыздан шыққан тамшыда вирус болады. Көзге көрінбейтін бұл тамшылар жиі қолданылатын ортада вирустың қалдықтары қалып қоюы мүмкін. Вирустың өміршеңдігі әртүрлі, кей жерлерде 80 сағатқа дейін тұра береді. Емдеуге байланысты зерттеулер жалғасып жатыр.

Вакцина табылғанға дейін вирусқа қарсы және басқа да дәрілермен (Ремдесивир, хлорохин, фавипиравир, тейкопланин, азитромицин), эксперименттік емдеу цитокин дауылының цитокин дауылын бейтараптандыру, пассивті иммундау, тыныс алуды қолдау арқылы емдеу жолдары қолданылады. Ауру белгілері байқалмайтын және жалпы жағдайы жақсы науқастарды карантин шарттарына сәйкес үйде қадағалаймыз (екі аптадан кейін тексеруден өткізіледі). Жалпы жағдайы орташа және нашар әсіресе тыныс алу жүйесі бұзылған науқастарды аурухана бөлмесінде және қарқынды терапия жағдайында қажетті ем жүргізудеміз. Қазір індеттің басындағы түсініксіз жағдай мен қорқыныш жоқ, ақырындап үйреніп келеміз. Біздің басты мақсатымыз – денсаулық сақтау жүйесіне сәйкес тиімді жұмыс істеу және екінші толқын болған жағдайда ең нашар сценарийге дайын болу.

Реті келгенде COVID-19 пандемиясына байланысты өмірмен қош айтысқан барлық денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін құрметпен еске аламын», – деп жазады автор мақаласында.

Continue Reading

Әлемде

Тәржіман жас аудармашылар клубы кімдермен кездесті?

Published

on

Қасиетті қара шаңырақ деп аталатын әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қашықтықтан оқыту үрдісіне көшсе де, жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі іс-шарасын тоқтата койған жоқ. Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасы әдеби аудармашыларды дайындайтын еліміздегі кафедралардың бірі. Кафедра жанында «TARZHIMAN club» жас аудармашылар ұйымы 2018 жылдан бері танымдық іс шаралар ұйымдастырып, жас талант иелеріне бағыт бағдар берумен белсенді айналысып келе жатқан болашаққа ықпалы зор ұйымның бірі.

Ғылыми жетекшісі, ұйымдастырушы – ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдаст. профессор Мұсалы Ләйла Жұматайқызы. Ол кісінің жетекшілігінде талай-талай шығармашылық сайыстар мен кездесулер жүргізіліп, қазақ- ағылшын, орыс тілдеріндегі көркем аударма үлгілеріне байланысты ойтылған талдаудар мен талқылаулар талай жас буынның ой өрісінің өсуіне шығармашылық шабыт берген еді.
Бүгін де Тәржіман ұйымы 100 кітап жобасы аясында Д. Роулингтің Harry Potter «Хәрри Поттер» әлемдік туындысын қазақ тілінде сөйлеткен, аудармашылар мен аудармасы бойынша оқырмандар арасында Zoom- платформасында конференция ұйымдастырыпта үлгерді.


Кездесу қонақтары аудармашы Динара Мазен, Саят Медияр, белгілі редактор Назгул Қожабек, және ”Steppe & WORLD” негізін қалаушы баспагер Райса Кадер қатысуымен кездесу жоғаргы денгейде өтті. Жалпы атап өтсек бұл аударманың қазақ тілінде сөйлеуіне арқау болған, өзін қазақ болып тұғанына қуанатын қандасымыз Райса Кадердің бастамасы екенін аудармашылар мен редакторлар мақтанышпен айтуда. Кездесу барысы қазақ университетінің аударма ісі мамандығының 1-4 курс белсенді студенттері, сонымен қатар доктарант Төреханова Р. сынды болашақ маман иелерінің қатысуымен жалғасты. Туындыны аударудағы басты қиыншылықтар мен аударма ерекшелікетеріне қатысты сұхбаттар жүргізіліп қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің бір біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктеріне біршама тоқталып, ағылшын менталитетін қазақ мәдениетіне барынша жақын етіп жеткізілген жетістіктері атап көрсетілді. Осы тұста белгілі аударматанушы Ә.Сатыбалдиевтің «Аудармашы – түсінік беруші емес. Ол автордың сөздерін өз тілінде түсінікті етіп, бірақ түпнұсқаның стилін бұзбай жеткізуге тиіс»-деген ойымен қорытындыласақ тынбай еңбектеген аудармашылар еңбегінің үлесі зор екенін көреміз. Сонымен қатар аударма да түпнұсқа денгейіне сай Steppe & WORLD баспасынан шығарылуы да қажырлы еңбектің жемісі екені айтпаса да белгілі болар. Осындай танымдық өрісі зор шығармашылық кездесулер жиі ұйымдастырып, жақсы мен жақсының басын қосып отыратын жетекшіміз Ләйла Жұматайқызына алғыс білдіре келе, әрбір шығарма иелеріне жарқын болашақ тілеумен бүгінгі сөз кезегін тәмәмдаймыз.

Автор: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Төнкер А

Continue Reading

Әлемде

Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық конференция өтеді

Published

on

1 желтоқсан, KAZNEWS. Белгілі тарихшы ғалым Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференция 2020 жылдың желтоқсан айының 23 жұлдызында Алматыда өтеді.

Конференцияға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Ғылым ордасында өзі ұзақ жылдары бойы қызмет атқарған бөлмесіне Зардыхан Қинаятұлы атындағы кабинет ашу, конференция жинағын кітап етіп баспадан шығару іс-шаралары жоспарлануда.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Рухани жаңғыру» институты, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

Байланыс үшін: Құдайбергенұлы Болат, тел.+7 707 498 1575,
Уатқан Ботагөз, тел. +7 701 663 6843

Суретте: ТЭИ директоры З.Қабылдиновтың кабинетінде: Әлімғазы Дәулетханұлы, Болат Құдайбергенұлы, Досан Баймолда, Ботагөз Уатқан, Жармұхамед Зардыхан және Өмірбек Қанай.

Continue Reading

Әлемде

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және Зардыхан Қинаятұлы

Published

on

28  қараша, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болған Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына арналған халықаралық онлайн «дөңгелек үстел» Алматы қаласында өтті.
Еуразия ғылыми зерттеу институтының конференция залы экран, микрофон, диктофон, компьютер мен толық жабдықталған. Екі сағатқа жоспарланған шара тағы бір сағатқа ұзартылып, модераторлық істі ғылым докторы Д.Баймолда абыроймен атқарып шықты.
Онлайн «дөңгелекүстел»-ге Қазақстан, Моңғолия, Түркия, Германия, Венгрия, Ресей, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ, Алматы, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Қостанай қалаларынан тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғалымның туыс туғандары мен қатар Моңғолияның Алматы қаласындағы бас консулы Ч.Баярмагнай қатысты.
Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Қабылдинов З, «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі Қобландин Қ., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы филиалының жетекшісі Мақұлбекова А. құттықтады.

Сұлтан Тәукей, тарих ғылымдарының докторы, жазушы: Монғолияның «Демократиялық жаңа негізгі заңының» жобасын даярлауға Қ.Зардыхан белсене қатынасты. Қ.Зардыханның жаңаша бастамалары мен көтерген тың идеялары Монғолияның көп партиялы құрылымы мен демократиялық өзгерістеріне, қызу қанды жастардың саяси бағыт, бағдарына елеулі ықпал жасады. Демократиялық қозғалыстың саяси көшбасшыларының бірболды.

Ханкелді Әбжанов, академик, т.ғ.д.: Тарих ғылымындағы Зардыхан құбылысының басты ерекшелігі – ұзақ жылдар бойы социалистік идея мен идеология мәселелерін зерделеген маманның қысқа мерзім ішінде орта ғасырлар тарихынан ең таңдаулы ғалымдар қатарына қосылғаны.
МәжитовСаттар, академик, т.ғ.д: «Ақорданың ізбасары Қазақ мемлекеті ғана. Сондықтан да тарихтың жолын қуар болсақ, Қазақ мемлекеті Жошы Ұлысының басты мұрагері болып табылады», – деген Зардыхан Қинаятұлының жасаған қорытындысы дәл бүгінгі күннің ең маңызды тақырыбына айналғаны шындық екенін ұмытпауымыз керек.

Бәкей Ағыпарұлы, академик, э.ғ.д., проф: Моңғол және қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, әрі белгілі ғалым, тарихшы, ұлы тұлға – Зардыхан ағай туралы қысқаша ой-естелігімді ортаға салу – мен үшін үлкен парызым деп санаймын. Зардыхан Қинаятұлы Моңғолия қоғамының демократялық қозғалысының әрі кеңесшісі, әрі жетекшілерінің бірі және де осы елдің тұрақты Парламентінің іргетасын қалаушылардың бірі болды.


Нәбижан Мұқамедханұлы, тарих ғылымдарының докторы, проф.: Қазақстанда ел тәуелсіздігі қайт ақалпына келген соң ғана мемлекеттілік мәселесі көтерілді. Отандық тарих ғылымында Қазақ мемлекеттілігінің тарихын зерттеудің кешенді жобасын алғаш ұсынған ғалым Зардыхан Қинаятұлы еді десем қателесе қоймаспын.
Хабсатар Омар, социология ғылымдарының докторы: Зақаң озық ойлы үлкен реформатор еді: Ол “15 ғалымның ұсыныс пікірі” деген атпен ел тарихында қалған ұлы өзгерістің идеясын көтеріп ары қарай демократиялық бет бұрыстың платформасы болған еді. Және де осы істің яғни сол он бес ғалымның іс әрекетін бастаған Қ.Зардыхан ағамыз болды.

Сайран Қадыр, Бұрыңғы Төтенше және Өкілетті елші: ауқымды еңбектерінің арасынан «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты туындысы тек кәсіби мамандардың ғана емес, өскелең заманның рухани сұранысына толығымен лайықты құнды тарихи мұраға айналды десек артық айтқанымыз емес. Ол Жошы Ұлысынан бастау алған Қазақ мемлекеті АқОрдадан басталатынын шегелеп дәлелдеп кетті.

Қалыбек Қобландин, «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі, т.ғ.д.: Зақаңның өмір жолына көз жүгіртсек, ол кісінің екі шың құз биігіне көтерілгенін көруге болады. Оның бірінші биіктігі, Кіші құрылтай төрағасының орынбасары мен Үкімет басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған моңғолиялық саясаткер, қоғам қайраткері ретінде. Бұл кезде Зақаң жаңа кезеңдегі моңғол қоғамы дамуының бағдар-болашағын анықтауда, саяси-әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға, жаңа Ата Заңның қабылдауына жанкешті атсалысқан азамат, тұлға болды. Екінші биіктігі – ғылым саласында моңғолтанушы тарихшы, философ ретіндегі ұлағатты ғалымдығы.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы ұлттық рухани жаңғырудың өзекті бір саласы – Ұлы Дала тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – қазақ даласындағы Алтын Орда тарихының 750 жылдық мерекесінің атап өтілуі – осы хандық дәуірдің білгірі, көрнекті ғалым Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығымен сәйкес келуінің өзі тарихи сабақтастық, символикалық мәні бар дүние деп есептеуге болады»,- дейді.

Сондай-ақ, жас ғалымдарымыз Ө.Қанай, Р.Өміртай, белгілі журналистеріміз Е.Бапи, Ә.Меңдеке, ғалым ағамыздың кенже баласы Ж.Зардыхан, туыстары Ө.Ертісханқызы, Қ.Қаснай белсене атсалысты.
Павлодарда тұратын Әбшүкір Ертісбайұлы «Тау қопарылып, тас атылған жұртта туған ұл» мақаласын, ақын-жазушы Зуқай Шәрбақынұлы «Жоқтау» өлеңін, Әлем Монғолдары қауымдастығының төрағасы, Еңбек сіңірген қайраткер, доктор, профессор Д.Цахилгаан «құттықтауын», ал, Моңғолия Президенті іс басқармасының бастығы болған, ғылым докторы Б.Батхишиг «Демократия теоретигі» атты көлемді мақаласын шараға қатысушыларға оқып, таныстырды.

Аталмыш іс шараның қорытындысы ретінде естелік, мақалаларды құрастырып кітап шығаруды біз міндетімізге алдық. Ал, Н.Мұқамедханұлының құрастырған З.Қинаятұлының «Мақалалар жиынтығы» кітабы баспада, кешікпей жарыққа шығады. Кітап қадемеушілік көрсеткен кәсіпкер бауырымыз Жанат Алтынғадысұлына, автордың «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» кітабының үшінші басылымына демеушілік көрсеткен Сайранқызы Райсаға рақмет айта отырып,жұмыстарына табыс тілейміз!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қоры атынан онлайн дөңгелек үстелді өткізуге мүмкіндік туғызған Еуроазия ғылыми зерттеу институтының ұжымына және де атсалысқан басқа да азаматтарға алғысымыз шексіз!
Зардыхана ғамыз 2017 жылғы 23 қарашада ауыр науқастан қайтыс болып, Алматы облысы Райымбек ауылында жерленген. Үстіміздегі желтоқсан айының 31-і күні 80 жасқа толар еді… Ағамыздың жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын! Артына өшпестей мұра қалдырған ғалым ағамыздың аты халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Ботагөз УАТҚАН,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкері

PS: Зардыхан аға туралы естелік, мақала жазып берем деушілер болса ubota56@gmail.com электрон адресіне жолдауларыңызға болады.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде50 mins ago

COVID-19 дәрігер көзімен

3 желтоқсан, KAZNEWS. Қазақпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің шетел қазақтарының БАҚ-тарына жасаған шолуында COVID-19 дәрігер көзімен деген мақала жарияланғанын бөлісіп отырмыз....

Әлемде9 hours ago

Тәржіман жас аудармашылар клубы кімдермен кездесті?

Қасиетті қара шаңырақ деп аталатын әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті қашықтықтан оқыту үрдісіне көшсе де, жылдар бойы жалғасып келе жатқан...

Әлемде2 days ago

Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық конференция өтеді

1 желтоқсан, KAZNEWS. Белгілі тарихшы ғалым Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік...

Әлемде5 days ago

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және Зардыхан Қинаятұлы

28  қараша, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері...

Әлемде3 weeks ago

Тұңғыш рет “Үркер” ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

13 қараша Нұр-Сұлтан қаласында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Отандастар...

Әлемде3 months ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде3 months ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде6 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Статистика

  • 21
  • 17,886
  • 214,037

Басты назарда