Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Published

on

KAZNEWS – Моңғолия, Қазақстан Республикасы арасында тікелей рейс ашылып, Скат әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы 3 маусым күні сағат 04.50 –де Улаанбаатар қаласына келіп қонды.

“Ең әуелі Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына халықаралық тікелей рейстің ашылуына қолдау көрсеткен Моңғолия Үкіметіне, Жол транспорт министрлігіне, Азаматтық авияция бас басқармасына, сондай-ақ өзгеде құзырлы органдарға алғыс білдіремін. Аталмыш рейс халықаралық тұрақты бағыт болғандықтан, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеріледі. Саясат, экономика, мәдениет, гуманитарлық және туризм саласының дамуына үлес қосады.” –деп атап өтті Қазақстан Республикасынан Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті Елшісі Қалыбек Қобландин бұқаралық ақпараттық құралдарға арналған брифингде.

Photo: Ikon.mn

Скат әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Улаанбаатар бағытына әр сәрсенбі мен жексенбі күндері Boeing-737 ұшағы арқылы бір жағына 144 жолаушы тасымалдайды. Улаанбаатардан дүйсенбі мен бейсенбі күндері сағат 06:00 ұшып, Нұр-Сұлтан қаласына 08:30-да қонады. Билет бағасы $240-$250 АҚШ доллары, екі жағына $460 –дан.

Скат әуе компаниясының Қазақстан териториясына 55, халықаралық 25 бағытта рейстері бар.

Моңғолиялық жолаушыларды үшін Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодардан ыңғайлы түйістер күтіп тұр.

Ал, бүгіннен бастап Моңғолия – Қазақстан қонақтарын қабылдайды!

Әлеуметтік желідегі парақшасын көре кетіңіз.

Моңғолияда

Қазақстаннан Моңғолияға маусым айынан бастап тұрақты әуе рейсі ашылады

Published

on

KAZNEWS – 2019 жылдың 3 маусымынан бастап Қазақстан және Моңғолия астаналарының арасында тұрақты рейс ашылады. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Тікелей рейсті «SCAT» әуе компаниясы іске қоспақ.

«Жаңа халықаралық әуе рейсінің ашылуы  екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен туризмді дамытуға, мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға бағытталған.  Бұл рейс екі ел бизнес нысандарының арасындағы іскерлік байланысты да нығайтуға ықпал етеді», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Министрлік өкілінің айтуынша, тұрақты рейстер әр бейсенбі мен жексенбі күндері қатынайды. «Ұшу уақыты бір бағытқа 3 сағат болмақ. Әуе рейсі «Boing-737» ұшағы арқылы жасалады» , – деді Айбек Смадияров.

 Scat Airlines Mongolia – парақшасы

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумы өтеді

Published

on

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі моңғолиялық бизнес өкілдерін 2019 ж. 4-5 маусымда Ұлан-Батыр қаласында өтетін Бизнес-Форумға қатысуға шақырады.

Өтетін жері: Blue Sky Hotel қонақ үйі «Diamond» залы.

Шараның ұйымдастырушылары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы.

Шараның мақсаты – қазақ-моңғол кәсіпкерлері арасындағы қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Қазақстандық тараптан өңдеу өнеркәсібі, машинақұрастыру, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салалардағы ірі тауар өндірушілер қатысады деп күтілуде. Бұл моңғолиялық қана емес, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін өзара серіктестік орнатуда, ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынас құруға, екі елдің бір-бірінің нарығына жол ашуға орасан зор мүмкіндік болмақ.

Continue Reading

Моңғолияда

22-23 наурызда “Қазақстан білім күндері” көрмесі өтеді

Published

on

KAZNEWS – 2019-шы жылдың 22-23 наурыз күндері Монғолия, Баян –Өлгий аймағында «Қазақстан білім күндері» – Халықаралық білім көрмесі өтеді.
Көрмеге Қазақ елінің 30-ға жуық үздік оқу орындары, атап айтсақ:
Назарбаев Университеті, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университет, Қазақ мемлекеттік медициналық университет т.б. Қазақстанда үздік сапада білім беріп отырған университеттер бар .
Бүгінгі таңда Қазақстан – Орталық Азиядағы білім хабына айналу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандық университеттердің мұндай үлкен «білім хабына» айналу мүмкіндігі де, сапасы мен әл-ауқаты да жеткілікті екендігін айта кеткен жөн. Бұл орайда, Қазақстанда білім алудың бірнеше артықшылығы бар:
• Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу стипендияларын жеңіп алу мүмкіндіктері
• 2 дипломдық оқу бағдарламасы
• Жоғары білімнің қолжетімділігі
• Заманауи білім беру технологиялары
Егер сіз Орталық Азиядағы ең мықты оқу орнының студенті атанғыңыз келсе, ағылшын, орыс, қазақ тілінің өз қалаған тіліңізді таңдай отырып білім алам десеңіз, Қазақстандық оқу университет өкілдерінен тікелей кеңес алып, бағытыңды таңда!
Естеріңізге сала кетейік, көрме 22-23 наурыз, сағат: 10-18:00-ге дейін, МДТеатрының артындағы «Махсум» қонақүйінде өтетін болады.

Continue Reading

Title

Әлемде2 weeks ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан Республикасында Президент сайлауы

­Соңғы айларда Қазақстанда тұрғындарды ғана емес, әлемді елең еткізген саяси өзгерістер бірінен соң бірі орын алып кетті. Елді басқарып келген...

Кітаптан үзінді...3 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...3 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Іскер6 months ago

Инфографика: Моңғолияда 10,000 вебсайт бар

Сайттың интернеттегі адресін домен деп атайды. Сіздің дәл қазір оқып отырған сайтыңыздың адресі kaznews.mn, бұны адрес ретінде де сайттың аты...

Кітаптан үзінді...6 months ago

Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті. Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген...

Іскер6 months ago

2017-2024 жылдың трендтік IT-мамандықтары

CareerCast сайтының командасы АҚШ-та әйгілі болған еңбек және бос жұмыс орындарының ІТ-нарығын сараптап, жұмыс берушілер үшін маңызды және еңбек ақысы...

Кітаптан үзінді...6 months ago

Әлеуметтік желіде балалардың суреттерін не үшін бөліспеу керек?

Бүгінгі күнде әлеуметтік желі культі деген тұжырым өріс алып келе жатыр. ХХІ ғасырда пайда болған бұл сөз келесі іс-әрекеттермен түсіндіріледі:...

Сөзге тиек

Advertisement

Өзекті