Connect with us

100 жаңа есім

Серікболат Манап: Туристерді Баян-Өлгийдің әсем табиғаты мен саятшылық өнері қызықтырады

Published

on

Серікболат Манап, 30 жаста, туризм маманы, www.altai-nomads.com


Туризм жайында: Баян-Өлгийге келетін туристердің басым бөлігі экологиялық туризм мен этнографиялық туризмді тандайды.

Бізде туристерді қызықтыратын екі хайлайт бар. Ол саятшылық өнер мен Алтай Бесбоғда бағыты. Ал, туристер демалу үшін Моңғолияға келмейді. Олар танып үлгермеген ғажап жерлерді көріп, ғажап оқиғаларға куә болу үшін келеді деп ойлаймын.

Біздің компания арқылы келетін туристердің басым көпшілігі жаяу жүретін саяхатшылар. Олар Бесбоғда дан Сырғалыға дейін жаяу жүреді. Маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін атап айтқанда асулар, тасты және тасқын қаупі бар өзендерден өту үшін күніне 20 шақырым жүреді. Шаршаса да таудардың сұлулығын көріп, өзіне күш жинайды.

Олар қалай дайындалады?

Шетелдік туристер үлкен дайындықпен келеді. Олар жаңа жылда саяхаттау туралы жоспарларын құрады. Туристік компаниялар олардың талғамына сай тамағынан бастап, оларға қызмет көрсететін аудармашы, көлік жүргізуші және қосымша керек жарақ, құралдарын дайындайды.

Олар бізге ең бірінші табиғатты аялауды үйретті. Қоқыс тастамауды үйретті. Барған жерлерін тып-тиянақтай қылып тазалап кетеді.

Жоспарлар жайында: Пандемия аяқталған соң Малайзия мен Сингапурге саяхаттауды жоспарлаймын.

Есіңізде қалған саяхат?

Цаатан халқымен танысу үшінгі 21 күндік саяхат есімде қалды. Цаатандардың тұрмыс тіршілігімен танысып, күркелеріне қонып, тайга орманында өткізген саяхаттан алған әсерім әлі сейілген жоқ. Моңғолияда туристік тамаша мүмкіндіктер бар. Цаатан халқымен бірге бір мемлекетте тұрып жатсақта, олар туралы біз білмейтін деректер өте көп.


Indy-Guide фото сайысы туралы?


Орта Азияға туристік бағдарламалар ұсынатын Indy-Guide компаниясы өзінің инстаграм парақшасында ай сайын үздік фотолар жарысын өткізіп келеді. Аталмыш компанияның ұйымдастырған жарысына қатысып, сайысқа ұсынған фото суретім финалға өтті.

Indy Guide-тың алдыңғы айдағы жарысында да финалға дейін жеткем. Бірінші орын иеленген қатысушыдан бірнеше лайк (дауыс) -пен артта қалдым. Екінші орынға тұрақтадым. Жарыс 5 ай бойы жүріледі. Әр ай сайын мыңдаған фотолар ішінен 5 үздік фотоны тандайды. Сол 5 фотоны Indy Guide -тың инстаграмдағы парақшасына жариялаған соң, жарыс басталады. Ең көп дауыс жинаған фото жеңімпазы саяхатқа арналған Altai Gear етігін ұтып алады. Және 4 айда ойнатылатын iPhone 12 телефонын ұтып алу мумкіндігіне ие болады.

5 айда 5 етік ұтқан 5 жеңінпаздар арасында iPhone 12 ойнатылады.

Төменгі инстаграм парақшасына өтіп, финалға шыққан суретіме дауыс берулеріңізді сұраймын.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by INDY GUIDE (@indy.guide)

Advertisement


100 жаңа есім

Сәуле Серікбайқызы – Баян-Өлгийден шыққан граффити-суретші

Published

on

03 наурыз, KAZNEWS. Қабырғадағы ашық та қанық түстермен әрленген көз жауын алар суреттер мен жазуларды жиі кездестіреміз. Ал бұл туралы шын мәнінде не білеміз?

Бізге граффити өнерін түсіну үшін Сәуле Серікбайқызы көмектеседі.

Сәуле Серікбайқызы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы. Дарын орта мектебінің түлегі. Қазақстан Республикасының Қарағанды Мемлекеттік Университетін Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша тәмамдаған. @saule.mng


Граффити — ғимарат қабырғаларына, металл бұйымдарға сызылған және жазылған арнау мәніндегі және магиялық тұрмыстық сипаттағы жазулар деп түсінуге болады.

Бұл менің таңдауым

Бала күнгі арманым суретші болу емес еді. Бірақ сурет салуға деген махаббатым мені суретші болуға жетеледі. Бұл өнер әкемнен дарыған деп ойлаймын. Өйткені әкем қалалық архитектор қызметін көптеген жыл бойы атқарған. Сурет салуды маған ешкім үйретпеді. Бұл менің таңдауым. Өзіме ұнайды.

Ғимарат қабырғаларындағы граффитиден де өзге туындыларым көп.

Бұған дейін көптеген көрмелерге туындыларымды таныстырдым. Соның ішінде Азербайжанның Баку қаласында ұйымдастырылған көрме есімнен кетпейді. Әлемнің түпкір-түпкірінен келген өнерпаздардың туындыларын көріп, өз өнеріммен салыстырып тәжірибе алдым.

Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласы мен Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында мен салған стритарт суреттерім бар.

Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында көлемі үлкен, шеге және жіп арқылы жасалған туындым 1 миллион теңгеге бағаланған. Бұған дейін Қарағанды әкімінен 2011 жылы «Халық шебері» атағымен марапатталғанымды еске аламын.

Баян-Өлгийдегі граффити мен стрит-артқа сұраныс

Баян-Өлгий де граффити ге сұраныс бар. Ал стрит-артқа бір-екі рет сұраныс болды. Бізде өнердің құнын түсінбейтіндіктен тапсырыстардан бас тарттым.

Қазір қабырғаларға сурет салуға тапсырыстармен жұмыс жасап жатырмын. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыстар келіп түсуде.

Сурет салу стилі & музыкалық талғамы

Мен сюреализм бағытында сурет салғанды ұнатпаймын. Басқа бағыттың бәрін ұстанамын. Сурет сызуды бастасам бітіруге асығамын. Бір туындыны сызып бітіру бір апта уақыт жұмсаймын. Көлемі үлкен немесе майлы бояумен болса екі аптада бітіруге тырысамын.  Ал үлкен көлемдегі граффити суреттер 1 айға жуық уақыт алуы мүмкін.

Музыка тындап жүріп сурет салғанды дұрыс санаймын. Музыка жанрына талғамым жоқ. Ұнаса тыңдай беремін.

Менің арманым суретші балаларға арналған арт-мектебін ашу.

Менің арманым болашақта суретші балаларға арналған арт-мектебін ашу. Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша білім алғандықтан ба балалармен жұмыс жасағым келіп тұрады.

Аймағымызда да сурет салуға қызығатын балалар көп. Бірақ бізде дамыту орталықтары аз. Балалардың өнерін дамытуға аз да болса да үлес қосқым келеді.

Сондай-ақ, жасалып жатқан жаңа туындыларым арқылы жеке шығармашылық көрме ұйымдастыру жоспарымда бар.

KAZNEWS AGENCY 

Continue Reading

100 жаңа есім

Жандолла Мандатұлы: Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға болады

Published

on

01 наурыз, KAZNEWS. Жандолла Мандатұлы Кореяда қалай стипендия арқылы білім алуға болады және қалай ең таңдаулы оқу орнының студенті атануға болатыны туралы айтып берді. 

Жандолла Мандатұлы, туған жері – Баян-Өлгий аймағы, авиация инженері мамандығы бойынша Корея Республикасының Пусан Ұлттық университетінің студенті @jandolla_

Мамандық таңдау жайында


Болашақ студенттер мамандық таңдау жұмысына өте мән берген дұрыс деп ойлаймын. Өзіңіздің не қалап тұрғаныңызды, және қайда, қандай университетте оқуға болатынын ертерек зерттеу қажет. Сондай-ақ арманыңыздағы университеттердің қоятын талаптарына бүгіннен бастап дайындалу маңызды болмақ.

Бала күнгі арманы

Мен бала кезімде ұшаққа отыруға әуес болдым. Үлкейгенде ұшқыш боламын деп армандайтынмын. Сол армандарымды орындау үшін оқушы кезімнен бастап ұшқыштар мектебіне қалай қабылдануға болатынын ұстаздардан сұрап, интернеттен көптеген ақпараттар қарайтынмын.

“Менің жолым болды”

Бала күнгі арманыма қол жеткізу мүмкіндігі орта мектепті тәмамдаған жылдары бұйырды. Кореяның Пусан Ұлттық университетінен арнайы ұстаздар Улаанбаатар қаласына келіп университетке қабылдау сынағын ұйымдастыратынын естіп қатты қуандым. Өзіме мақсат қойып аталмыш университеттің сынына дайындалдым.

Университетке түсу жайлы


Пусан Ұлттық университетіне түсудің әртүрлі шарттары бар. Математика, физика және ағылшын тілі пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуден 680-ден жоғары ұпай жинау керек. Халықаралық студенттерге IELTS керек. Мұнда 6 балл болуы шарт. Университетке математикадан сынақ тапсыру, ағылшын тілінде эссе жазу міндеттеледі.

Сондай-ақ университеттің сұхбаттасуы тағы бар. Кореядан келген ұстаздар ағылшын тілінде сұрақтар қойған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайымен IELTS ұпайларын салыстыра отырып стипендиямен оқу немесе ақылы оқу туралы шешім қабылдайды.

Мен бұл сынақтардың барлығын сәтті тапсырдым. Және арманымдағы мамандығым бойынша екінші жылда стипендиямен оқудамын.

Кеңестер

Болашақ студенттерге өз күштеріңізді сынап, 2021 жылғы Пусан Ұлттық университетіне құжат тапсыруларыңызға кеңес беремін.

Кореядағы студенттердің өмірі туралы

Біздің мектептің үлкен кампусы бар. Студенттерге қажетті нәрселерді дайындап береді. Университет ғимараты мен жатақханасы да заманауи талаптарға сай, соңғы үлгідегі қолайлы технологиялармен жабдықталған. Бұл студенттерге білім алу үшін үлкен шабыт сыйлайды.

Пусан қаласы Корея Республикасының екінші мегаполисі. «Корея Республикасының теңізді елордасы» деп те атайды. Егер Пусан қаласына жолыңыз түскен жағдайда Хэундэ аралына, Камчон мәдени аймағы мен Тхэджондэ саябағына, Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы мен Сондо жағалауына міндетті түрде барып қайтуыңыз керек.

Continue Reading

100 жаңа есім

Композитор Бердібек Дәулетбекұлы: Моңғол, қазақ тілінде әндер жинағымды шығарамын

Published

on

17 ақпан, KAZNEWS. Анасының тілеуімен өнер жолын таңдап, үлкен мақсат қойып, сол үшін талпынып жүрген жас әнші, композитор Бердібек Дәулетбекұлы Моңғолияға Баян-Өлгий аймағын таныстырып жүрген жарқын азаматтардың бірі. @dauletbek.berdibek


Өзі және музыка жайлы


Мен, Баян-Өлгий аймағы Баяннуур сұмынында дүниеге келдім. Өнерге бала кезімнен әуес болдым. Бұл қабілетім ата, апамнан дарыған деп ойлаймын. Өйткені атам Құрман Ығизаұлы өнерлі адам болған. Ал, өнер жолына түсуіме анам себепші болды. Анамның тілеуімен өнер жолын таңдап, үлкен мақсат қойып, сол үшін талпынып жүрмін.

2010 жылы Улаанбаатар қаласына келіп Моңғолияның мемелекеттік Мәдениет және өнер университетінің “Шоу менеджмент” мамандығына түстім. 1 жылдан кейін мамандығымды ауыстырып Хор Дирижер мамандығы бойынша 5 жыл білім алып, ойдағыдай тәмамдадым.

Бакалавр бітірер кезде диплом жаздым. Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, Дирижер Қазақстан Республикасының халық әртісі, өнертану ғылымының докторы профессор академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов туралы зерттеулер жасап бакалаврлық дипломымды қорғадым. Сонымен қатар, қазақтың халық ақыны, әнші – композиторы Ақан Серінің “Қара Торғай” әнін монгол студентерге 4-5 тамаққа бөліп, қазақша орындатып барлығы 4 хор әндерімен дирижорлық сынын сәтті табыстадым.

2018 жылы “Mongolia’s Got Talent” шоуына қатысып, соңғы финалына дейін жетіп, үздік қатысушы атандым.

Алғашқы шығармамды 2012 жылы 20 қараша күні жазып, оны “Ғашықпын саған әлі де” деп атадым. Бұл шығармаға ұстаздарым өз бағасын беріп, шабыт сыйлады.

2020 жылы Моңғолия Композиторлар одағы ұйымдастырған “Морин хуур 2020” сазгерлер сайысында эстрада ән жанры бойынша табысты қатыстым. Н.Минжинсайхан сөзіне, менің әуеніме жазылған “Үүдэнд чинь ирээд буцлаа” әні үшінші сатыға өтіп, үздік 3 әннің қатарына енді. Әнді орындаушы Моңғолияның эстрада жұлдызы П.Баярцэнгэл болатын.

2020 жылдың қазан айынан бастап “Арумед” компаниясы, Принцесса клиникасының директоры Жанболат Тілеубекұлы шығармашылығыма қаржылай қолдау көрсетіп келеді.  Жанболат ағаға өнерді қолдап жүргені үшін алғыс білдіремін.

Моңғол тілінде 100 ден астам, қазақ тілінде 50 ге жуық шығармам бар.

“Бидэн хамтдаа” сөзі: Б.Болорцэрэн, әні: Д. Бердібек, орындаушылары Д.Бердібек, Э.Чулуунчимэг

“Чин зүрх” Сөзі: Ш.Гүрбазар, Әні: Д. Бердібек, орындаушы Ж.Баясгалан, Э.Мөнхтуяа

“Өлгей кеші”, Сөзі: Ә.Өзгерісхан, Әні: Д.Бердібек

“Ғажайып күй”, сөзі: Шамшырақ Хаутайқызы, әні: Бердібек Даулетбекұлы, орындаушы Гүлмайра Әкімқызы, Д.Бердібек

“Бақыт нұры” сөзі: Б.Зархум, әні: Д.Бердібек, орындаушы Д.Бердібек, К.Гауһартас

“Құт мекен” сөзі: Ғафу Есенбекұлы, әні: Бердібек Дәулетбекұлы, Қазақстан дауысының 3-ші маусым жеңімпазы Мұратбек Хайролдаұлының орындауында

Мақсаттар жайлы


Алдағы уақытта Моңғол, қазақ тілінде шығармашылық әндер жинағымды шығаруды жоспарлап отырмын.

Мықты сазгер болуға әр кез талпынамын. Мен өз халқымды сүйемін. Абай, Нұрғиса Тлендиев, Шәмші Қалдаяқов әндерін тыңдағанда көкірегімді мақтаныш кернейді. Халқыма сахнада, әр тойларда шырқап отыратын әндер жазу үшін іздену жолында еңбектеніп келемін.

Continue Reading

100 жаңа есім

Алтынбек Шәкерханұлы: Сурет салу өнері атасынан дарыған 18 жастағы суретші

Published

on

5 – ақпан, KAZNEWS. Алтынбек Шәкерханұлы – 18 жаста, суретші. Баян-Өлгий аймағының орталығынан 300 шақырым алыста орналасқан Булган ауылының тумасы. Желіде @Altynbek деген атпен танымал. Айтуынша сурет салу өнері атасынан дарыған. 

Алтынбек Шәкерханұлы 12 сыныпта оқиды. Оның салған қар барысы туралы туындысын Қобда қаласының автобус тұрақтарының бірінен кездестіруге болады.

Шабытым мектеп қабырғасында жүргенде ашылды

Оқушы кезімнен бастап сурет салуға әуес болдым. Телефон, интернет болмады. Сол кездері кітаптағы суреттерді сызу арқылы суретке деген сезімім оянды. Кейін табиғатты, жан-жануарларды және айналамдағы дүниелерді сыза бастадым.

9 сыныпта оқып жүргенде салған суреті

9 сыныпта оқып жүргенде салған суреті

Қазір интернетке қосылдық. Тарихи оқиғаларды суреттегенді ұнатамын. Танымал тұлғалардың портрет суретін нақышына келтіріп сызудамын.

Моңғолия Президенті Х.Баттулга, 2019 ж @Altynbek

Моңғолия Президенті Х.Баттулга, 2019 ж @Altynbek

Алғашқы портрет туындым ел Президентінің суреті еді. Бұдан кейін де көптеген тұлғалардың суретін салдым.

Қабілет пе, қанға біткен бе?

Бір туындыны салып бітіруге үш күннен он күнге дейін уақыт кетеді. Кейбір үлкен суреттер бір айға жуық уақыт алуы мүмкін. Кейбір туындыны күн демей, түн демей салған кездерім болды. Соған қарағанда сурет салу қабілетім қанға біткен сияқты. Өйткені сурет салу өнері атамнан жалғасқан деп ойлаймын. Атам ағаштан түйін түйетін шебер адам болған.

Мамандық таңдау

Әркім өзінің қалауы бойынша мамандық таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Мен суретші боламын деп мақсат қойдым. Бұл менің таңдаған жолым.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 hours ago

Әйелдер туралы ең қызықты 5 дерек

09 наурыз, KAZNEWS. Әлемнің бірқатар елдері халықаралық әйелдер мерекесін атап өтті. Айрықша сыйлық беріп, нәзік жанды аруларға құрмет көрсетті. Түрлі...

Әлемде5 days ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек1 week ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде1 week ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде2 weeks ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек3 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек3 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Басты назарда